Зікір-Самғау, Әлқисса

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері-9; Зікір 45

Толқынды сәуле бойға еніп,

Ішіңе өтіп дарыса.

Боқтығың шығар сыртыңа,

Бет жүзіңді ұялта.

Қиянның құсы шарықтап,

Мен мұндалап көкке ұшса.

Тау шайқалып жер бетін,

Түсірмей сызат қорғаса.

Қараңғыда қалған жандары,

Қарманудың болмай амалы.

Жәдігөйдің еніп есіне,

Үнін салса пайғамбар.

Бес парыздың біреуі,

Жолында Құдай ақталар.

Көрмес көзді бағалар,

Қазақтан шықса даналар!

(Маусым 2018 жыл)

****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *