Зікір-Тақырлану,Тоқыраудан шығу

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері-9; Зікір 52

Жалғасын тапқан жақсы сөз,

Жанға жарық сыйлайды.

Келеке еткен қалжың сөз,

Жан жарасын тырнайды.

Самалдай ессе жұпар сөз,

Тебірентіп жанды баурайды.

Дөрекі шыққан кіржің сөз

Жүрекпен жанды улайды.

Тер төгіп етсең көп еңбек,

Етіңнен шығар арам тер,

Етіңнің жібін жібітіп,

Сүйекке өтер сөз өнер.

Тән болды жанға қас дұшпан,

Болсада қорған жанға тән.

Арам сөз буды суытып,

Тоңдырып жанды қар қылған.

Құлы боп жаның нәпсіге,

Бәйшешек қарда солдырған.

Өлі жан, көзден нұр қашқан,

Бүгінде көп қой ант ұрған!

(Маусым 2018 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *