Зікір-Қылықсыз көңіл  

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері-9; Зікір 51

Қылықсыз көңіл,

Кірбіңсіз ажар.

Қажетін өтеп адамның.

Алаңсыз тұрған,

Ажары сынған.

Алыпқа бермес көп азық.

Қылығы түзде,

Сөздері біздей.

Керек етпес әйелзат.

Матауы берік,

Атауы ерік

Алдырар оны көңілге.

Шат-шадыман,

Өзі сөзге жылмаң

Қажет етпес өтеуін.

Құр сөзді құрап,

Ырғақты қалап

Не пайда бар мұныңнан?!

Қызыңды бойдан,

Аздырған ойдан.

Қылығы жыннан.

Етексіз қалсаң,

Ақ жаулық болмай,

Жан өнбек қайдан?

Арттағы майдан,

Қылықсыз көңіл,

Шыға алмас сайдан!

(Маусым 2018 жыл)

****  ******

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *