Иман ол ғайып несібең

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №2 40

Тоғыз жолға торап бар,

Сегіз батыр жол тосқан.

Тоғыз бен сегіз ұстасқан.

Көбейіп осылай жарысқан.

72-дінде бағыт боп,

Діншілер бір-бір топ ашқан.

Сегізді білу міндетті,

Жарықтың саны бір текті.

Пайғамбардан сүннетті,

Жаныңа берер шырақты

Тазартушы Ахмет,

Бұл жолың болған рахмет.

Дәстүр мен алып сегізді,

Ұлтыңа тән жоба боп,

Діні қазақ берілді.

Халаф, сәләф, масһабтар,

Дәстүрімен қазақ өрілді.

Електен өтіп жобалар,

Тура жолға телінді.

«Өлі риза болмай тірілер,

Байымас рухы көрінер»

Көрмесең бейне рухыңды,

Білмейсің ішкі сырыңды.

Кезбесең іздеп иманды,

Алладан болған үкіммен

Әулиеңе жанмен жиғанды.

Жалғану міндет серікке

Серігің жолдас иманың,

Бұл сырға кім иланды?

Халәф, сәләф масһабтар,

Қылмайды сөзге еш тоқатам,

Тазарса рухы шалқақтар,

Сенімді, иман білім деп

Адасқан сонан бұл топтар.

Оқымай құран санменен,

Інжілді білмей мәнменен.

Жалғанбай Тәурат қанменен,

Исламды бөлек дін қылған,

Бара дінің болған ортасы,

Бірлігі діннің бұзылған.

Құранда сырлы аят бар,

Қабірде саған тұрақ бар.

Ұмытқан елдер қабірді,

Кәпірлер деген жауап бар.

Сүреге 73-ші қарашы,

29-санды парасы.

Кісіліктен белгі боп,

Толық намаз тәубе, деп

Сүресінен Жынның биік тұр,

Жер кезіп нәсіп ізде деп,

Насихатына  аяттың қарашы.

Толық орындап намазды,

Алладан серік аласың.

Серіксіз пенде бола ма?

Жалғанбай ата рухына,

Көлеңкең өсіп тола ма?

Артыңнан сенің кім ерді,

Ескертіп түрлі сынақтан

Жаныңа ақыл кім берді?

Иманмен жүрек жалғану,

Шырағы жанның көз қару,

Көзбенен ымдап жұмсайтын

Інің жүр алда бол тату.

Мойына жаға салатын,

Құраның алған парасын

Жаныңның біл ағасын.

Ермесе арттан туысың,

Шайтанмен болар жұмысың.

Саудаласып әулие досыңмен,

Алғайсың кісі, іс білген.

Иманың саған көрсетер,

Әулиден нұрмен жетілген.

Кітабын оқып тылсымның

Жаман мен жақсы іс көрген.

Аға мен інің ұжданың,

Кеудеңде тұрған, бар жаның

Төртеуін түгел бірлесең,

Оқысаң намаз жөн болар.

Сенімен қорғап күнде сен.

Атаңнан мұра бұл жанның,

Жаннатан берер сыйларын,

Жұлдыздан нәсіп жиғанын

Төбеден келер иманың.

****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *