Масһабшы молда имамдарға

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 50

Талай жылдар жұмаға,

Құлшылық қылып Құдайға.

Ұйыдық көп жамағат,

Келу үшін тәубаға.

Құдайдан түскен хабарын,

Он бес жыл болды жазғанмын.

Тәпсірмен білім алғаның,

Тура жол емес, деп масһабың.

Шариғат болса парызың,

Тура жол парыз, әрі қарызың.

Болар еді онда дін ісі,

Міндетті боп бүкіл жандының!

Тураны көп жан іздейді,

Сираттан көбі өтпейді.

Миғражға шыққан ұжданды,

Қазақта ғана көп, дейді.

Жетпіс әулие шығыпты,

Шапағатшы сапқа тұрыпты.

Ясауи баба салған із,

Ата жолы дәстүр болыпты!

Қателік тән жындарға,

Мас болған жас діндарға.

Оқыса намаз бес уақыт,

Айналдық, деген құлдарға.

Басы, аяқ, білек жалаңаш,

Жын-шайтан ерткен үлкен жас.

Мешіттің ішін толтырды,

Қыз-қатын сасық болған нас.

Құдайдан келген аяны,

Уақимен және баяны.

Нұр Астана атты мешітте,

Жын соғып молда құлады.

Ібіліс келген жұмаға,

Тұрыпты бізбен қатарға.

Сәждеде басты тигізбей,

Күледі қарап қуана.

Жақында түсті белгісі,

Тарызыға түсіп дін ісі.

Мешітке ұлықсат жындарға,

Қалауы кімге енгісі.

Тақуа, сопы үлкендер,

Мешітке деп, әзір кірмеңдер.

Көрсеткен еді аянмен,

Имамдарға түсер белгілер.

Сонда бардым жұмаға,

Мешітті дінші қия ма?

Ауырлап бойым қиналдым,

Түсініксіз бұл сөз наданға.

Сұрадым қайта хабарын,

Көрсет, деп істің амалын.

Жеті айға тиым мешітке,

Дегенді Раббым бармағын!

Біртұтас қазақ ағайын,

Ұрпағы бір ата-ананың.

Бөлшектеп жатыр діншілер,

Жалғаны көп масһабың!

Билікте жоқ сана, иманы

Арсыздықтан жоқ елді тыйғаны.

Ібілістің бұл да жобасы,

Мешітті ластап былғады!

Ел биліктің бұл да арқасы,

Арттарына ерткен шайтанды.

Дүние ісін білген, мал табар,

Басқарған дінін жол табар!

Сөкпеңдер бізді молдалар,

Табысар қайта күн туар.

Халықты қинап,тазартып,

Құдай да қайта жол салар!

(Қаңтар 2018 жыл)

***  ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *