МАХАМБЕТШЕ

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №2 63

Мұнарда мұнар күн,

Сөз айтып талай ұғар кім.

Қашан күнім туар деп,

Күтпеген мен ұланмын.

Тегім қазақ номадпын,

Арсыздарға күн бермей,

Оқтай, ыстық сөз аттым.

Көтін ашқан қатынды,

Итке теңеп сұлатым.

Арсыз, ұятсыз қыздарды

Шаршамай талай ұялтым.

Тексіз талай қаншықты,

Аруақпен атып сұлатым.

Есі кеміс басшыға,

Махамбетше сөз айтым.

Дат, деп ел басшыға,

Аруақтан да жөн айтым.

Жабылғанмен діншілер,

Насихатын құранның,

Санмен жазып таратым.

Қарсы тұрып жындарға,

Ескірген рухын жаңартым.

Дертенгенді шайтанмен,

Қамшымен емдеп тазартым.

Рухы өлмеген кәпірді,

Әулие-әмби түнетіп,

Жолықтырып өлімге,

Дінге қайта оралтым.

Күтіп жүрген жайым жоқ,

Күнімді менің туатын.

Әр күнім менің арпалыс,

Ұрсаңда мейлі жылау жоқ.

Болсам да жасым қартамыс.

Халқым азып жатқанда,

Отырар қарап жайым жоқ.

Арсыздық жайлад еліңді,

Жазасын түбі тартамыз.

Тығылып қайда қаламыз?

Мен, мен, мен едім,

Дәстүрін қазақ жалғаған,

Қазаққа текті сеп едім.

Жетім мен жесір жебейтін,

Жесірі босқа жүрмейтін,

Бәйбішеге, тоқал жағатын,

Ежелгі ата салтыңды,

Көрсетіп өтсем деп едім.

Ұлтын сатқан наданға,

Опасызсың дер едім.

Дүние қуған билікті,

Өзі қазған орына,

Құтқарсам, жықпай деп едім.

Үлкендерге есі жоқ,

Күлкі болмай тарихта,

Есіңді жи, деп едім.

Адасақан ұлып діншіге,

Иман мен сенім арасын,

Жан мен рухтың парасын

Ажырата білсе, деп едім.

Пайғамбарлық қасиет,

Елшілік еді ол міндет.

Адасты дінші жарандар

Кітабын білмей тылсымның,

Оқымай жатыр надандар,

Ел билеуге құмарлар.

Дат айтпақ болған дәстүрді,

Үш жыл қамап қапасқа,

Сотамақ болды жамандар.

Ал енді шынды дәлелде,

Ел билік оған көне ме?

Сын айтсаң, заңы тәңірі,

Шоқынып босқа өле ме?

Алладан күтіп кезекті,

Сөзбенен құр мақтанып,

Шындықты білмей Құдайдан,

Несіне босқа жатамыз?

Босаса егер арқаңыз,

Құрбан шалып, зияраттап

Өзінен Алла сұраңыз,

Кісіңді-иман жаңартып,

Аруаққа қайта жалғаңыз.

Шөл далада су іздеп,

Кезбесін десең атаңыз.

Кіре алмай үйдің төріне,

Қалмасын десең анаңыз

Біреуде болса құтқару,

Жеті атаңнан жүкті алу,

Алланың жолы, бол таныс.

****   *****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *