Мәңгілік заңы

Бөлім: Өмір баспаладақтары-Қ.М. Тарыбаев 45

Шексіздікте шекарлар бола ма?

Болашағы адамзаттың қолда ма?

Жартылыс сырын ашу сұраққа,

Надандыққа салу керек томаға.

Жылды құрап, күнді айналып жер шары,

Тәуліктерде күн мен түнің құрамы.

Сыр сандығы жұлдыздардың жарығы,

Осы болар мәңгіліктің қазығы.

Адамзатта мәгіліктің бұлағы,

Пенде менен аруақтан тұрады.

Пенделердің ақыл, ойы, ниеті,

Аруақтан бастау алар бұлағы.

Жер шарына ай санлар сыңары,

Күн мен түндер бірін-бірі қуады.

Тылсымынан аруақтар қолдаса,

Жер бетінде пенделердің тұрағы.

Сыры көп қой 18 мың ғаламның,

Ой-санасы жете ме екен адамның?

Ғарыштарға құлаш сермеп жатқанда,

Сыры неде, сызат салып ай туады аспанда?

Пайғамбарға құран түскен ақ таңда,

Ай туыпты нұрын шашып аспанда.

Мұсылманның мөрі болып табылған,

Мөлдір бұлақ адамзатқа ашылған.

Бұлақтардан өзендер де құралаған,

Теңіздер де өзендерден су алған.

Кірін шайып, адамзатты тастайды,

Мөлдір бұлақ тазалыққа бастайды.

Мөлдір бұлақ бастамасы құранда,

Парызы тұр мұхит болу тұр алда.

Ақ ниетің ағысы сол бойдағы,

Арнасы сол шариғаттың жолдары.

Парызы мұсылмандық сабынның,

Кірін шайып тұратұғын ағынның.

Отырайық «арман» атты қайыққа,

Теңіздерге жол ашайық, арыққа.

Жер мен айда байланыс бар жұмақ сыр,

Бір-бірінсіз бола ма екен сұрақ тұр?

Ай бетіне күн шуағын шашқанда,

Сызат салып ай туады аспанда.

Пенде менен аруақта байланыс бар жұмбақ сыр,

Педе болмай аруақты тумақ кім?

Жолын ашып Алла нұрын шашқанда,

Мәгіліктің жолындағы адамзатта жұрнақ бір.

«Жаңа айда жарылқа»,-деп бет сипап,

Болашағын адамзаттың ойға сап.

Бас иейік мұсылманның мөріне,

Ай туғанда көк жиектің төрінде.

Мәңгілікте шекарлар бола ма?

Сыры мәлім білетұғын бір Алла,

Ақ ниетті шындық жолды қолдайық,

Мәңгіліктің заңдылығын бұзбайық.

Адамзаттың заңдылығы-толғаныс,

Мәңгіліктің заңдылығы-байланыс.

Адамзаттың заңдылығы-жалғаныс,

Мәңгіліктің заңдылығы-қозғалыс.

(Қыдырәлі Тарыбаев)

(15 желтоқсан 2000 жыл)

Мәңгіліктің себебі.

Жаралыс басы қозғалыс,

Қозғалысқа керек қолғабыс,

 Қалдырған екен  насихат

Ақ ұл болып келіп еліңе

Көтердің туын Айша ана

Ата жолын бақ туын

Бастадың ақ жол қозғалыс,

Міржақыптай данадан,

Таза бұлақ, ақ бастау,

Өсиет нахыл, сөз қалған,

Жалғанып әулие сөзіне,

Аруақтан алып ақ бата

Ақ бастауын Алланың

Болдың  Нұр ағаңа қолғабыс,

Алмадың бірақ сыбаға

Иманасыздық кіріп араға.

Салғызған елді томаға,

Қызылбастан қалған ескі жол.

Әулиесі, досы Алланың,

Жаннан өзге басқа деп,

Құдайдың басқа салғанын,

Қосылды ойбай шерік деп.

Ата-баба аманатын,

Терістеп қазақ дәстүрін,

Масһабты атап тура жол,

Қарсы жинап саған қол,

Халыққа қайғы болды сол.

Өзіңнен шықан шәкірттер,

Меңгермей ислам, тәртіптер.

Батаның алмай тазасын,

Ой түземей бой түзеп,

Аруақтың алды назасын.

Бұлақтың лайлап бастауын.

Шайтанның салып айласын,

Батыр аңғал, ел саңғал

Масһабшы қазған орына,

Итеруге септік, себепші

Елді билеген ағалар,

Кітап жазған даналар

Жағадан өзіңді алғанда,

Өсірген талай күшігің

Түзеліп жағдай ісінің,

Етегіңнен тартып қалғанда,

Қалмады жерің сағалар.

Үкім түсіп Алладан,

Жаннатан орын дайын боп,

Жатырсың ба ендігі,

Кезегің тосып бағалар!

(Ақпан 2013 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *