Орамалын шешкен аруға

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №3 46

Кешегі орамал,

Бүгін шұлғау.

Кешегі дін амал,

Ғапыл боп қалды -ау.

Сөздерің анау,

Ісің тұр мынау.

Жайдары жан-ау,

Естелік боп қалды -ау.

Қол-аруақ қашып

Жан кетсе  азып,

Құр түрден  не пайда,

Тірілей шіріп,

Шайтаның күліп,

Жын тұр ғой мініп.

Ойнас боп жынмен,

Ұйқыда түнмен.

Тағдырмен ойнап,

Құдайды алдап

Құрысын тұрысың,

Күнәнің құлысың!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *