Сағыныш назы

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №3 50

Сағынған сағыныштан жаны күйген,

Нәзік көп, айта алмай сырын бүккен.

Аңсаумен талай таңды атырады,

Бір көрсем деп ертең оның жүзін деген.

Сағынсаң ол рухтың аңсауынан,

Өзіне керектіні таңдауынан.

Көрмек, естімек, білмек болған,

Рухыңның азық іздер қармауынан.

Ал жанның күйі нәзікте ол басқаша,

Тыншымайды дәмін біліп татқанынша.

Иісін, жарығын жанның алыстан байқап,

Менікі болса дейді жанымның қалауынша.

Ғашықтық, қызғанышпен сезім өсер,

Сенімнен қуат алып, ар боп бекір.

Арды аттамай, сенімін жар ақтай білсе,

Құдайдан махаббаттың нұры келер.

Сүйсе нәзік сен де сүй оны қатты,

Нәзік ғашық болады жанмен жақсы.

Ал еркектер рухының қалауымен,

Жақсы әйел жаман ерге жанын сатты.

Ердің рухы таза болса, көп тергеме,

Сүймедің мені неге деп сөге көрме.

Жақсы әйел жаны таза, қуат берсе,

Санасы ашылып, ғашық болар бірте-бірте.

Әйел жағар еркекке назды күлкісімен,

Билеп басып қылықты жүрісімен,

Тамыршыдай ерінің көңілін тап басумен,

Жақсы әйел қанға қуат, жаныңа береді ем.

(қаңтар 2014 жыл)

***  ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *