Сопылықтың сынағы

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 83

Көп болды тылсымға сауалдарым,

Уахи, аян кітабына жалғанғанмын.

Шәкәрімдей әулиенің ізіне еріп,

Сопылықтың құпиясынан сабақ алдым.

Кемпірдің қуаты жоқ, суаты ғылым ардың,

Деген сөзді көп жылдар ұға алмадым.

Астыртын уақи келді ел кез деген,

Сынағын бұл сырдың сұрап алдым.

Анадан төртеу болып туа алмадым,

Абайдай дана ізін қуа алмадым.

Заман басқа, заң басқа, қоғам өзге,

Европаға еліктеген адамдардың.

Тәуекелге бел буып қамданғанмын,

Қарсылығына бала, қатын қарамадым.

Алжыды деп әкелерің сөз тарады,

Туған-туыс тыңдамадым жазғырғанын.

Періліктен сынақ болар сопылардың,

Ғылымнан суаты аз қылығынан қатындардың.

Аққу болса жан жарың қасиетті,

Перілікпен жалғанар сын барын.

Сопыларға міндетті қасиет жартылардың,

Араптардан орта топтық аз танығаның.

Әйелдерді тағылықпен шектеп қойып,

Ділдің тегін жетілдірмей тамырларын.

Ел кезіп дәуріш болып үлгі салдым,

Ата текке тамыр жалғап жоба алдым.

Бір ағашқа төрт тамырдан нәр беретін,

Ғылымның бұл құпиясын танып алғын!

Дәуріштіктің жапасын білмей сопылардың,

Білімге мас тақуа болған жартылардың.

Бүтіндігі әйелдердің діл қуатымен,

Өткен өмір әйелде жарты жібі барын.

Еркек рұқпен болашақтан хабар алсын,

Тектің діңі іздеп тауып тамырларын.

Бәйбішеден туған ұрпақ өсіп-өнер

Төрт анадан бір ағашқа жаннан берсе нәрін!

Діл қуаты артық қазақ аналардың,

Қарсылыққа жалғанып қан азғанын.

Қаншық, жылан қыз-қатынды тәрбиелеп,

Тірілтумен номад текке жалғанарын.

Ақ бақсылық қасиетпен өлтіріп жыландарын,

Хайуандықты ағартпақ тазарса бел қуатың.

Ерлер аз, азған қанды қайта түзер,

Аз ғана қазақ болар жалғанарын.

Өмірге ұрпақ келтіру сыны барын,

Сопылықтың бұл да амалы жақсылардың.

Әлемнің жарығына қуат қосқан,

Діл тазартып, қайта өңдеп қарсыларын!

(Сәуір айы 2018 жыл)

****  ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *