Сәждесі қазақ керуенмен!         

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 58

Өмірден талай көп халық,

Көбейтпей жанын арды алып.

Төмендеп қайта кеткенді,

Тозаққа түсіп құлданып.

Сәждесі өспек жанданып,

Табиғаттан қуат аларлық.

Өсімдік, жәндік, хайуан, құс,

Нәсілдер тозақ қайтарлық.

Сынағы заман боларлық,

Қылығың, әдет жанданып.

Қайталап нәсіл жер басқан,

Бұрынғы ісін қолға алып.

Тағдырлар ескі тоғысқан,

Топ құрып алып жарысқан.

Қайталап жындылық әдетін,

Түземекке елді жарысқан.

Үн болып, нәсіл жабысқан,

Дерт болып тілмен алысқан.

Қазаққа бәле сөзден кеп,

Терістеп ойын суытқан.

Ой жорып жүрек қарысқан,

Шерігі жынға болысқан.

Тегіне әлем жалғанбай,

Адамдық қалды туысқан.

Дүниемен өлшеп дау туған,

Елдігің жаның ұмтылған.

Ұлтшылдық атап ескіні,

Кекшілдік қуып алысқан.

Махаббат жарық таусылған,

Жақындық жібін қырқудан.

Тарылып елдің іштері,

Дүниемен өлшеп жау болған.

Тектілігің болды ант ұрған,

Даралық есім қысқартқан.

Жақындық жүйе әлеммен,

Овы мен Евіне қас қылған!

Махаббатын елдің ұрлаған,

Білімді қауым азғырған.

Тарихтың жібін тарқатып,

Бірлігін ислам бұздырған.

Құдайсыз амал қылдырған,

Тәңірсіп жерге мастанған.

Жан өсірмей, жаңғырмақ,

Зұлымдық осы ант ұрған!

Білімді қару қылдырған,

Ілімді тастап қалдырған.

Арамын іштен жаға аламай,

Ақталмай іші тарылған.

Шариғатты сенім жол қылған,

Құдайдан жоба жоғалған.

Ғылыммен иман көбейтпей,

Дінімен елді аздырған.

Іштарлар елді басқарған,

Тәңірдей заңға шоқынған.

Ғылымсыз хайуан ел болдық,

Үш байлық жолы тосылған.

Бақшасы ұлттың қуарған,

Ілімнен ой жоқ суарған.

Арам шөп өсіп біліммен,

Санасыз ұлтқа айналған.

Орақшы өлім Құдайдан,

Періштелер орып жинаған.

Рұқыңан өнім арамды,

Өртеумен елің қиналған.

Әлемнің жұрты сыналған,

Күз келіп егін жиналған.

Аз қазақ тегің бар,

Ақталар жаның жалғаннан!

***  ****

Керуені елдің тылсымнан,

Атан түйе бас болған.

Келеді жылжып қазаққа,

Сәждесі жүгі артылған.

Алты түйе арысың,

Жеті түйе жарығың.

Тоғызбен тоқтам салатын,

Он түйеге артқан азығың.

Жете мен сана ақылың,

Жалғанған тектен ар үнің.

Шешіп көр, енді ағайын,

Бар болса, ақыл намысың!

Сәждесі діннің артылған,

Ата жолмен нұры шашылған.

Изатты жандар дүниеге,

Туылар текке қосылған.

Ата жолы бұлақ, ақ бастау,

Рухымен жанға ал қолдау.

Жаңғыру деген жаңару,

Үш кезең өлім, болған дау!

Екі туып бір қалған,

Рұқыңнан рух туа алған,

Жаныңнан жан көбейтіп,

Ұжданмен қайта жаңғырған!

Сәждесі қазақ жер кезген,

Ойпатты жерден өсірген.

Құранмен сөз ағашын,

Жалғайтын көкке көлеңкең!

Аспанда жұлдыз бастарың,

Алладан сый алғаның.

Шарыңды салып қайтадан,

Жеріңнен туған жандарың!

Жаңбырдай нұр жауғанын,

Ақ ұлмен хикмет болғанын.

Ата болып, бақ жолың,

Қайталар кезек қамданғың!

Батамен рұқың көгерген,

Ақ сөйлер әулие көгіңнен.

Жаңғырып қайта кетпейтін,

Жаңару кезең өліммен!

Түзеліп сөзің, еліңмен,

Керегесі жанның керілген.

Түндігің таңға ашылар,

Жер ана қайта июімен.

Күнәні ескі жандырмай,

От пен судан өтіп–ай.

Тағдырдың ісін тазартсаң,

Шайтанға жынды қостырмай.

Жағаға соққан толқындай,

Кетпесін рұқың жүз сынбай!

Ақ иіліп сынбақ жоқ,

Ақталсын жаның осылай!

(Қараша 2017 жыл)

****  *****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *