Тектілік ізгілік істен (134)

Бөлім: Зікір өлеңдер 37

Ізгілік он саусақта,

Бес қуатпен оң солда.

Бес өнердің бар күшін,

Айналдырған қимылға.

Ата тектен қонғанда,

Қасиет болып діл қанға.

Әруақ болып бойыңа,

Қуаты ата-ана жалғанса.

Қозғалып саусақ шираса,

Бойдағы қуат босаса.

Бастағы жатқан ойларды,

Ақылға қосып айдаса.

Қозғалысы саусақ болмаса,

Бес қуаттан өнер алмаса.

Бастағы жатқан таза ақыл,

Шіриді сасып бос жатса.

Саусағын пенде қозғалтса,

Қараны іштен жандырса.

Аққа қосылар қуат боп,

Алты ай, он күн толғанша.

Салқындық ішке ене алмас,

Суытып қанды тұра алмас.

Шерік боп арам аспенен,

Дерттерге түрткі бола алмас.

Қауымын болса түзеткен,

Жүктерін алып тектерден.

Ізгілік пен екі игілік,

Меңгерер мүмін ақиреттен.

Әлемге қосып қуатты,

Ғылымнан алып суатты.

Адамдық туар жалықпас,

Қадірін Алла қоспақты.

Жүрекке жүрек қосатын,

Бір Алла өзі қуатын.

Жаннатынан жеміс жегізіп,

Нұрынан үлес алатын.

Қарсылықтар сынақ бола алмас,

Сүйікті құлын айнымас.

Жарылқар Алла нұрымен,

Әсерінсіз жалғыз тек тұрмас.

(Қыркүйек 2018 жыл)

***  ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *