ТІЛ МЕН ЕРІН

Бөлім: Ақиқат бастауы кітабы №2 86

Осы үшеуінің бірлігі ауызды құрайды Ауыз – мен. «Аузына  келгенді сөйлеу — наданның ісі. Аузына түскенді жеу — хайуанның ісі» дегендей іс, нәтиже белгісі ерін. Ол сенің  өткен өміріңнің белгісі және де болашаққа бағдарлама. Еркеліктің де, кенжеліктің де, адамдық, хайуандық істердің де белгісі ерін болып табылады.

Алыстан сермеп,

Жүректен тербеп

Шымырлап бойға жайылған,

Қададан шауып,

Қасынан тауып

Тағыны жетіп қайырған,

Толғауы тоқсан қызыл тіл,

Сөйлеймін десең өзің біл.

Өткірдің жүзі,

Кестенің бізі

Өрнегін сендей сала алмас.

Білгенге маржан,

Білмеске арзан,

Надандар баһра ала алмас.

Қиналма бекер тіл мен жақ,

Көнілсіз құлақ – ойға олақ… (Абай ата)

Тіл жан тазалығы мен ой-өрістің, сананың кеңдік белгісі. Санамен тән қалауы ұштасатын сыртқы белгісі ерін мен екі езу. Езу тән тазалығың белгісі.Үшеуі бірігіп үш қайнар бұлақ — жан, сана және тән.

Жан қалауынан достық,

Сана қалауынан сыйластық

Тән қалауынан құмарлық туады.

Осы үшеуінің қосылуынан өмірге деген құштарлық, махаббат пайда болады. Көз қалауы тек нәпсіні оятады. Тіл жаратушымыздың пендеге сыйлаған ерекше байлығы. Ана тілі – ғұмырыңның өлшемі, ол — болашағың, өткен шағың, ең соңғы алатын бағаң «мен». Оның қалыптасатын орны ерін, көрінісі жыныстық мінез. Әйел – еркек. Тәтті көркем сөз бен қарғыс, боқтық, лас сөздер белгісі тағы да ерін. Өзің суретте өзің әсемде.

Шетел тілі — тіршілік күресінің қаруы болса, ана тілі — арың.

«Сүйемін туған тілді –анам тілін,

Бесікте жатқанымда — ақ  берген білім!

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнін»                 (С.Торайғыров)

«Қанша айтсаң да ана тілі қашанда ана тілі болып қала берді. Шешіліп бір сөйлегің келген кезде бірде-бір француз тілі басқа кірмейді, ал бір жарқ етіп қалғың келеді екен, онда мәселе басқа». (Л.Н.Толстой.)

«Тіл ғылыми ойлаудың тіршілік ету, өмір сүру формасы болып табылады яғни тіл ойдың  көрінуі, ендеше бүкіл ғылым тіл арқылы өрнектеледі, осы арқылы баяндалады, білім алынады»      (Әл-Фараби).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *