Шайтан салды өрмегін

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №3 51

Қуырдақтың көкесін

түйе сойсаң көрерсің,

Құранды оқыр жетесіз,

Шариғат еді дін ісі,

Хикмет, уахи жемісі.

Құдай ісін терістеп,

Масһаб тура тегіс деп

Бес парызбен жүресің

Құраның болып жаттанды

Парсы кітап тасталды

Пән болғаннан білесің.

Арсыз өңкей жалаңаш,

Дінді танып болды мәз.

Сыртына қарап біліммен,

Кітап көрмей ілімнен

Жастар шықты тегіңнен.

Аз болса бұл надандық,

Шыққандай жердің жігінен,

Қатындардан шықты тарпаңдық

Исламды бұрып жөндемек,

Шайтаннан құрды елге өрмек.

Пайғамбарды мазақтап,

Аманатты кетті аттап,

Иттей тілі салақтап,

Тәпсір жазып парақтап

Исламды бөлді тармақтап

**** ***

Тілмен сүйіп Алланы,

Орындамасаң Ар-намазды.

Басты күтпей сыйлаған,

Не күтеді жұрт Құдайдан.

Ұялма босқа адамнан,

Ұяла біл ұлы Құдайдан.

Жаулық еді діні нәзіктің,

Етегімен мықты киізі қазықтың.

Болмаса мұндай жағдайың,

Құр тілді сүймес Құдайым.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *