Шеріктер және серік қосу туралы.

Бөлім: Ата жолы кітабы №4 95

      Әрбір сөздің, ұғымның бейнесі, өлшемі және есептік мәні болуы даусыз. Сол сияқты әрбір сөзді бейнелейтін таңбаның да қуаттық өлшемі сол өзі тасымалдап бейнелеп тұратын үннің ыдысы болып, сондықтан таңбалардың да белгілі есептік мәні, бейнесі және көрінбейтін ғайыптық кеңістіктерде тәңірлік сипаты болуы да даусыз. Және бұл қуаттардың жұп, тақ мәндерімен өзара пар болып түзілуінен белгілі мақсаттағы қозғалыс егелері яғни періштелер пайда болады. Сондықтан сыртқы әсерлер арқылы ғана басқарылатын періштелер мен ішкі «мені»-өзегі арқылы басқарылатын періштелер және белгілі бір шектердің, ақылдың шамасымен өзін-өзі басқарып іс атқаруға өсіп-өнуге, көбеюге ерікті періштелер де бар. Сондықтан періштелерді негізінен ерікті, еріксіз және аралық болып жіктеуге болады.

    Енді шеріктер дегеніміз жанды жаратылыс егелерінен бөлінген, бірақ ішкі басқарылу еркінен айырылған жетілмеген төменгі сатыдағы періштелерді атаймыз. Құран ғылымы бойынша періштелерді белгілі дәрежесіне қарай жаратушының алдын-ала жаратқан ғылымымен бірін-біріне басқаруға үкім беріп қойған. Сондықтан адам періште барлық жаратылыс періштелерінің басқарушысы жер бетінің халифасы және көкте жаратқанның орынбасары болып табылады. Көктік періштелер, нәрселер жұп негізін қалап, жерлік тақ, ал аралық осы екі негізге де қосылып көбеюге, ерікті, еріксіз түрде қозғалыста болатын нәрселерді шеріктер деп, ал көктік нәрселерді нәсіл, ру, т.б. түрлі дәрежедегі «еріктер» яғни Алланың әскерлері болып табылады. Бұл әскерлер мен шеріктерді жаннат періштелері «серіктер» арқылы басқарып, енді осы ұғымдарға байланысты; шерік қосу, шерік қату, серік қосу, серік қату және жаратушы үкімдеріне, аяттарға теріс пікірлер, ойдан пайда болған ұғымдарды теліп сөйлеу, жазу әрекеттері Аллаға ортақ қосу зор зұлымдық болып шығады. Енді шерік қосу туралы киелі кітаптарда, дін істерінде мағлұматтар жеткілікті. Соның қарапайым түрі; ар-ұят заңдылығына, салт-дәстүрге қайшы әрекеттер.

     Адам баласы өмірге ұрпақ әкелумен бірге періште, шерік, шайтан, жын өнімдерін де көбейте алатынын және бір-біріне қосып зұлымдықтық істер істейтін жындарды да, ізгілік пен зұлымдыққа қарсы тұратын жыннан түрленіп ақыл, біліммен өсіріп, кісіге айналған жоғарғы дәрежелі серік періштелерін де қалыптастыратынын көбіміз білмейміз де сене де бермейміз. Оған пайғамбарлардың қалдырған өсиеттері мен ата-бабаларымыздың тарихта нақты істермен қалдырған аманаттары түгіл құранда, інжілде, тәурат, забурде түсірген деп айтқанымызбен дәлелдеуге ғылымымыз жетпейді. Сондықтан бұл басылымның мақсаты да бабаларымыз меңгерген жан ғылымының сырларының есігін ашып көрсету ғана. Ал әрбір адам баласы өз ақыл-ойын еркіндікке шығарып, киелі кітаптарды пайғамбарлар өсиеттерімен салыстырып түсінуді меңгергенде ғана ақыл-ойдың және діннің де, ділдің де бірлігіне жетіп отырсақ ұлттық санамыз қалыптасары сөзсіз. Қандай жаратылыс егелері болсын 3 түрлі негізінен сипатта қарастыруды ұмытпай, ал арлық және жерлік ішкі сипаттары бес түрлі қуаттардың қосындысынан көктік Алла қасындағы сипаттар жұптық белгімен болатынын, есте мұқият ұстанған жөн. Көктік-құдайлық негіз 3-тен басталып, әрбір адам баласының іштегісі осы құдайлық 3 сипаттың яғни нұрдың бейнесі болады да аралық бес қуатпен қосылып 8-ге түрленіп және 8-жаннаттық қуатпен қосылып 16 періштелік сипатпен және жаратылыс қозғалыс басы 4-періштелік сипатпен барлығы 20-санымен адам баласының қуаттар өнімін періштелерін көрсетеді. Бұл жаратылыс сипаттарының негізі жан, тән тазалығының жетістігінен пайда болып, қан арқылы бейнеленеді. Сондықтан адам баласы жер бетінде қан төгуші деп аталуының өзі осыдан шығады. Ғиса пайғамбарымыз; менің қаным тостағандағы шарап деп астарлаған. Сол тостағанымыздың белгісі; Қажы баба басынан табылған қазанның белгісі жиегінде 16 барыстың және ішінде екі бүркіт пен екі жыртқыш хайуанның бір несібені бөліп жеп тұрған бейнесінен осы жан ғылымының нәтижесін елшіліктің, тазалықтың, рухани жетілгендіктің жоғары белгісін көруге болады. Ал тән жан тазалығын сақтамай шектен шыққанда не болады? Адам баласынан төменгі сатыдағы қуаттық өнімдері «нәрселер» пайда болып сонымен рухы, жаны әрекетке түсіп шерік қосылады. Аятта; «Әркімнің алады-артынан Алланың әмірі бойынша өкшелеп, қорғаушы (періштелер) бар. Расында бір қауым, өзін өзгертпейінше Алла, оны өзгертпейді. Сондай-ақ егер Алла, бір қауымға бейнет тілесе, Сонда оны ешбір қайтарушы жоқ. Әрі олар үшін Алладан өзге бір жәрдемші жоқ.» (13-11).

     Бұл аят бойынша әрбір пендесіне қорғаушы Алланың әмірі яғни шариғат үкімдері, парыздар және мұсылмандық қарыздарды орындау барысында бейнеленетін періштелер яғни жанның жарығынан пайда болатын көлеңкесі, қыбылнама өрісі болады. Осы өрістің сипатына қарай адам баласының тағдырына ескерту немесе несібе беріліп дәрежеленіп отырады. Ал егер адам баласының Алла үкіміне қарсы зұлымдықтар мен түрлі теріс қылықтармен жасаған әрекеті, сөйлеген сөздері дәл сол сипатта бейнеленіп өмірге, тіршілікке деген көзқарасы да сол бейнелер арқылы көрініп, азғындыққа ұшырауы даусыз. Сондықтан әрбір адам баласы өзінің ішкі сырының көрінбейтін сырттағы бейнесіне қарай қауым болып, өз ішкі сырын тәрбиелемей сыртын түзеп әдемілегенмен Алла оны түзетпейді, Алланың жаратып қойған бейнеттерінен қорған да және жәрдем де берілмейтіні хақ. Қарапайым бір мысал келтіре кетсек; Бірде батысқа қарай поезға мініп сапарға шығып, жолда серіктес болып бір жасы келген үлкен екі әйел заты да мен отырған жерге қатар орналасып алды да қалта тұтқаларымен үйіне, немерелеріне хабарласып жартылай қазақша, жартылай орысша жиіркенішіті былапыт сөздерін былай қойғанда, құйрықтары қайқайып, еркекше киінген, үсті әлем-жәлем және өздері кәсіпкер, мал тапқыш әйелдерге ұқсайды. Әрі-бері тоңқайып, өзі тар жерде құйрықтарын тұмсығыңның алдына былай да былай сүйкеп өтсе не шара қыласың? Бұндай жиіркенішті құбылыстан қалай құтылсам деп теріс қарап отырғанда, әйтеуір «мың болғыр» жол серік оларды басқа орынға жайғастырды. Бірақ түн ішінде олардың орнына басқа жолаушылар келіп, олар өздерінің жоғары орнына қайта келуімен жаңағы құбылыс қайта басталды. Сонан теріс қарап, терезеге көз тастап отырсам, бір үлкен маймыл маған қарап тұр. Біреулер жапсырған сурет пе, әлде терезеге салды ма екен десем оған ұқсамайды. Бір әйелдің қол дорбасының бетінде тұрған сияқты. Сонан артыма бұрылсам стол үстінде жаңағы әйелдің бірінің теріден жасалған қол сөмкесі тұр бірақ ешқандай сурет көрінбейді, ал терезеге қарасам маймылдың суреті пайда болады. «Астапыралла» деп жағамды ұстап, жаратқанның маған берген белгісі екенін, бұл әйелдердің жүрек айнасы маймылға айналғанын ескерткенін түсіндім де, бағанағы жиіркеніш сезімнің орнына енді аяушылық, өкініш сезімі пайда болды. Кейде кешкі сәуленің сынуымен немесе жаратқанның белгісімен шалбар киген қыздардың да, қатындардың да артынан кесірткенің құйрығы сияқты көлеңкенің тұман болып еріп жүргенін байқауға болады. Ал жас қыздарымыздан бастап сары қарын қатындардың үстінен кір сабынның иісінен бастап, иіс суға аралас түрлі иістердің шығып тұруы осы алды-артындығы хайуандардың, доңыздардың, түрлі жәндіктердің толық бейнесін тозақтық болашақта жаман ауруға, азапқа түсетінін көрсетеді. Жалаң аяқ, кейде шайтан дамбалмен жүретін ер азаматтардың да арттарынан осындай құйрықтары шұбатылған алдарында иттері жүгіріп жүреді. Жалаң бастарда да осындай қара бұлттың пайда болып, бірте-бірте төмендеп пендені қара өрістің, қара киімнің пайда болуын қалыптастырады. Алла сендерді тозақпен баурайды, өзіңнің мазақ қылғандарыңды жүректеріңе енгізеді деген үкімнің нәтижесі осындай өзіміздің қылықтарымыздан пайда болады.

     «Шын мәнінде сендер үшін малдарда ғибрат бар. Малдың қарнындағы қанымен жынның арасынан шыққан ішушілерге сүйкімді нағыз сүтті сендерге ішкіземіз.» (16-66) Адам баласының малы деп жыныс мүшесі мен аяқтан төменгі бөлікті атайтын болса, 8 түрлі мал болып, соның енді нағыз сүт деп жұбайлық өмір арқылы берілетін, алмасатын жыныс қуатының шарабын ескертеді. Осы сүттің әсеріне қарай ерлі-зайыптылардың бір-бірінен мінез кейде түрлерінің де ұқсай бастауы қалыптасады. Сол сияқты жаман қылықтары мен жын-шайтандық қуаттары да бір-біріне қоныстануымен орыс халқының «Муж и жена одна сатана» дейтін мақалы да осындай теріс қылықтардың әсерін ескертсе аталарымыз; «Қаралысында қатын семіреді», «Жаман еркектің басын жақсы әйел хан қылады. Жақсы еркектің басын жаман әйел даң қылады» деп әйел жыныс сүтінің еркекке беретін әсерін ескертсе; «Қатының жаман болса сата алмассың, Еліңе жақсы жігіт аталмассың», «Сынықтан басқаның бәрі жұғады» деп ескертіп «Сұлулығына су құйып ішесің бе?» деген астарлы сауалмен әйелдің тән, жан тазалығының адамзаттың несібесі ыдысы, тостағаны екенін білген. Абай атамыз; «Қатыным қалай деме ақсақал бай, Сонымен дос боп жүрсің, япырым-ай! Қу қатының майысса, мәз боласың, Шайтанның шәкіртінің қылығын-ай! Қартаң бай, қатты сақ бол, тілге көнсең, Мүйіз шығар қатынның тіліне ерсең. Тіпті оңбассың, өзіңе-өзің мәз боп, Дастархан мен қатынды мақтан көрсең.» Әйелдердің сауықшыл жеңіл мінезіне көнгіш және сырт сұлулығына мәз болған еркектің де түбінде өзі де шайтанға айналып және ондай қатынның дастарханға қойылған көпшіліктің асы екенін ескертеді. Сондықтан; «Әйел адам гүлмен тең, дымды сүймек, Көзінен жасы шықса, бойына ем. Көңіліңе дайын тұр ғой жайым менің, Дұшпандығың қатайған шығар сенің. Егер менің ішімді жарып көрсең, Жылауыңды ұмытып шошыр едің.» деп қатал еркек мінезді, ашушаң әйелдің көңілі де сондай болып, жын-шайтаны төсек арқылы еркекке берілетінін ескертіпті. Аталарымыз жұптасуды; «Көңіл қосу» деп ал көңілдің қылықтар нәтижесі екенін құранда да ескертеді. Аятта; «Әй, мүміндер! Сөзсіз әйелдеріңнен балаларыңнан (жындарыңнан, нәпсілеріңнен) өздеріңе дұшпан болатындар да бар. Олардан сақсынсаңдар.(Сақтаныңдар) Егер оларды кешірім етсеңдер, шығысыңдар, жарылқасаңдар, шәксіз Алла, өте жарылқаушы, ерекше мейірімді.» (64-14).

     Бұл аяттың шешімін де қалай шығысудың (жұбайлық өмірдің) құпия сырларын меңгерген данагөй аталарымыз; «Көшем деп отыныңды, жаман деп қатыныңды тастама» деп қатында отының екенін, кешірім жолын, салтыңды ұмытпа деп ескертіпті. Гендер саясатын қазақтан артық меңгерен әлемде елді табу қиын шығар. «Қаралы жерде қатын семіреді» деген астарлы сөздің өзінде әйелдің басын бос қоймай үнемі некеде ұстау және етеккірі тоқтағаннан кейінде семіріп шайтаны өсіп, өмірі қысқармау үшін, қаралығын жынын көбейтпей, тең ұстап тазартып отыру үшін еркектің де ден саулығын, он саулық жынын ауыздықтап тәрбиелеу үшін, әйелзатының жасы келгеннен кейін еркек жыныстық жынымен тәнінің арамданып, жаман ауруларға ұшырамай бәйбіше атанып, еркектің ақылшысы, қауымның үлгісі қылып ақ жаулық тоқал (қалдықты жағушы, тазартушы) заңдылығын да өз ретімен қалыптастыра білген. Бұл негізінен аталарымыздың ақирет заңдылығына қауымның болашағына, ұрпақтардың мәңгүрттенбеуіне, біздерің осындай бақытты заманда туылуымызға алдын-ала жасалған шариғи тағаттарымыз, салт-дәстүріміз, жаратушы үкімдеріне халықтың дұрыс қылығын, адамдардың ішкі зайырлығын қалыптастыруға арналған жан ғылымы еді. Арап елі қатындарын қараға орап қою себебі осы шайтанды өсірмеуге, үнемі күннен қызу алып тірілей тозаққа салып қойған. Христиан жұртында байы өлгенде қара жамылу да осындай себептен, шайтанның түртпегінен сақтану үшін жасалған және оны да дұрыс ұстанбай, әйел басын жалаңаштап керісінше жан ғылымын жоғалтып, әйелзатының қылығын, жынын бақа-шаян жәндіктерге айырбастап алған. Ал қазақ салтында оңай жолмен және әйел құқығына да жан-тәніне ауыр салмақ түсірмей шеше білген. Қай елдің салтында таза жан ғылымының негізі болса, сол ел тура жолда болып, оны өзіміз өзгертпесек Алланың өзгерпейтініне берілген құранда уәде де бар. Сондай берілген үгіттерді ұмытқандарға, Алла егер қылықтары бойынша адамзатты қолға алса, жер бетінде жәндіктер қалмас еді деп ескертудің астарында да көп сыр бар. Оны аталарымыз түсінде көріп, болашақта ұрпағымыз бақа-шаянға айналатын болды деп уайымдап өткен. Сондықтан да жәндіктер адам баласының теріс қылықтарының, көңілдердің шеріктермен қосылған өнімі болып табылды. Және қай елдің, адам баласының қылығы қандай болса, сондай нәрседен пайда болған азыққа құмар болып келеді. Қытай, шығыс азия, үнді елдерінің жәндікпен қоректенетіні осындайдан пайда болған. Шерік қосылу дегеніміздің негізі осыдан көңілден яғни ниеттің әрекетінен пайда болып, ал енді сыртқы кеңістіктердегі шеріктермен қосылу сөздің көлеңкесінің тазалығына, ауызды арамдап жаман сөздерді айтпауға байланысты. Егер зираттағанан шерік қосылады деген ұғымға келсек онда зират басына барып, құран оқып Алланы еске алмай, дүниенің әңгімесімен, бірін-бірін өсектеген жаман сөздермен, Алла бұйырмаған істерді, қылықтарды жасауды шерік қатуды айтады. Арнаулы ниеттеніп дәрет, киімін сақтап, құран оқылып, садақасын беріп, мал жұмсалып жаратқанға жалбарынып дұға жасалғаннан кейінгі қайбір де әрекеттер шерік қатуға да, қосуға да жатпайды да, оны айтқан адам баласы құранды мазақтап, шүкірлік құлшылығына теңдес жасап, күдіксіз серік қосып, Аллаға ортақ қосқан болып есептеледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *