Шикі мен піскен өкпе

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №3 70

Шәкәрімдей әулиеден үгіт қалған,

Болмасын деп шикі өкпе қазақ балаң.

Бай болсаң балаң жүрмесін еңбек етпей,

Жалқаулықтан піспес өкпесі қатын, балаң.

Кедейдің баласы бейнеттің дәмін біліп,

Еңбекпен шаруа қамдар, өкпе пісіп.

Ал заман келді, қатындар билік құрған,

Баланы тумаймын деп, болмаса дүние жетік.

Балаға болмасын деп дүниеден еш тарлық,

Біліммен болса ақылы, санаған есі барлық.

Көп балалы от басы болу енді ақымақтық,

Ал, онда текті  қалай ақшамен сатып алдық?

Ел билік саясаты дүниемен бай болайық,

Ұлтың қазақ, нәсіліңді кімге ұқсатайық?

Рухани байлық, салт-дәстүрің артта қалып,

Бәйбіше, тоқал дәстүрін де  қудаладық.

Бос жүргізбей қатындарды аздырмайтын,

Жан ғылымы қанын рухымен ер тазалайтын.

Сағыныштан күйіп-жанып нәпсі өлтіріп,

Парызын исламның аналар орындайтын.

Енді қатын, бала өкпесі піспей жатыр,

Балаға қызғаныш, шайтан өтіп жатыр.

Дүниемен қорқытатын шайтан енді,

Қатыннан бала өкпесіне өніп жатыр.

Байлы қатын байсыздарды жек көреді,

Жесір мен кәрі қызды өзіне қас көреді.

Өз жынысына мейірімсіз, тәкаппарлық,

Жат елдің салтын дұрыс деп біледі.

Қаны азған шикі өкпе жалпы ұлттың,

Жесір мен жетім жайын және ұмыттың.

Өле жегенше бөле же дейтін аналарың,

Тарылып көңіл қайда қалды тектілігің.

Мейірімді, рахымды болар көппен өскен,

Жаны-шеше бөлек, әкесі бір боп өскен.

Бір тамырдан нәр алған мұндай ұрпақ,

Жемісі талай ғасырға тарап кеткен.

Бөлісіп өз  қосағымен  бәйбіше аталатын,

Аналық қасиет бұл өз жанын басқаратын.

Халқының қайғысы, қуанышпен бірге болған,

Тоқалға апа болып, баласын да баға алатын.

Қанағат, сабыр керек мұндайда меңгеруге,

Ендігі қатындарға бұндай мінез жетеді ме?

Баланы да еңбексіз, мұқтаж қылмай өсіргенмен,

Қандары тазарып өздігінен өкпесі піседі ме?

Өкпешіл ұлт болып дүниеге даурығамыз,

Өкпелесек көшеге шығып, билікпен жауласамыз.

Қатындар өкпелейді баланы тумаймын деп,

Ал ер болып тоқал алса жабылып  жазғырамыз.

Япырмау мұнан қалай текті ұлт боламыз,

Қан азса енді жүз жылда жоқ боламыз.

Ұлтың қазақ, нәсіл-қылығың түрлі-түрлі,

Миың болсаң ойланшы, мұны қалай тоқтатамыз?

(қаңтар 2014 жыл)

***  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *