Ғалымдық пен кемешілік…

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №6 85

Кемеші болған еді жиһан кезген,

Үлкен бір шаһарға келіп кірген.

Сапарлас болуға ниет қылған,

Ғалымды мінгізгенді дін меңгерген.

Сөз жазумен, дін білімін ғылым көрмек,

Шырын сөзбен сұқбаттасу болып ермек

Кемешіні айыптады  білімсіз деп.

Кім тең келіп кемеңгерге жауап бермек.

Еңбекпен мал тапқан өнер бөлек

Көңілің қасқырдай қара демек.

Грамматика сөз өнерсіз дінді білмек,

Өмірдің жартысы сенің босқа өтті деп

Кемеші бұл сөзге іштей налығанды,

Жауапсыз сөзін ғалым қалдырғанды.

Өмірдің талай сынын өткерсе де

Надансың деген сөзі қатты батты.

Бір күні алай-дүлей дауыл соғып,

Кеменің де қирайтын болды шағы.

Әй ұстаз көрдің бе деп суда жүзіп,

Дегенді кемеші де сұрау беріп.

Суда жүзу өнерін үйренбедім

Жауабы болды ғалым кемеңгердің.

Еңбекке өмірдің жартысын беріп келдім,

Ал енді сен сөзді қуып нені көрдің?

Өміріңнің бәрін енді жоғалтасың,

Артыңда із де қалмас меңгергеннің.

Құлшылығың құтқара алмай себепшіден,

Қалайша айырылғансың күзетшіден?

Адал еңбек мал тауып қан тазартпай,

Не болмақ құр біліммен тәпсір білген?

Өмірдің теңізінде жүзе білген,

Кемесін өнер атты аз меңгерген.

Кемені басқаруға талап керек,

Ақыл-ой, адал еңбек ниет деген.

Өнердің құпиясын, ісін білген,

Мен де бір кемешімін жүзіп көрген.

Ер жасына келгенше еңбек етіп,

Талай өмір кемесімен жүзіп көрген.

Кеме көп бұл теңізде жүзіп жүрген,

Көрмекке ғалымдардың сөз меңгерген.

Кемесіне кешке қарай мініп едім,

Талай сын естігенмін тілшілерден.

Араптан сөз туған деп дінші ғалым,

Жазбаларың біліксіз деп сынын алдым.

Ата жол, әулиелер адасқан деп,

Атаған масһаб білім жаннат бағың.

Надансың, сауатсыз деп атақ алдым,

Ел биліктен заң жүзінде тиым алдым.

Буын жоқ, мақам жоқ деп ақындар да,

Өлең үгіт сөздерім болмай таным.

Жастар бар бұл кемеде қызық көрген,

Білім қуып, ақылды тілші, дінші деген.

Адал еңбек теңізінде жүзе білмей,

Ет ауртып, өнер біліп тер төкпеген.

Қиямет  дауылы бар сынақ деген,

Қозғауға ақыл-ойды қуат енген.

Өлімнің жүз себебі алдыңда тұр,

Бұл дауылдан талай кеме суға кеткен.

Дәстүрді ата-баба  мирас деген,

Ар білімі екі қолға ескек берген.

Қайығың адал еңбек, мал қуатың,

Кімде болса сол аман қалмақ екен!

(қыркүйек 2014 жыл)

****   ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *