ҚАЗАҚТЫҢ ТЕГІ- ІЗБӨРІДЕН

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №2 60

Туылғаны қазақтың бөріден,

Алаштың еді тегінен.

Алашты баулып баптаған,

Қасиет ол анамыз Ізбөріден.

Сақтың еді бұл басы

Он алты еді тайпасы.

Талай сынан өткізген,

Адамзатың бұл парасы.

Алты жасар Алаш баланың,

Ойнап жүріп аңдамай,

Өлтіріп досын, байқамай.

Баласы еді көсемнің

Басқарған елді шешенің.

Жазасы өлім болатын,

Басын шабу есердің.

Жасынан ала туылған,

Құдайдан бұл белгі деп,

Баланың басын шаба алмай,

Қорыққан еді ырымнан.

Іздеген басқа шараны,

Билер беріп  жазаны.

Ашығып тауда іздеген

Алсын деп аңнан қазаны.

Бір жеті жетер азықпен

Анасымен бірге үңгірге

Аласталып елден жыраққа

Екеуі бірге  қалады.

Не өлу, не жеңбекке

Тағдырға бар ма амалы.

Билердің болған шешімге,

Кім қарсы тұра алды?

Алаш ата тауда өсіп,

Тіршілік үшін күресіп

Меңгерді сырын өмірдің.

Таудың санап тасында,

Талай аңды аңдумен,

Меңгерген ерлік жасында.

Ізбөрі болған анасы

Жалғыздықтан қайыспай,

Үйреткен ну тоғайда

Жастайынан Алашты,

Тіршілік үшін таласты.

Жат та қылмай ел жұртқа,

Үйреткен сөздің парасын.

Маугли бала ер жетіп.

Анасы болған Ізбөрі,

Мейрімінен оны баптаған,

Жабайы тағы ит қылмай,

Тегін сақтың сақтаған.

«Бөрі» асыраған  деген сөз,

Тауда қалып ақталған,

Қалған осылай сақтардан.

Баста туған ала боп,

Аталған сонан Алаш деп.

Алаштың аты Ұра, деп

Ізбөрі ана еді атаған.

Һаруағымды қолда деп,

Әкесінен «Һаруақ»  ат қалған.

Бөрі азғы жолда, деп,

Һаруақты құдай қолда, деп

Осыдан нақыл сөз қалған,

Қазақтың нәсілі тектілік,

Анадан көрген естілік

Ну тоғай таудың ішінде

Өлімен күнде егескен,

Тағы болмай тірескен

Бабамыз осылай шыңдалған

Бөрі асыраған аталған.

Жиырма бірге келіп жасы да,

Түскен таудың басынан.

Алтай Жүрсін бабамыз,

Тәжін шешіп басынан,

Хан көтеріп Алашты,

Абыройын еді асырған.

Жаулатып күллі әлемді,

Дінін сақтың таратқан,

Қала салған бар елде.

Тостағанда күміс жазылған,

Есіктен еді табылған.

Жиырма екі қала аты бар,

Сақтан ол жазу оқып ал.

Тостағананың егесі,

Сәукеленің киесі.

Ұлсайдай Емер анамыз,

Егіз ұл, бір қыз өмірге,

Қос емшегін идірді

Қазақ пен Созақ егізге.

Алаштан шықтық осылай

Жалғанған сақтың тегіне.

Қыздан Зейнеп тараған,

Талай рулар християн.

«Ура» деп ұран ат алған.

Қажыдай баба қасында,

Белгі емес пе туысқан?

Алтын, деп адам аталған,

Жары еді Алаштың анамыз,

Қан тегің қазақ таралған.

***   ***

Есікте жатыр бабамыз.

Және бар ол Есікте,

Алтайдай Жүрсін данаңыз.

Із Бөрі ана жерленген,

Зияраты жатыр Есікте,

Тағзымен талай иілгем,

Ескертіп мұны жазып ем.

Діннен бөлек заңың бар,

Ел билікте мұрсат жоқ,

Уахи-аян, кітапсыз

Діншілердің іші тар.

Мақтан қуған ілімсіз

Ғалымдарда иман жоқ,

Жансыз, шерік сенім бар

Әулиеліктен нышан жоқ.

Дәстүрің –дінің осылай,

Өлілерің қалды сыйланбай

Шаң топырақ астында,

Мұрғаттар жатыр қазылмай.

Бастарына жай салынбай,

Құраның жатыр оқылмай.

Һаруағың тектің қолдамай,

Бірлігі кетті еліңнің,

Тірілмей рухы жеріңнің.

Өзге елден іздеп жүк алған,

Дүниге ғана мас болған,

Опасыздар шығып араңнан

Еліңді сатқын сарт қылған.

Қазағым жайың осындай.

Шежіреңді де жат қылған.

***   ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *