Үйлену парыз, Үй болу-дәстүр

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №2 53

Оқыдым нәзік жырын ұрпақ көрген,

Ұл туып, тәрбиесін жетік білген.

Ғашықпын, деп ұлына жыр жазыпты,

Еркек жоқ, деп, оған енді тең келетін.

Бір мысалмен ағалық беріп кеңес,

Бұл қылғаным жесірлерді мазақ емес.

Жар болып ерге, бір ұлды туған екен,

Ертеде әйел еді, тұран елін қылған мекен.

Ері ораламай, өліпті сұм соғыстан,

Қорғап жүріп отанын келген жаудан.

Қайғырып, қазасына белді буып,

Ұлын күтіп, жар сүйюден басын тартқан.

Өсірген жалғызым,- деп көзі жардың,

Тұяғын тәрбилеп, аналық беріп нәрін.

Сүйгені де енді, тек ұрпағы ұлы болып,

Ер жетіпті ұлы да қатарының алды болып.

Анасының еңбегін, қадірін біліп өскен,

Азамат боп меңгеріп  дәстүр, салтын

Анасын ақ сүтін ақтамаққа ниет еткен

Арқалап анасын, Меккеге бағыт алсын.

Кеш батып, бір өзенге келіп тірелгенді,

Қайықшыны арғы беттен көзі көрді.

Айқайлап; бізді өзенен өткізші,- деп,

Қайықшыға бергі жақтан сәлем берді.

Қайықшы  да, айқайлап сұрады кеп,

Арқалап кемпірді деді, қайда барсың, деп.

Бала айтты; ақ сүтін анамның ақтамаққа,

Арқалап, ниетендім  Меккеге апармаққа.

Апарып, Мекеге кемпірді не бітіресің,

Онанда,  шал тауып қосшы, өмір сүрсін.

Дауысын қайықшының кемпір естіп,

Сыбырлап, деді бала мұны қайдан білсін.

Жаратқан барлық нәрсе жұппен пар қып,

Қосылсын дегендей бір-біріне ынтазар боп.

Баяндап, көзбен көрген істің, мән жағдайын,

Тағдыр білген, кемпір мен шалдың жайын.

Ауылға жолым түсіп ертеде барған едім,

Сол күні бір көрші шал бақиға қайтқан еді.

Көңіл айтып,  иманды болсын, айтып,

Жиналыпты көрші, көлем және халық.

Алыстан құда мен күйеу бала қызы келіп,

Әкешім,-деп  жылған қызы қатты өксіп.

Кемпірі, көрісіп, құда-жекжатпен болған соң,

«Жылайcың бақырып неге»,-деді ұрысып.

Өзің неге дауыс қып, жылап отырсың?- деп,

Сауалды қойды қызы, шешесіне көзін сүртіп.

«Жылама, сенің балаң, қасыңда байың да бар,

Ал мен, әкеңді сыйлап  күткен еңбегім бар.

Өлмегенде енді қалай әкеңді сүрлемекпін?

Сексен үшке келгенше қартайып өмір сүрді.

Мұңымды айтып, енді кіммен ұрыспақпын?

Жылаймын тарқай ма, шеріммен, мұңым енді.»

****      *****     ****

Қазақта талай текті, нәзік жандары бар,

Бірі түссе сынаққа, бірі бағын теуіп,

Біреулер бала туып, күйеуі өліп

Жесір боп, ұрпағын жалғыз бақанда бар.

Құдайым босқа әйел, еркекті жаратпады,

Әйел отын, ал еркек отынды жаға алады.

Түркілік дәстүр осыдан қалған екен,

Жалғыздық, деген Құдайға тек  жарасады.

Әйелдер отынымен жыныстық жүктеледі,

Жаға алмаса, семіріп не ісіктерге түрленеді.

Майымен ұрықтық  жанады ер азаматтың,

Жатырдан шығар жарығы боп адамзатың.

Мұсылманда парыз болды неке салты,

Тумаса да баланы, отынды түгел жақшы.

Жаның берген жарығын жетілдіріп,

Әйел, еркек жұптасу өмірден алар хақы.

Болмаса әйел отын, еркек маймен қапталасың,

Тозаққа мұны жағу үшін жаныңмен тасталсың.

Қайта басып жер бетін, ұл қыз болып,

Қарама қарсылық жағдаймен соталасың.

Тағдырлар бар түрлі-түрлі қарасайшы,

Біреу бай болса, ұрпаққа неге жарымайды?

Ал біреулерге тағдырдың қатал сыны болып,

Тәкәпарлықты қой, дегенге де бұл ұқсайды.

Тағдырың  жұптасудың нұрынан басталады,

Тәубең, құлшылық, сәзжде нұрмен ақталады.

Жаныңа жұбайлық нұрды жүктей білсең,

Шежірең, болашақ ұрпақтар тегі де сақталады.

Әрбір ер, нәзік жандар үлесін қосу керек,

Жан жарығын, көбейтіп өсіру дінде міндет.

Жаралған жан қайтадан жер басады,

Шежіреден өзі берген нұрынан алар көмек.

Жалғыз жүріп бақытты болдым демек,

Сырты ғана қампиған іші қуыс дөңбек.

Ал дүниенің қызығымен болдым демек,

Жалғыз жүрген жандының да нұры сөнбек.

Бала әйелге жұп болмас, мүлде бөлек,

Ұл оңаша жарымен, қызыңның үйі бөлек.

Тоқалы бол, мейлі осырақ шалың болса,

Шәйін құйып беріп, ұрысқанның жөні бөлек.

Әйел сенің егінің қалған кезіңде бар,

Құдайдың үкімі мен құранда аяты бар.

Жалғыз басты, үйленбеген еркек көрсең

Аш жүрген, шөлдегі түйеге ұқсап тұрар.

Бір-біріңнің киімісің деген де аяты бар,

Байсыз, жесір әйел күйеусіз қызды көрсең,

Жалаңаш киімсіз, су періге ұқсап тұрар.

Ал еркек, сыпайыдай тоңбай, тек қалтырар

Жеті қабат өрісің, адамзат теріңде бар,

Әр қабат терінің, өз киімін зейнетін ал.

Бойы толық жетілген нәзіктердің,

Ер бойының «дағына»  берер үлесі бар.

Арманы әйелзатың еркеке ұқсас болу,

Бұл әдет жан әсері, киімін ердің іздеп тұру.

Ерінің ұрығы таза, маймен сулы болса,

Көгілдір киім зейнетін жарына қылар тарту.

Жесірлермен, байсыздарға кеңес болсын,

Нәзіктер жинап отын жағуға оны некеленсін.

Ал, еркектерге аталардың жолын берсін,

Жерін өртеп, егін сал, рухыңнан дәнін сеуіп

Киімін бер, жаны жылып, рухы өсіп, өнсін.

От сөнбесе ошақта, тұрар онда наның пісіп,

Тоқал ал, бәйбішең  қадіріңді біліп жүрсін.

   (Маусым 2013 жыл)

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *