ҮШ «ӘМИН»

Бөлім: Дәстүрлік ғибраттар 57

Кағб ибн Ужра  әңгімелеуде:
«Бір күні Аллаһ елшісі мінберге бір саты жоғары көтерілгенде «Әмин» деді. Екінші басқанда тағы да «Әмин» деді. Үшіншіде тағы айтты. Мінберден түскеннен кейін:
– Уа, Алланың елшісі, бүгін сізден бұған дейін көрмеген қимыл көрдік. Не екенін түсіндірмес пе екенсіз? –дедім. Сонда ол:
– Жәбірейіл періште келіп: «Рамазанға жете тұра (ораза ұстап) күнәдан тазармаған адам оңбасын», – деді. Мен «Әмин» дедім. Екінші сатыға шыққанда, «Сенің атыңды ести тұра, салауат айтпаған адам оңбасын», – деді. Мен «Әмин» дедім. Үшінші сатыға шыққанда, «Әке-шешесі қартайғанда, соларды бағып ризалығын ала алмаған адам оңбасын», – деді. Мен тағы да «Әмин» дедім, – деп түсіндірді».

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *