ӘРУАҚ, АРУАҚ ПЕРІШТЕЛІКТІҢ ДӘРЕЖЕЛЕРІ

Бөлім: Аруақ-Жүрек, Бір 78

Періштемен аруақтың айырмасын талқылайтын мезгіл келген ау шамасы. Сайт бетінде сауалдар қойыла бастапты. Әрине мұндай сұрақтарға жанама жауаппен масһабшылар түрлі пәтуалар бергенімен де жүрекпен қабылданбайтын ойы келіспеген сөздерді енді қазақтың рухани ояна бастаған ер, әйелдері қабылдауы да қиын шаруа.

Енді құраннан періштелер туралы мағлұматты оқып көрсеңіздер 2,3, 4,5 қанатты періштелер туралы айтылады. Адам атаға қызметке тұрған періштелердің тек Алланың бұйрығын орындаушы жансыз рұқпен байланысты белгілі бір тербелісті атқарушы екенін білдіреді. Әрбір адам баласында тән ағзаларының жұмысын атқаруымен 41 періште қызметке тұрғаны және 41 түрлі қозғалыс тербелестік жиліктің адам ағзаларының қызметін жасайтынын да білген жөн.

Бұл Алламыздың біздерді махаббатпен жартқанына да кепілдік болмақ. Біздер ақылды пенде тұрғысында тән ағзаларын қозғалысын басқара алмаймыз, тек жақсы жаман жағына қарай себепші ғана боламыз. Біздің барлық ағзалардағы періштелік жүйенің Алладан берілген аманат жаны арқылы басқарылып тұрумен белгілі бір жобасы тағдырымен атқарылады да. Ал тағдырдың да біздің ата -бабаларымыздың өмір сүрген тіршілігіндегі жақсы -жаманды әрекеттеріне тәуелді екенін де естен шығармайық.

Барлық қозғалыс әрекеттердің қолмен атқарылып оның өрістік сипат алуымен қол әруақ барлық періштелердің бірлігі болмақ. Баланы періште деп барлық періштелік қуаттардың бейнеленуі болғанымен оны ақылмен қолдық қозғалысқа өнерге айналдырумен әруақтық періштеге бейнелейміз. Және жан арқылы ақылмен басқарылумен әрбір адам баласы екі қол әруағын өсірумен екі қанаты періштелік жанның жүйесі де пайда болмақ….

Масһабшы діншілердің әруақты тек рұқпен байланысты деп түсіндіруі надандық қана. Адам баласын рұқы бой өрісімен, ақылдың қуатымен жанның сарайы, кісілік бейнесі болса, ал қол әруақтық бейнесі жанның қанаты болмақ. Тозақтағы кісі қолсыз, қанатсыз сипатта болатынын құранда ашық баяндаған. Періште жанаттық жарық сипатта болмақ. Сондықтан да жас баланы -қол қанат, деген қазақта. Олай болса әруақтық сипат екі қанаттылықпен жоғарғы және қанаты қайрылған, сыңар қанатты, мүлде қанаты жетілмеген төменгі тозақтық тасипаттары болады.

Ал аруақ 2,3,4,5,6,7 қанатты күрделі басқарушы періштелік жартылыс болмақ. Енді әрбір пенденің жанның жарықтық қуаты бой өріспен, кісілікпен рұқтың жағдайымен, ал қасиеттілігі аруақтық қанатымен қозғалысқа керек қолқабыстық қуатымен, ғылыммен, кереметілікпен бейнеленбек. Алланың барлық сипаттағы жаратылыстық періштелері қозғалыстары кісілікке бейнеленіп, ал сөзі, ғылымы жанға айналумен бейнеленсе, ал оны іс әрекетке айналдырушы қол аруағы болмақ.

Әрбір адам баласының жаны, жүрекпен бейнеленіп жарық нұры болса, кісілігі тектілігі, аруағы қасиетілігі болып жер бетінің барлық істерін атқарушысы болып Алла тағаланың орынбасары болмақ. Біздер ата-аналарымыздың кісіліктерінен нәсілі болып өмірге келіп әруақтарын да өсіру арқылы жанымызды өзіміздің әруағымызды да өсіріп көбейтеміз. Ол үшінде Алланың өзі біздің жанымызға ақирттен жандық қуаттарды қосып бірлеп отырумен жаннаттан қуат алмасумен ғана мүмкін болмақ.

Сонымен Адамзаттың құлшылығы арқылы 7 түрмен,негізгі жоғарғы әлемдік жилікпен, 7-күн жарықпен байланысты әруақтық, аруақтық періштелігі ғылыммен, тағдырмен бейнеленуі керек. Енді әр пенденің тазалық тақуалық, әулиелігіне қарай 2,3,4,5 қанатты жанды меңгеру мүмкіндігі бар. Ал 7 қанатты Алла тағалалық сипат және ол Мұхаммед пайғамбарымызға оның артынан сапқа тұрған шапағатшы біздерге тән жаралыс болмақ….(Қыркүйек 2017 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *