• Бірде Бөлтірік шешенге сөзден сүріндірмекші болған төре:
    -Азбайтын, тозбайтын байлық қандай болады? Қайтпайтын, таймайтын қолдаушың мен қорғаушың қандай болады? Жарығы тұтас елге түскен қасиетті шырақ қандай болады? Жел жетпес жүйрік, асыл текті пырақ қандай болады?- деген сұрақтарды жаудырады. Сонда Бөлтірік:
    – Дүниеде азбайтын байлық біреу,
    Ол-ақыл.
    Дүниеде тозбайтын байлық біреу,
    Ол-ақыл.
    Дүниеде таймайтын адал қорғаушың біреу,
    Ол-ақыл.
    Дүниеде жарығы тұтас елге түсетін қасиетті шырақ біреу,
    Ол-ақыл.
    Дүниеде асыл текті жел жетпес пырақ біреу,
    Ол-ақыл,- деген екен…•

Comments

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *