Қан тек ағашы(262)

Бөлім: Зікір өлеңдер 141

Зәйтүнің бар қасиеті,

Шипасы тиер адамға.

Жапырағында бар құдіреті,

Тең келетін иманға.

Құнары оның азаймас,

Қанша қатты сықсаңда.

Оныншы теңге жанына,

Төзімділік қабілет болғанда.

Әйелге тән зәйтүндік,

Қуаты болар қанында.

Жақсы әйел ұлттың дәрісі,

Саулық қосар қан суға.

Шарабын берер қанынан,

Еріне иман боларға.

Бойынан кетсе жылулық,

Төзімнен қуат жоғалса.

Қураған қу ағаштай,

Жемісі улы жанарда.

Тік қарап еркек көзіне,

Суық жылан іште тұрарда.

Қарашықта қадірі,

Он үш рет қуат қосарға.

Жер рұқынан ажырар,

Ұяты көзден жоғалса.

Діңгегіне құрт түскен,

Ер басын төмен тартарға.

Намысы ердің жоғалып,

Етекбастылық боларға.

Бөріксіз, жеңсіз әдетті,

Сезімге ақыл байларға.

Ардан сауыт кие алмас,

Шымырлықты жоғалта.

Әйелде болса ұят, ар,

Төзімді қайта шыңдарға.

Айбат пене айбарлық,

Еріне қанмен қосарға.

Ел діңгегі зәйтүндік,

Затынан әйел табарда.

Елдіксіз ұлт тегі азар,

Естілер бар ма ұғарға?

Тектілігі үш ағаш,

Зәйтүн рұқпен жалғарға.

Әлемге ортақ бір текті,

Үнімен құран аларға.

Шамында май жоқ нәзіктің,

Зәйтүннен жапырақ солғанда.

Дүние байлық, біліммен,

Бой түзеп иман болар ма?

Мініңді таппай өзіңнен,

Тектіге пенде санама.

Санасызсың сан білмес,

Білімді өлшеп аларға.

Ұрғашы отыз тамырдан,

Шайтаныңды жағарға.

Тек ағашын өсірер,

Қаныңда май жоқ жанарға.

Өлген балық көзіндей,

Сөз түсінбес ұғарға.

Ұғымсыз, жетесіз,

Ой астарын аларға.

Сөзінде май жоқ таматын,

Ананың тілін айтарға!

(Наурыз 2019 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *