Өмір тозақтан бастау алады.

Бөлім: Ақиқат бастауы кітабы №2 55

          Тозақ туралы қай халықтың да дін таратушы мейлі ғұлама, мейлі молдалардың түсіндіруінше ол ғайып белгісіз бізге көрінбейді, бір жұмбақ болмыс болып түсіндіріледі. Ал шындығында құранда солай ма?

         Төрт кітапқа иман келтіру туралы көп айтылады да, жалпы мұсылман дін таратушылары  басқа кітаптарды оқу күпір, дұрыс емес деп түсіндіретіндер де бар. Ал  ғылым ше? Забур немесе «Зоостризм» танымы осы  тозақ әлемінің ғылымы болып түсірілген.  Бірақ өзгеріске ұшырағандықтан тек Құранға  және Сәни  дәптердегі  қойылған атаулармен жүйелесек:

Жаһаннам. «Жаныңды жаһаннамға жіберейін бе?» дейді кейде ашуланғанда қазақта. Сол жаһаннам дейтініміз жер мен көк арасындағы жердің беткі және жер асты  қабаты мен жер бетінің және үш аспан кеңістік арасын айтады.  Оған әрине бұлттар да кіреді. Ситужын – Ай сәулесі түсетін жер бетінің төменгі ойпаттары, үңгірлер, қараңғылық қуыстарды білдіреді. Сақар . Жердің қуыс жолдары, жердің жұмсақ қабаттары жатады. Суыр – көкке ұштасып тұратын жер бетінің суық, мұзды бөліктері.  Жер бетінің  төменгі суықтық бөлігі болып табылады. Лаза – Сәуір айында  топырақтан пайда  болып шығатын  басы оң жаққа қарай бұрылып тұратын 3 бунақты кесіртке және сол тұқымдастар. Шөлді жерлерде, шөлді далаларда алып түрлері де кездеседі. (Шағатай тілінде ылғалды жерді мекендейтіндерді мешін деп атаған). Хауна. Екі белгісі болады, бірі аспанда бұлттарда аяғы жоқ жансыз көгілдір түсті болып мойны ұзын үш бунақты «динозаврға» ұқсас болып келсе, жер бетіндегі белгісі түйе.  Я, кәдімгі шөл далада өмір сүретін түйе тозақ сарайы болып есептеледі.. Хатма. Үш бұрышты жақтардан құралған 11 бетті алып мұнара болып, ұшы жер кіндігіне бағытталып  жоғары төмен қозғалыста тұрады.  Жердің ортаңғы қабатында 450 қа бұрылып жарық сәуле шығысқа қарай бағытталады (Бермуд үш бұрышына) және жер асты сулары  теңіздері осы алып мұнарамен жылытылып өзі салқындап жер тербелісін  жүрек соғысын қамтамасыз етеді. Осы жер тербелісінен көк 7 қат  аспан кезек-кезек тербеледі. «Тозақтың жеті қақпасы бар, әр қақпаға олардан  бір бөлігі айырылады (Хажыр – 44). Яғни жер  бетінде осы тозаққа кіретін жеті белгі бар. Жеті түрлі тербеліс жиілігі болып, сол тербелістерді қабылдайтын орындар белгіленген.

  Басты тозақ  яғни  тіршілік бастауы болып «Хатма» жер асты ошағы саналады. Жаһаннамда жаратушымыз  жаратқан нәрселерін  санап тауысу қиын да және адамзат білімі жетпейді, үнемі өзгерістерге ұшырап отыруы шарт.  Білетініміз бар, білмейтініміз әрине одан да көп. Сол жаһаннамда  адамзат та тіршілік етеді. Негізгі тұрғыны адамзат болып,  басқарушы халифалық та  адамға жүктелген. «Сендерден тозаққа келмейтін ешкім болмайды. (Бұл) Раббыңа  тұжырымды, міндетті бір үкім». (Мариям -7) «Жер жүзін бір  жиналыс жері  қылмадық па? Тірілерге де, өлілерге де» (Мүрсәләт -71) Демек бүкіл жандардың кездесетін орны жер жүзі болып табылады. «Адамзат еңбегінің  нәтижесін  жедел көреді (40). Сонан соң еңбегінің  бодауы толық береді (41).  Күдіксіз раббың тиянақтайды (42) Шын мәнінде күлдірген де жылатқан да ол (43) Өйткені  өлтірген де тірілткен де ол»  (Нәжім – 44) Қаншалықты жинаған жарығыңа байланысты ұзын өмірге жолдама беріледі. Қайта өмірге жолдама алып отырады. Сондықтан да тозақтық және жаннаттық белгілер пенде баласына туғаннан қасиет, ерекшелік жоспары болып жазылып, белгісін ерекшелігін көрсете бастайды, бірақ оны оймен білу, анықтау мүмкін емес. Тек тәрбие арқылы ғана бір қалыпқа бағыттап, сол қасиеттерді меңгеруге себепші болмақ.

     Өмірге келгеннен бастап адам тіршілігінің  бар нәтижесі, өз еңбегінің бодауын алып соған қуанып ләззат алу яғни нәтижесі күлу, қуану, ризашылық сезімдер жиынтығынан, көрген, жасаған тіршілік бейнетінің зейнетімен ғана бақытты сезінеді.  Екінші көрінісі қиындық,  машақат, нәтижесі жылау, қайғы, азап өмір деп аталады. Осындай екі түрлі белгімен жан дамиды, болашаққа бағдар алады. Яғни сынақ өмір деп аталады.  Осы екі нәтиженің  аз көптігімен емес тек ақиреттік есеп нәтижесін болжап, жан ғылымымен ғана бағалап,  бақыт деген өмір өлшемі шығады. Демек бақытты болу — тақуа болу яғни қанағатты меңгеріп, сабырмен өмір сүру тек жаратушы бұйырған ізбен ғана жүру. Себебі адамзат несібе жағынан соңғы нәтижесімен ғана теңестіріледі тек ақиретте. Сол мәңгілік болашақ өмірге шығар баспалдақты ғана бақыт есігі дейміз. Мәңгілік өмір бесігін тербетуге жету. Оған да сынақтар арқылы көтеріледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *