Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-fareast-language:EN-US;}
Көзден аққан жас жақсы жылағанға,
Таза көңіл, қарсылығы арамдарға.
Арсыздықтан байғұс жүрек арамданса,
Сен жыласаң жүрек оған қинала ма?
Қайғының себебін білмей жылағанға,
Қан тазарып, қуат бойға қосыла ма?
Бойы жоқ тұрпайыны қыз атаймыз,
Бірақ нәзік –биязы боп атала ма?
Нәзік әрі жанды дейміз қыз баланы,
Періштелік символ нәзік аталады.
Жанды деген махаббаттың мәні болып,
Тұрпайы, жын бейнеде жан бола ма?
Жансыз мұндай әйел заты қинала ма?
Бойын сезіп сұқ көздерден арлана ма?
Әуреттерін ашып жүрген жалаңаштап,
Тас жүректен жылап жасы шыға ала ма?
Жас пен жылдың көп болар айырмасы,
Жас терімен бой жарықпен байланады.
Сүйек түгіл сөз өтпейді терісінен,
Нәзік жан деп ондайлар атала ма?
(наурыз 2014 жыл)