Тауық тоймас тамаққа,
Жаны тұрған тозақта.
Туу керек жұмыртқа
Аллаға айтпақ мадаққа.
Алла «хақ» деп айғайлап,
Жар салар туса жұмыртқа.
Бұрынғы бұл жан еді,
Өмірі қызық сән еді.
Бала тумай, бай көрмей,
Қатындық парыз жоқ еді.
Енді байы қораз боп,
Зорлықшымен араз боп.
Тумақ міндет жұмыртқа
Жанды өсірмек азап боп.
Бес тауыққа бір қораз,
Қызғаныш жоқ дүрдараз.
Адамдық жақсы мұндайдан,
Тоқал да болып туа алсам,
Раббым мені қайтарсаң,
Құтқаршы мына қораздан
Әйел болып жер бассам.
Киімді байлық ойламай,
Байсыз енді жүрмеймін
Еркекті сыйлап пір деймін
Төртінші қатын болса да,
Еркексіз күн көрмеймін.
Уәдем осы нәсілдік,
Деген талай қыздар көп,
Келіп қайта өмірге,
Әніне басқан кесірлік.
*** ***