Ұлтжанды боп аталмақ,
Ар білімін ұстанбақ.
Дәстүр-салттың қадірін
Кісі болып сақтамақ.
Ұлтжанды болар ес білсе.
Ынсап, ұят, қанағатты жөн көрсе.
Дәстүр-дінін ар тұтып,
Ата жолын меңгерсе.
Адал еңбек, өнер меңгерсе,
Мал тауып зекет мол берсе.
Әділдік пен бірлікке шақырып,
Тентегін елдің жөндессе.
Жетімді сипап қол берсе,
Есіркеп жесірді дем берсе.
Тарыққан кедей мұқтажға,
Еңбек қыл деп жер берсе.
Иманды ісін ел көрсе,
Азамат деп сыйлап ер көрсе.
Ұлтжанды текті атауға,
Лайықты болар жұрт ерсе.
Әулиеліктен сөз қалған,
Ұлтжанды кісі аталған.
Қазақта көп құт болған
Елін жаудан қорғаған.
Бүгінгі жауың жын-шайтан,
Арсыз қатын, қыз болған.
Шолақ дамбал, жалаңбас,
Жыннан-шайтан ер болған.
Аруағынан айырылған,
Қолтық кеуде ашылған.
Арсыздықтан қан азған,
Ұлттың жанын жоғалтқан.
Ұлтжанды боп аталсаң,
Тый еліңді арамнан.
Тақуалық қылып сұрансаң,
Көп тілегі көл болған.
Ризалықпен бақ қонған,
Алланың досы кие алған.
Мирас боп асыл қасиет,
Аруағына жалғансаң.
Мал жаныңмен соғысып,
Көгін отан тазартсаң.
Санаға ақтан қуат бер,
Біреуді болса да құтқарсаң.
Көбейіп қуат ұлт жанынан
Дін арқылы соғысқан.
Ақылдан қуат өсіріп,
Иманға дем қосылған.
*** ****