БҮГІН МЕНІҢ ТУҒАН КҮНІМ

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №3 342

«Бүгін менің туған күнім ой пәлі-ай»
Мұқағали ол да өткен тойламай.
Жаратушым жолын берсе әкемнің
Өтер едім ат-шапанды ойламай.

Желтоқсанда жер бетіне мұз қатып,
Алпыс үште әкем жанын сыздатып,
Шешем байғұс қырық жеті жасында
Туды мені төрт күн ұдай толғатып.

Төрт күн бойы жатып алғам көлденең,
«Бозқасқа», – деп шалған әкем көк дөнен.
Қырсыздарға қыр көрсетіп құрсақтан
Кенесары жолын қуып келгем мен.

Ол кезде әлі соғыс зары бітпеген,
Бала түгіл баспен қайғы жұрт деген,
Әке-шешем шашы ағарған шағында
Кенжелетіп мен келер деп күтпеген.

«Бүгін менің туған күнім ой пәлі-ай» –
Өткендер көп туған күнін тойламай.
Жаратушым жолын берсе әкемнің
Өтер едім ат-шапанды ойламай.

Туған күнім қыстың басы, мұз-қарлы.
Шығара алмай жүрмін бойдан ызғарды.
Басқалардай баспен емес аяқпен
Туғаннан соң мұз бетінде із қалды.

Жоқ іздейтін кім бар екен ізімнен,
Кім бар екен сыр ұғатын сөзімнен,
Сарыарқаны арқыратып боз айғыр,
Боз даланы боздатқанда боз іңген.

Жерорта жас, бозғылт тартқан сезіммен,
Желтоқсанда боз қыраулы көзіммен,
Боз төбеде бозторғайға телмірсем,
Жырымды оқы, мін іздеме өзімнен.

Бүгін менің туған күнім, я, Құдай!
Жорғалатшы қаламымды қинамай,
Шырылдаған шындығымды жазайын
Опасы жоқ ат-шапанды жинамай.
(М.Ахм.)


***   ****

Мұқағали ақынға ұқсап «Ой пәлі ай»,

Айтты Мұқаң мұңын «Ой пәлі ай».

Сарыарқаның дарабозы Мұқам-ай,

Дүрмекті естіп арқасының қозғаны ай.

Жыланда да үш кессең де әл бар ай,

Кесірткеден қала қоймас жорғалай.

Мен білетін Мұқаңдарда бар әлі,

Жас жігіттен кем де емес қуаты-ай.

Қарайлама көп артыңа Мұқам-ай,

Керуен келеді еріп артта бірталай.

Желтоқсанда суық қарда гүл ашқан,

Ұландар бар қазақ атты халқыңда-ай.

Сыр ұғатын сырлы сөзден бірталай,

Бізде келдік ер жасына ортаға-ай.

Алда жүрген ағалар көпір салса,

Неге қарап жата аламыз біз шаппай.

Әлі талай түгендейміз жоқтарды-ай,

Өткендерден қалған ізді жалғап-ай.

Дүбір шықса елеңдеген жастар бар,

Ал бастаңдар, біз кетеміз қостап-ай.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *