Сөз бен үннің жүйесінен таңба туар

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 88

Қазақтың сөзі ұзын деген Абай,

Сөзі рұқпен бейнеленбек үніне сай.

Еркек пен әйел сынды некеленіп,

Таңбасы киесі елдің мекені жай.

Ібілістің жолына түскен оңай,

Жеңілдікпен бөлінуге білімге сай.

Ақылдың тәрбие, қасиетін ұмыттырып

Білімді ақыл, ғылым қылдырғандай.

Қысқартып үннің санын артық қылғай,

Есепті білмегендер есек болды-ай.

Құдайсыз амал қылып тек өсірмек,

Болашағын ұлттың көріп тұрғанындай.

Жетеден сана туып ұждан шықпай,

Мәңгілік жанға қуат бермес Құдай.

Тәңірсіген қазақтың көп білімдісі,

Сана түгіл жетесін де меңгере алмай.

Латыннан таңба алып деген оңай,

Некесін қидырмай қосылғандай.

Шошқа деп жазып итті бейнелейтін,

Жетілмеген үннен семіздік дерті шығар ұдай.

Үн көбеймес таңба алып сан арттырмай,

Сөз байлығы арта ма үн қосылмай.

Болашағын артынан алған елдер,

Тарқатқан Алла жібін қатындардай.

Таңбасын елдің берген өзі Құдай,

Әр елдің таңбасынан қуат жалғай.

Сәуегейлер артымен бал ашады,

Ділінің қасиетін сырын аша алмай.

Ұлттың коды өлшемін сырын таппай,

Жолдаудың қасиеті болады ма ай?

Ой жорыған құрсын деп лағнеттеген,

Аятпен үкім берген бұған Құдай!!

(Мәуліт айы 2017 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *