ҚАЗАҚТЫҢ ТЕКТІЛІГІН САҚТАУ ШАРТТАРЫ

Бөлім: Ата жолы намаз ерекшеліктері мен ғылымдық маңызы 146

   Қазіргі таңда тектілікті сақтаймыз деп «Ов, Еваны» жойып, әке, ата есімдерін қайта атқа айналдыру деген сияқты тектілік жүйені үзудің ібілістік ақылдың негізделуіне байлауды мақтанға айналдырып алғандар басым көпшілік.

  Бірақ судың да сұрауы болады дегендей, мұның қасіретін ұрпақтарымыз тартатынын әзірге қызу, мастықтан ажырай алмай жүрген, ой жорушы білімді қауымға түсіндіру қиын шаруа. Сонымен бірге қыз баланың күйеуінің ныспысына ауысуы немесе шешесінің әкесіне тіркелулері де көп кездеседі қоғамда. Енді осы жағдайға Раббымыздан сұрап тоқтала кетсек:   1. Қыз баланың нағашысының ныспысына тіркелудің қандай рухани зияны бар? Раббымыздан; Жүрекке жүк түседі. Ақыл кемиды. Қалқанша безінің қызметі өзгеріске түседі. Зор (шамадан тыс) қуатты болып, бастағы сақина сияқты аурулар пайда болады.   2.Қыз баланың тұрмыс құрып күйеуінің ныспысына тіркелуден қандай рухани зияндылық бар? Раббымыздан; Кіндіктен үзілу, ажырау қаупі артады. Құйынды өрісінің 7 күндік өлшемі бұзылып, діңгектенуі түзіледі. Иыққа салмақ түседі. 4 құбыладан ажырайды. Қорқаулық пайда болады.   3. Ал енді ешқандайда ныспылық белгіні (фио) алмай әкесінің қызы болып қана тіркелсе рухани зияндылық бар ма? Раббымыздан; Күдік, күмән жаулайды. Төсегіне салқындық түседі. Арқауы қатаяды. Үндестік заңы бұзылады. Жарық үзіледі. Хақиқат келмейді. (Ал енді әкесі, атасын ат қылып тіркеп алудың зұлымдығы, «ов, ева» жалғауынан ажыраудың тектілік жүйесін жоғалтумен байлысты екенін қанша жыл бойы хабарын жеткіздік..) (Қараша 2017 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *