VI-Перілік жүйемен оның белгілері туралы

Бөлім: Жын-шайтан және перілік 155

Алла тағала барлық жаратылыстың әсемдік, сұлулығынан жақсылықпен махаббатты жаратқанды. Сұлулық, әсемдіктің ең жоғарғы сипаты көркем сөз болып, әлемнің сөзден жаралғанына дәлел болмақ. Әсемдіктің үнін, жарық нұрын жасыру үшін барлық жанды нәрселерге киім беріп, жансыздарды ондай нығметтен құр қалдырған. Адам ата мен Хау анамыздың да сұлулығын, сөз нұрын жасырып тұрған зейнеттік өрісін жоюға қайың тектес шырша ағашының жемісін жеумен қара қуаттардың енуімен, жындылық сипатқа яғни жалаңаштанып қалған еді.

Сонымен жер бетінде адамзаттың екі түрлі бейнесі болады да; жындылар сыртқы сұлулыққа, көргенге ғана табынып, өздері де әйтеуір бір жерін жалаңаштап белгісін көрсетеді, жындық өрістен киім алуға тырысады. Зейнеттік киімі қараңғылықтан болып қалыптасады, жануарлық жандық сипатта болады. Ал адамдықтың бірінші белгісі киіммен тәнді қорғап, зейнеттік жарық киімін қалыптастырып, қалайда жанға әлемнің барлық әсемдігінің сырын жасырып көбейтіп, өсіп-өнумен байланысты болмақ. Сондықтан да ішкі жан дүниесінің мүліктерінің сұлулығын арттырумен, Алла тағаладан түскен парыздарды сақтаумен ерекшеленеді. Ібілістің де мақсаты осындай әсемдік ұғымды терістеумен, жалған әсемдікті көбейтумен байланысты болмақ.

Мұның басында сөздің ойын терістеу адамзаттың ұғымсыздығын қалыптастыруға діннен қолайлысы да жоқ. Адамзатты діні азса, діннен бас тартып білімді ақыл қылып өмір сүрсе болғаны, өздері-ақ ібілістің ұрпағына айналып алады. Әрине мұны перілік жүйесіз атқару қиын. Себебі әрбір ұлттың қалыптасқан салты, адамдық қағидалары болып, оны меңгерген білімді, ілімді қауымды періліктің ықпалымен өз ұлтына қарсы әрекет жасауға да, білімнің ойын терістеп атақ, шен, мансапты, дүние байлығын меңгеруге жәрдем береді. Діл әлсіресе барлық адамдық құндылықтардың біліммен бейнелеленген жасанды сипаты осындай ұлттың іс басында жүрген беделділері арқылы оңай атқаралады.

Сонымен әлемдегі салыстырмалы түрде ең азған халық қазақ елі болып саналады. Себебі қазақ елінде дін, ділі ең жоғарғы дәрежеге жеткен ел жоқ. Оған дәлел барлық әлемнің негізгі пайғамбарлары мен тегі де қазақ елінде белгісі болып, жер ойпаттарының ең жоғарғы киесі болып табылуында.

Осындай өзіндегі құндылықты бағаламай, рухани тұрғыда өзінен әлде қайда төмен тұрған елдерге өнер-білімдерін үйрену барысында арсыздық салтын да қоса алуымыз кешенді түрде басталғанда, қияметтік сынақтың да үкімі басталып еді. Әрине бұл алдымен жақсылықты көбейтуге, адамдықты қалыптастаруға деген елдің ынтасын арттыруға ата жолында Ақ ұлдың Құдайлық үкімдерді атқаруымен және ол көркем сөзді, сөз асылын халықтың жүрегіне дәнін егумен байланысты ерекше бір хикметті уақиға болған еді тарихта.

Енді болған деуге де себеп, қазіргі таңда бұл хикметті жоғалтып алып, аз ғана топпен оны қайта жандандырудың әрекетінде күресіп жатқан жайымыз бар. Қандай уақиғалар болсын, Құрандағы жасырын тұрған аяттармен байланысты екені де хақ. Ата жолы болып басталған бұл хикметті істің Інжілмен, Ғиса пайғамбарымыздың көрсеткен ғибраттарымен оның артыннан ерген сахаба-елшілерімен байланысты екеніне де ашық дәлел бар құранда, інжіл жазбаларында. Ғиса пайғамбардың келуімен байланысты христиан діні болып, малдық қуаттарды күнәдан ақталудың барлық белгілері амалдары да пайда болған еді.

Және ол замандарда қазіргі таңдай жанды аздыратын білім мен ілімнің жындық қарсылықтары мен арсыздықтар да көп болмады. Сондықтан аяқтың тазаруы да исламмен Мұхаммед пайғамбармен орындалып, маңдай көзді жүрек көзімен жалғануды бас арқылы орындаған елшілігі болды. Мұны «Назереттік ант» қазіргі кезде біздердің қажылыққа барғанымыз сияқты шашты алдырып, маңдай көзді басқа қол қойып ашу тәсілі болғанын інжілде баяндайды. Кейіннен Мұхаммед пайғамбарымызға құранның оқылуы табан арқылы жүрек құлағымен есту қасиеті болып, ал маңдай көз арқылы да көкпен құс жолымен жалғанып, елшілік ісін жалғастырып сүннеттерін қалдырған еді.

Енді ата жолында Ақ ұлға келген Құдайдың мұғжизасы арқылы жүрек құлағы ашылып, табан арқылы жер анадан хабар аруақтардан батасы халыққа оқылып және бұл хикметті орындаушы аққу, сұңқарлардың мұндай бақты ұстап қалуы да сынақ болғаны хақиқат. Сондықтан бұл жағдай жалпы көпшіліктің меңгеруі дінде бұрын болмаған кез келген адам баласына жүрек құлағын ашумен хабаршылыққа жалғану хикметі еді. Бұл негізінде сопылық тұрғыда Мұхаммед пайғамбарымызға жалғанған, қуат қосқан әулиелерге тән қасиет болғаны хақ.

Сондықтан бұл қасиетті меңгеру тегінде әулиелік МЕН ғылым дәні барларға тиісті болып, олар енді шариғатты жетік меңгеріп тарихат, мағрипат, ақиқат бірлігін қарапайым тұрғыда дәстүрге жалғауы шарт болды. Бірақ араға ібілістің ұрпақтарының енуімен, бұл хикметті істі Ақ ұлдың кезінен бастап бұрмаланумен кез келген көтін ашқан, басын қорғауды білмеген, қол-аяғы жалаңаш арсыздардың да аққу, сұңқар аталуына жол беріліп ақ батаның қадірін жоғалтуға өзіміз қызметке тұрып алдық.

Енді бұл сынақта інжілмен байланысты кезінде осындай жүрек көзін ашуға 11 сахабаны тәрбиелеген де, кейіннен олар арқылы жүздеп ашылғандар Ғиса пайғамбардан басқа енді адамзатта мұндай қасиет болмайды деп елді алдаған да еді. Бұл қалайда өздерінің меңгерген қасиеттерінің баламасы жоқ деп өздеріне ғана тән қайталанбайтын ерекшелік қылып, халықтың табынуын талап етумен, Ғиса пайғамбардың атынан Аллаға ортақ қосу амалы болып, көп құдайшылдықтың негізін қалыптастырды.

Қазіргі таңда Ақ ұлдың жақын шәкірттері көмекшілері болғандар да; «Ақ ұлдық бұл қасиет баламасы жоқ, ол енді басқа ешкімде қайталанбайды» деп сөз таратып, Аллаға ортақ қосып, Ақ ұлды тәңірге балап, астыртын біреулері жүрек ашып (құлағын емес жындарға арқа ғыпырларын жалғап), енді біреулері Ақ ұлымыздың баласын азғырып, сен орнына тұрасың деген әрекеттер жүріп жатқан жайы бар. Мұның астарында елдің көңілін қалайда жалған батаға байлап, шариғат, тақуалық, құран үні Құдайдан ғана келетін нұрмен байланысты екенін, Ақ ұлымыз Құдайдың құлы үкімін орындаушы болғанын, оны меңгеруге көбейтуге түсіргенін қалайда жасыру ғана. Адам баласының бір-біріне үйретуі арқылы өркендеп көбеймейтін нәрсе Құдайдың өзіне ғана тән болуы шарт.

Ғиса пайғамбарымызға; «Сен мені құдай қылыңдар деп айттың ба?» деген Раббымыз. «Жоқ Раббымыз мен сенің үкіміңді оларға жеткізуші орындаушы болдым, сен менің қасымда болдың, енді ақиретте мен сенің жаныңдамын» деген аятта. Сол сияқты осындай шәкірттердің Аллаға ортақ қосуынан да Ақ ұлға ақиретте сұрау болып, жауап беруге мәжбүрлеп жатқанда, осындай өзінің жақындары екенін біле жүріңіздер. Жалпы ата жолында Ақ ұлымыз арқылы келген бұл хикметтің қозғалысы еріксіз түрде жер ана арқылы жалғанған аяқпен байланысты болып, халықтың ұйқысынан оянуына, сөз ұғымдарын меңгеріп түсінікпен нанымының қалыптасуына ақылдың қалыптасуына негізделген еді.

Сондықтан да бұл хикметті жағдай дінші, білімді қауымдықтар үшінде қорқынышты қауіпті қозғалыс болып танылғаны да сөзсіз. Ешқандай білімді меңгермей ақ, дінде басқа да тіршіліктің саларында дарындылардың пайда болуы және ақылдың жетесі арқылы санаға есік ашлуы еді. Ал мұны алдымен елдің билеушілері философ, дін ғалымдары ақын, жазушылар меңгеріп, ғылым мектебін қалыптастырып ата жолынан алдағы дамуына бағыт бағдар көрсетуге арналған еді. Керісінше бұл ағайындарымыз іштарлықпен қалайда бұл қазақтың екі күнін жабуға қызмет қылып, әлі күнге дейін жалғасып келе жатқанына және мұның басында ата заңның кепілі ел басымыздың өзі тұрғанына да таң қалуға болмайды.

Болашақта ұрпақтарымыздың жаға ұстатар тарихтағы бір қанды қырғын дерегі болып қалары да хақ. Сонымен ата жолының ішінде де ұғымдылықпен, сөз қадірін меңгеру арқылы біздер құранды тікелей меңгеріп, үніне жалғанып, қалайда бұл Құдайдың нығметін бұқара халық арасына кеңінен жайып тарату керек еді. Бірақ керісінше Ақ ұлдың жанына тұрған көмекшілері аруақтардан ғана тікелей хабар келеді, деп елдің ақылын байлап, Ақ ұлды мұны өзі тауып алған қасиеттей тәңірге айналдырып алу кешенді түрде атқарылап әлі жалғасын табуда.

Мұндай жағдайда құран үнінен ажырап, енді ерікті түрде ғана жалағануға үкім түсуге себеп болды. Яғни ата жолының балалық дәурені қызығымен Алладан берілген ерекше хикметі рахметі Ақ ұлдың қазасымен бірге келмеске кетті! Бірақ бастаған ісі жалғасын тауып, ата жолының құран үніммен жазылып жатқаны да ашық дәлел бола алады. Сонымен маған берілген бұл аманатты жалғастырып сақтауда оңайға түскен жоқ шынында. Бұл білімсіз енді құран үніне жалғанып иманды сақтауға сенімді қуатандыру да мүмкін емес.

Сондықтанда ата жолында кезінде ашық қарсы болып; «Қайдағы философияны жазып қуып жүр» деген жақын шәкірттердің өзі құран үнінен ажырап жындарға жалғанып, елдің жолын байлаумен айналысып кетті де, артынан өздеріне сынақ түсіп және үнемі ел биліктің тарапынан қудалануы да; «Қашайын деп тұрған қоянға тәйт дегесін не оңсын?» дегендей болды. Қазіргі таңда аз ғана аққу, сұңқар аталғандардың ата жолы білімін меңгеру арқылы құран үніне жалғанып, батаның жүйесін қайта меңгеру дайындығынан өтіп жатқандары да қуанарлық іс.

Бірақ қандайда бір жақсылық амалдардың ібілістің тарапынан қарсылықпен жасандылығы пайда болып отыруы да жаратылыстың заңына жатады. Сондықтан да бұл жолдан өтудің аз да болса тәжірибесі бар, енді оны қайталап сынақтарға түспес үшін ескертіп отырған да абзал. Сонымен ең басты маңызды іс бұл тақуалықпен бой өрісін қалаптастыру, арам тамақ жеуден сақтану. Бұл жағдайда жасырын тұрған кедергіні де ескертіп өтейік. Менің тәжірибемде өзімінің маңымда жүргендер отбасы туысқандарға да қалайда шариғатпен жүруді үгіттеп бірін зорлықпен, бірін басқаша амалмен көндірумен, Алла жолындағы соғыстың да мен үшін бұл сыны болды.

Отбасындағы мүшелердің туысқан ағайындардың арасында бұл соғыс ұзақ жылдарға жалғасып, бірақ арсыздықты дәретті бұзуды, толық бой өрісін сақтамауды шайтан ұмыттырып, еріксіз түрде бұзумен, кей жағдайда бұған да бейтарап қарап, перілікке жалғанып кетудің қаупі арта бермек. Өз басым осы қателікті жіберіп алып, талай астан да уланып, басқаша көлеңкелердің шабуылына ұшырау да жиі кездесті. Әйелзаты қанша тақуалықты сақтаса да, қазіргі заманда мұндай қателікке жиі ұшырайды.

Баласы, немересі, туыс ағайындары үйге келетін қонақтар дегендей үнемі (есіктердің тұтқасынан бастап) дастарханды, ыдыстарды төсекті былғап отыруға ібілістен періліктерден шабуыл болып, иісін қалдырып кетумен, артынан ерген шайтандары да еріксіз қалып, онан қорғана алатын әйелдерді өз басым аз көрдім. Керісінше өзі оранып алып, солардың арасында дастархандас болып, жалаңаш балаларын, немерелерін ойнатып жүре береді де, орда болса оған да еркін кіріп шығады. Онда тұрға не бар, періште емес пе? -деген періліктен пайда болатын сөздерді де талай естігенмін. Негізінде періліктің осылай ас, тұрмыстық заттармен, төсек орындармен бірге дем алатын ауаны ластаумен оңай жалғанудың тәсілі болмақ. Бұл жағдай құранда да ескертілген туыстардан жақындардан жапа көруге жатып, мұнан аман шығудың өзі оңай емес.

Өз басым бір жеңіліп, бір сүрініп қайта есті жинап, үйдегі бір жасар балаға дейін бас киімін қадағалап жалаңаш жүргізбей, дастархан басында киімсіз жалаңаш отырмауды т.б. адамдық әдепті сақтаудан да келіндерге де жаман атты болып жынды аталып ақырында жеңіле бастағанда ғана Құдай сынағымен құтқарды. Себебі кемпірімнің де солар жағына шығып, амалсыздан жеңілмеу үшін, ол ортадан кетіп қалу ғана яғни дәуріштік қалге ену керек болды. Бұл да кейіннен өткен ізіңді бүгінгі таңдағы жағдаймен бағамдап көргенде, Құдайдың шынында рахметінен екен. Болмаса ата жолының құран үнінен ажыраудың қаупі ашық болғанына енді көз жетіп жүрген жайым бар. Әрине мұны туыстарың, жақындарың зиян көрсету үшін әдейі жасамайды, оларға перілер солай әрекет қылдырады.

Үннен ажырасаң ой жоғалады, ал ол таза ақылға қайта жалғану да оңай шаруа емес. Мұны біліп сезіну үшін өз басыңнан тәжірибе жасап көру керек. Сол кезде Абайдың жалғыздығын Шәкәрім әулиенің неге тау кезіп кеткенін, Ясауи бабамыздың жер астына кіріп жатып алғаны түсінікті болып, бұл қорқыныш емес, керісінше қазақтың тегін, ділін қуаттандыруға деген Алла жолындағы нәпсімен соғыс деп түсіне аламыз. Алла тағала тарапынан түсірілетін мұндай құпия білімдерді дана әулие бабаларымыз жалғап отырмағанда, қазақ елі бүгінгі дәрежеге жетпек түгіл, нәсілдік тұрғыда азып-тозып жоғалып та кетер едік.

Киелі жақсы сөздерді әр заманда Құдайдың жобасымен жалғасын тауып отырмаса, жанға жазылып, ділге айналып аруақтық жүйемен сақталмаса, ұлттық рухымыз өшеді. Оны өшіруге дін тәпсірін меңгерген ғалымдар атқаруы да заңды құбылыс. Тақуалықты меңгеру жолындағы күресті өз басымен ғана шектеп алғандар түбінде періліктің қақпанына түсуі міндетті болмақ. Сондықтан бұл істі ата жолында бірлікпен өзара жәрдемге тұруымен ғана атқара аламыз. Болмаса жеке-жеке менің өткен тәжірибем, ол мен үшін ғана Құдайдың қалауымен болған жағдай. Ол үшін енді әрине білім керек, және білімді таратып ағайын туысқа түсіндіруге де жүрегіне сіңіруге де оңай болмақ. Себебі бұл білімдер біздердің және аруақтардың басынан өткен уақиғалардан құран үнімен қуатталып бекіген…. (жалғасы бар 2018 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *