Жүректің үні(186)

Бөлім: Зікір өлеңдер 123

Жүректін үнін тылсымнан,

Ой түбіне жасырған.

Жазуы Алла таусылмас,

Қалам деп ілім аталған.

Жеті үн боп құраннан,

Әлемге насихат шашылған.

Әр ұлттың бар өз үні,

Діл болып қанға жазылған.

Су түбінде ой жатар,

Гауһар тасы асылдан.

Тұңғиықтан тас теріп,

Құдайдын үнін таныған.

Жақсы менен жаманды,

Ақ қарасын айырған.

Тазарта біл қаныңды,

Ет малыңды арамнан.

Тазарып жүрек ашылған,

Жалғанып үнге ғылымнан.

Құс жолынан шындықтың,

Хикметіне жан жолыққан.

Сүлесоқтық бойыңнан,

Біржолата ажыратқан.

Малтумен терең түпсізге,

Даналық бойда қалыңан.

Кеңшілігінен жаратқан,

Хикметімен сезім тазартқан.

Жан өзіне жай тауып,

Иесін жарды таныған.

Сортаңнан тәнді суғарған,

Кебінсіз тәнің қалғаннан.

Кебенек киіп түбінде,

Құтқарған сені тозақтан.

Жаралыс басы қозғалыс,

Алып күштен келер қолғабыс.

Қолғабыс қуат атасы,

Тегіңмен ақша бар табыс.

Келмеске кеткен күндерің,

Көлеңке болған көлеңкең.

Есебін беріп табысқан,

Хабарын берер періштең.

Қияметтің соғып сағаты,

Тағдырдың болып тиянағы.

Растығы Алла хақиқат,

Жүректерді қайта қоспағы.

Бір Алла болған жүректер,

Біз болып көктен күзетер.

Көгінен түсіп сәулесі,

Адасқанға жол көрсетер!

Қараңғыдан жол тауып,

Көкпен жерден үнді алып.

Жанаттардан шындықпен,

Досына Алла жалғанып.

Досында іңкар жүрек үні,

Иманмен құпия білімдері.

Аманаты Алланың және серті,

Ғылыммен бірге жүрер кереметі!

Ғылымсыз пенде болар хайуан,

Нәпсі -қасқыр қойын баққан.

Арыстан -қайрат, сезім-түлкі,

Ақылдан қайраты асып тұрған

Білім жинап, сезімге мастық қылған

Арсыздарда жүректен ант жоғалған.

(Қараша 2018 жыл)

****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *