АҚТЫ ТҮС… (ЖҮкел Хамайдан)

Бұл сөзіме сеніңдер!..
Түсімде көрдім үш Орда
Ақ орда және Көк орда,
Ортасында қара Орда!..

Қара Орда төңірегі:
қаптаған қара құмырсқа
тастан қалаған үйімен
жерге кіріп кетеді…
жердің бетін қопарып
қайта шығып келеді…
қармақтағы қопақтай
қопаң-қопаң етеді…
көрінгенге көз тігіп
қоқаң-қоқаң етеді…

Әріректе Қараөткел
Қараөткелде Көк Орда
көкала шұбар байлаған
бектің мінер күлігі…
Көксақалды бектері
күмбір-күмбір сөйлейді
Сөйлегенін екі етпей,
қалың қолдай нөкерлер
жөптеп басын изейді…
Көксауыттай құрыш сөз
айтқаны зая кетпейді…

Шығысқа қарай Ақ Орда
Қарқараға көсілген
Күміс сақал хан отыр
Дүниені парлап жөн білген…
Жолбарыс түстес шұбарлар —
Соның мінер ақтасы
Кермеде тұр тізілген…
Алқап толған шаңқан үй
Қора-қора қой өрген…
Жігіттері салмақты
Қыз-келіншегі әдепті
Сәлем салып иілген…
Түтіндері будақтап
Бақ-береке қонақтап
Жайымен кәсібін реттеп,
Мамыражай жатқан бейбіт ел…

Төрт түстікте төрт оба
Қарауыл шоқылар қарайған
Қарайып зеңгір биіктен
Ел күзеткен қырағы құмайлар…

Кедендерде қос қақпа:
Бір есіктен кәуірлер
Сыртқа қарай кетеді…
Бір есіктен мүсілімдер
Ішке қарай енеді…
Мүсілім енер ақ қақпа
Кілемдей құлпырған көк майса
деп ойлайсың шіркін-ай,
жатып еркін аунаса…

Тас қынасы түрленіп,
Көктеп жатыр жер мен көк
Түгі жоқ бетбақ қаққа да
бетеге өсіп, гүл гүлдеп,
Селеу басқан беткейлер
қарағай өсіп, бүрленіп…
Сыртқа кеткен жер майы
қайрыла ағып келеді
Тартылған өзен көлдер де
қайта толып келеді
Сарыарқаның даласы
аң мен құсқа бек толып,
Үйір-үйір ақбөкен
сағымдай толқып келеді…
Сол баяғы Жайыққа
Аққу-қазы сұңқылдап
Көрмеген небір сәнді құс
қаптап ұшып келеді…

Қаздауысты-Бекболат
күмбірлетіп ән шырқап
қазақтан өзге еге жоқ
мынау кең байтағың —
күлдірлеген күліктің үніне
зар заманы ұмыт қап,
қайта түлеп келеді
қазақ тілін сен түгіл,
аспанда құсың да біледі….
……………………………………..
Бүгін таңның алдында
дәл осындай түс көрдім
тәтті түске көміліп
қуаныштан егілдім…
Ал, қалайық келіңдер!
Түсімді жорып беріңдер

АҚТЫ ТҮСТІҢ ЖОРУЫ

Дәстүрлі діні қазақтың,

Масһаб емес бес парыз!

Дәстүрінде қазақтың,

Тылсым үнін тыңдайтын

Түспен болжап заманды

Жорымай іс қылмайтын.

Қазақтың бұл дәстүрін,

Мүміндік иман намазды,

Жүкелдей бауыр қазағым,

Тірілтіп дін дәстүрді

Орындапты амалды.

***  ***

Інжілде де аят бар,

Қиямет сағат-сын соғар.

Жастар көрер аянды,

Жорымайтын баянды.

Кәрілерден даналар,

Түспен көріп бағамдар

Болашаққа жоба алар.

Жүкей мырза түс көріп,

Құраннан аят іс көріп,

Тарихты берді саралап.

Үш орда болды тізілген,

Қара орда оның ортасы,

Биліктің бұл жалғасы.

Құмырсқадай жер кезген,

Нәсіпті боқтан көп терген.

Тынбай байлық іздеумен,

Садақа, зекет бере алмай

Дәстүрін қазақ ала алмай

Дүниесі жиған тазармай,

Рухы бар күнә өлмеген.

Сонан қара ордасы,

Жерден жоқ, қара айырмасы.

***  ***

Қарадан шығар адамдар,

Ашылып сана, намаздар

Оянып рухы ғалымдар,

Ұлтына қарай жақындар.

Қара өткелден көпір бар,

Ар жағында Көк орда.

Білімді қауым онда бар,

Сөзді қадірін меңгерген

Көк сауытты бектер бар.

Ілім мен білім теңгерген

Философ, ғалым ойшылдар

Дәстүрін қазақ меңгеріп,

Кітабын алып, түс көрген

Жоба алып, жөн білген

Сөз астарын меңгерген

Білімді қауым осылай

Ұлтына қайта қосылар.

Сөздері бар құрыштан,

Пәтуаға берік тұрысқан,

Ел билікті түзейтін,

Санасын ашар халқының

Осылай бектер дұрыстар.

****   ****

Онан кейін ақ орда,

Шариғат ісін жөндейтін,

Құдайдың ісін біл дейтін

Батамен халқын ағартар

Ақиқатқа жол ашар.

Ата жолың ақ бастау

Даналыққа із, бұл бастау.

Өркендейтін адамзат

Ардан білім, тағарат

Жаңғырып дәстүрі қазақтың

Әлемге үлгі ғибадат

Бағың қайта оралад.

Батамен тылсым уахи боп,

Қазақ тілі жанданат

Құранан келіп насихат,

Ясауи ілімі бар елге

Тілмен қазақ таралад.

Құс ілімі осылай,

Қазаққа қайта оралад.

Бетпақ дала гүлденіп,

Қызыл құм мен қарақұм

Төрт түліке ол толад.

Қазақ жері нұр шашып,

Бар дертіңе ем тауып,

Әлем жұрты әулиелерге

Тағызым қылар күн туад!

Бұл ақиқат Құдайдан,

Уахи болып көрініп,

Белгі түскен талайға.

Жүректері мөрленген,

Кітабын-түспен көрмеген

Масһабым ғана дұрыс, деп

Шариғатты жол қылған,

Құдайдың ісі бұрыс, деп

Азғырған елді тажал, боп

Ақиреттен алар аян-амал жоқ

Сенбейтін қауым шайтандар,

Қара орданы қорғайтын,

Дінші аталаған надандар.

Қазағым әлі бұлардан

Жәбір көріп сорлайсың.

Қара өткелден өте алмай,

Көк ордаңды тіге алмай,

Сөз ғылымын және алмай

Бұл сынан өте алмайсың!

(Қазан 2013)

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт материалдарын пайдалану шарты:

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото,видео,аудио жазбаларды қоса) atazholy.kz сайтындағы мақала авторының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады. Үшінші тараптың жарияланымды пайдалану құқығы тек рұқсат етілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Байланысу үшін арнайы нысанды пайдаланыңыз.