Абылайхан және Кененсары хан ақиқаты

Абылайхан және Кененсары хан ақиқаты

Кеңес үкіметі кезінде Абылайхан атамызды Ясауи баба кесенесі жанынан табылған бір сүйекті ғалымдар зертеп; «Осы Абылайхан атамыздың сүйегі» деген пәтуамен қазір, ел басының да сол жереге қойған белгі тасқа құран оқып халық зияратайды. Кейінен ата жолының көтерілумен, Ақ ұлдың бастамасымен Бурабай көліндегі демалыс орнындағы таққа көтерген тасқа зияртайтын болдық. Әлі де сол жерге соғып, құран бағыштаймыз. Осындай үш жыл бұрын керуен сапары кезінде, Астанадан жақын жерде үнемі Абылайхан ата белгісі келетін болып, кейінен аруақтан сұрау арқылы, сол маңда жерленгенін біліп, тұсынан құран бағштайтын болдық. Қазақ елінде аруақтық білім мүлде болмай, кейінен бар білімнің өзін масһаб діншілері мүлде қарсы болып, енді бұл ақпаратқа ел билік те құдайындай сенетін болды.

Сонымен менің екі жыл зертеуім бойынша және аруақтан тікелей сұрауымен Абылайхан атамыздың басынан қандай белгі мұрағат табылады?-деген сауалға;

Шашақты найза, дуылға

Аң терісі байланған,

Қара балақ майланған

Көкті жарған шашақты

Қара қылды қақ жарған

Қараның қаны Абылайхан!

Деген бата-уахи келді. Астананың маңында жерленген Абылайхан  атамыздың зияратын көтеру керек, деген жолдауды бір жылдан бері көтеріп келемін. Хабар алыспақ түгіл, баспасөз бетінде де бір ауыз сөз жазылған жоқ. Бұл жағдай қазақ ғалымдарының өз басын күтіп, ардан атауы немесе көреалмастық пен өз бастарының қамын ғана ойлаудан, деп қана түсінуге болады. Қаражаты бар, осындай көптеген іске демеуші және сауап жасағысы келгендер болса, ораза айынан кейін аталрымыздың жатқан зияртарын тауып беріп, құрбандық шалып ас беруге, басына шағын болса да белгі тұрғызуға жәрдем берсе екен.

Екінші; Кенесарыхан атамыздың дауын білмейтін қазақ жоқ болар. Осы мәселені де мен де аруақ арқылы, құдайдан сұрап зертегенімен 10-жылдан асты. Ақыры әуелі аянмен ұлықсат беріліп, артынан нақты уахи дерек келді. Қырғыз манаптары басын кеспей, жаназасын шығарып, 11-уәзірмен бірге жерленген екен. Жақында қырғыз басшыларына жолдау жазып едім, керісінше дүниеден басқаны ойламайтын жынды жастар, қарсы сөздер айтып, өздерінің орысқа сатылғанынан емес, «діндеріңді бұзбаңдар, түркі елі болайық», деп жәрдем сұрап барған ханымызға қарсы соғыс ашып өлтіргенін мойындағылары да жоқ. Әрине ақша көрсетсе пиғылдары өзгерері да сөз жоқ. Америкаға жерін ақшаға сатқанда атамызды ақшамызға қайтып беретін шығар, деген оймен  тағы да қалталы ар-намысты азаматармен бірігіп, осы істі қолға алуды сұраймын!

Әрбір ісітің нақты дәлелі болу шарт. Сондықтан Кенсары хан екеніне нақты дәлел бар.

Он бір уәзірімен бірге бір жерде жатыр. Атамыздың басынан табылатын мұрағатар;

  1. Жеті жарғы кітабы
  2. Өсиет сөздері
  3. Алтын таяқ
  4. Қырық буын жіп
  5. Алтын белдік
  6. 7-тостаған бар.    Және айтылмаған бір қазына бар! Барлығы жеті нәрсе болу керек. Мүмкін жетінші зат құпия аянмен көрсетілер. Ал,Кененсары хан атамыз Баян өлкеде тау шатқалында туылған деген ақпарат түсті.

Бірақ, бұл хандарымыздың да өздері де құрметтеп, табынған Шыңғысхан атамыздың зияраты және шежіресінен, әке-шесінен де мағлұмат бар. Оны бөлек жариялай жатамыз. Мүмкін аруақтардан әуелі Шыңғысхан атаның, анасының, әкесінің басын көтеріңдер деген аманат та түсуі де ғажап емес.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт материалдарын пайдалану шарты:

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото,видео,аудио жазбаларды қоса) atazholy.kz сайтындағы мақала авторының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады. Үшінші тараптың жарияланымды пайдалану құқығы тек рұқсат етілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Байланысу үшін арнайы нысанды пайдаланыңыз.