Қара шалдардан сыр тартып көріп едім

(Момын шалмен болған сұқбаттан)

……..-Мен үйде отырып, көп ұзаққа шықпағанмен одан да зорына куә болып, іштей жұтып жүрген жайым бар, өтпейтін пышақпен күнде санаңды тілгеннен, сондай надандардан таяқ жеген, түйгіштегені жеңілдеу сияқты дегені. Дінде туысқандық, бауырмалдық болмаса да дін қандастық деген болады деп бір әңгімені бастап кетті. Үйде отыр дегеніммен, жастықтың буымен елемей өткен, кейде жалқаулықпен мойын бұра алмаған, енді соның орнын толтырсам деген менің де шаруам жеткілікті. Әлде де жұмыс істеп, табыс табуға мүмкіндігім бар, бірақ заманның ағымына ілесем деп, ақылдың да жетімсіздігімен балаларыма да, жұбайыма да көп нәрселерді үйретіп көрсетіп бере алмаған жайым бар. Бұл қайғы ма, қайғы!

Артының немен аяқталатынын біліп, оған қолыңнан келер нақты ісің, тоқтау салар күш қайрат, билігің болмағанда, Абайдың қайғысын ұғынып түсінгендей болған жайым бар. Мыңмен арапалысу, ол Құдайдың бұйырған «бірлерінің» ғұлама даналардың ғана шаруасы екен. Енді аз да болса сол қателікті түзеу үшін, немерелеріңмен көбірек шұғылдану керек екен. Абай атамыз «алтауын» бағу қолымнан келмейді-деп, сол заманның өзгерісіне қарай жанның бейімделуін меңзегені, ал біздерге керісінше бала бағатын, жастарды болашақ заман бәйгесіне қосатын күн келе жатыр.

Ең болмаса есейген балаларыңның алдында үлгі болып; тазалықты, қарттықты, адамгершілік қағидаларын өлгеніңше көрсетіп кетсең, әйтеуір, қырықтың қырқысынан асып ақылдары толғанда «әкем марқұм, осылай жасайтын еді» деп үлгі тұтып, іштей мақтаныш қылса да жеткілікті емес пе? Барлық жағдайға дін туысқандық жағынан қарап, Құдайдың құдіретін естен шығармасаң жүрекке де салмақ түспейді. Жаратқан ие, әрбір пендесіне бір себепті жаратып, сол арқылы иманын да дайындап қойған. Жатқан тастың астына су бармағанындай, діншімін деп жат жұрттың жетегінде кеткен жастарымызға үлгіні көрсететін «орта топ» мына сендер әлі піспей жатырсыңдар.

Оған себеп өз топырақ-рұхтан нәр ала білмейсіңдер. Дін мен жер егіз ұғым. Екеуімен ғана ел болып, халық өркендейді. Жерді сатқасын, жастарымыз дінді де жекешелендіріп, дінге сатылып жатқаны қазақта болмаған әдетті ойлап тапқан саясатшылар қателігінен. Жердің қадірі кетсе жесірдің, жетімнің, елдің де қадірі жоғалады. Жер сол елдің тұрғындарына ортақ меншік болмайынша жаратқанның несібесі де кем болып, сынақтармен жазалап отыру тарихтың негізгі шындығы. Қазіргі тойғандарына мәз болып, көштен қалмай жүрміз деген бос мақтан жаратқанның болашақта жазаң дайын деген ескертуінің белгісі яғни діндегі «өлі ара».

Қанша намаздың қожасымыз деген ислам елдері білімге мән бермей, еңбектен жұрдай болып, намаз оқи берсек иманды Құдай өзі әкеліп береді деген дінді бөлшектегеннен, арты қасіретке ұшырап жатқан жоқ па? Оған қарағанда жартысынан көбі кәпір болып, бірақ ғылым, біліммен, еңбекпен табыс табуды әдетке айналдырған өзге елдер, халықты жалпы іргелі білімдермен суаттандырудың, яғни білімнің арқасында тыныштығын сақтап отыр. Құдайға шүкір көп қазақта білім бар, бірақ бірлік жоқ. Оған себеп, сол білімді аталған ортамыздың өзі жат елдің рухани құлдығында жүр.

Менің ермегімнің бірі көгілдір терезе. Әлемдегі, елдегі бар жаңалық өзгерістерді үзбей тыңдап, көріп отырам. Іштей елдің жетістігіне қуанып, жамандықтарға Алладан жәрдем сұрап, әйтеуір тілектес болып отырамын. Арасында жақсы сөздер, ән, саздарды да тыңдаймын, бірақ көбін теріс қарап, бір жұмыспен шұғылданып отырып тыңдауға тура келеді. Қарайын десең жас қыздарымыз да, толысқан әйелдеріміз де, кейде еркектерімізде жын, пері, шайтанның кейпіне еніп, төстері салбырап, талтайып отырып, бейәдеп қылықтарымен көңіліңді былғап, иманыңа қаяу түсіреді. Бірақ әйтеуір Құдайға шүкір басқаратын тұтқасы бар, шектен шығып бара жатса, ауыстыра қоюға болады.

Екінші бір тыңдайтын тағы көгілдір терезем бар ол, мешітте. Жұма намазына біреулер алуға барса, мен құлшылығыммен жинаған дүниемді «бес бересімді», көлеңкемді қатарға тұрған жастарға беруге барамын. Мүмкін біреуінің иманына себеп болып, жүгін жеңілдетуге септігім тиер дегендей. Имамымыз да сол сенің таяқ жеп жүрген діншілеріңнің қатарында десе де болғандай.

Әйтеуір кітапқа жазылғанның, араптан келгеннің бәрі дұрыс деп арап ұлтының Ыбырайым пайғамбардан кейін «Арилықтармен», «Ад» қауымымен сабақтас, құтқарылған иман келтірген әйелдің ішінде келген баладан тараған «Ап» қауымының және олардан қыз алып, Ысмайыл пайғамбардан өрбіген ұрпақтардан «арлармен» бірігумен құдайдың құдіретімен бергі заманда «арап» болып қалыптасқанымен шаруасы жоқ, бәрі араптардан тарады деп жастарды ұйытқанымен тұрмай кейде, қазақтың дін-дәстүріне, әдетіне, тарихына, әулиелеріне де тас лақтырған сөздер шығып кетіп жатады.

«Қап! мына жастардың жүрегіне сіңіп кететін болды»,- деп қайғырғанмен, қылар шараң жоқ. Бейне көгілдір терезеде отырғандай, имамның сөзін бөле алмайсың, сұрақ қоюға болмайды, басқа тақырыпқа ауыстыратын басқаратын тұтқа, түймесі де жоқ. Іштей дін қандасың үшін, болашақ күтіп тұрған азаптары үшін қайғырасың әрине. Одан сенің жағдайың жеңілдеу, жүрегіңе салмақ түспейді. Жүрегімді жұма сайын сөзбен жараласа да дін қандасың, ол үшін емес, Алланың ризалығы үшін жұмаға, сол қателіктерін қайталамаса екен деп тағы, тағы жылдан-жылға жалғасып жатқан жайы бар.

Енді сондай бір көшенің бойында бір жақыным бар. Қазақтың дәстүрлі діні деп, халықты зираттауға, арақ ішпеуге уағыздап, құрбандық шалып, әйтеуір жүрекке жылы тиетін істерді атқарып жүр. Бірақ сол нағыз дін туысымның келеңсіз жағы бар. Әйелі «аққумын» дейді де, бес-алты жылдай болды білгеніме, бірде етегін жапса, төбесі ашық, төбесін қымтаса абыройын айрандай төгіп, борбайын ашып, етегін түріп алғанын көріп, іштей олар үшінде де қайғырамын. Ерінің де сиқы дінге, қазақтың әдетіне жат. Жазда шайтан дамбал, баста ылпа да жоқ, ауызда темекі, боқтықты араластырып қойып, дінде жүрмін дегенінен, ол үшін қандас қазақ ретінде жерге кіргендей боламын.

Сондықтан көздеріне түспеуге тырысып, жүрегіме салмақ түспесін деп қашқақтап жүремін. Оған себеп, ондай бейәдепті шайтанның әскеріне айналғанды сынап айтпасаң немесе қасында бірге болсаң иманың әлсірейтіні даусыз. Құранда «шайтан адамдармен сыбайлас болма, аятты мазақтаса кетіп қал!»-деп бұйырған. Ал енді көршіңнен үнемі бұғып, тығылып жүру де оңай шаруа емес, мұсылмандыққа да жат. Іштей олар үшін де; Алла сондай қасиет, нығметтерді дінімді аздырып, бұйрығыма қарсы тұрып, теріс өнеге көрсетіп шайтанға жәрдем бер демеген шығар- деп қайғылымын, болашақтарында ойлап қамығамын, орға құлап бара жатқанын білсем де, қол ұшын соза алмағаныма да қапаланам.

Бұл да қазаққа келген үлкен қасіреттің бірі. Қазақтың дәстүрлі дінін жын-шайтанның қылығымен мазақтағандай көрінеді. Бір жағынан нағыз дін қандасым, екінші жағынан ата жауым, одан мешітті жағалаған жастардың қылығы жүрекке жылы көрінеді. Бірақ екі жағы да, бір-бірінен жақсы жағын үйренсе деген үмітім бар. Үшінші бір ағайыным бар, ол бәрінен де жақын. Бес уақыт намазы, халыққа қызметі, Алланы дәріптеуі бәрі де ұнамды көңілің марқайып қалады, бірақ істерінің болашағына көңілім томайды. «Нақшпанди жолындамыз» деген бір ұғымға байланып, тура жолды сонымен ғана табамыз деген жалған ұғымға табынған.

Құранмен қателіктерін көрсетіп айта бастасаң ашуланып, кейде әулиелерге де тілдері тиіп кетіп жатады. Біреулері тіптен Нақшпанди Мұхаммед пайғамбарымыздың тікелей ұрпақтары болады дегенде тіптен жағамды ұстадым. Арапқа қожалық Мұса пайғамбардан, Ғиса пайғамбар шәкірттері арқылы келгенін, түп атасы Маңғыстауда, негізгі атасы Балқашта жатқанын, ал қожа деген Қазақ бабамыздан тарағанын айтып көрдім де ақыры өкіндім. Мұхаммед пайғамбар ешкімнің де әкесі емес!- деп құранда ескерткенін қаперлеріне де алмайды. Пайғамбарымыз ешкімнің қандас әкесі емес, бірақ бүкіл әлемдегі үмбеттерінің рухани әкесі дегім келеді, яғни исламдағы «Масих» тазартушы, шапағатшы «рахметулла». Менің осы арыздарымды, сұхбатымды дінді ізденген жастарға назымды, өзің атыңнан жазып көр- деді «момын» шалым.

-Айта көрме ақсақал, бұған ұқсас жағдай қазақ болғысы келген, тамырын іздеген бәріміздің басымызда бар жағдай. Мен де мешітке барып жұмамды өтеймін. Құдайға шүкір, имамымыз жас болса да әке тәрбиесін көп көріп, үлгі алған мың болғыр! Жұма намазының артынан аруақтарға құран бағыштауды да ұмытпайды, айтқан уағызы да қазақтың намысына тимейді. Ал менің де бір көшенің бойында «ата жолы» деп шауып жүрген таныс аққу, сұңқарларым бар. Жас болса да өнегелі, үлгілі киімдеріне, істеріне, бала-шағаларының әдептеріне қарап іштей сүйсінем.

Сондай үлгі болатын жастар көбейсе, мына біздей адасқан «орта топ» өкілдеріне сабақ болар еді, нағыз діннің, тура жолдың көрінісін халық түсінер еді деймін. Менің де Нақшпандидемін, Ясауи тобындамын деген дін қандастарым бар, діншіге тән ізеттіліктерінен басқа сырт көзге оғаш қылықтарын байқамадым. Ішкі дүниелеріне Құдай көріп, бағасын берер, сырын алдырмағанға өзім барып қол сұққаным тағы да болмас. Бұндай мақаланы жазармын, бірақ мені жақсы танитындар, сондай ізгілікті жақсы адамдарға күйе жағыпты деп қате түсінер.

Олар қайдан білсін, қазақтың мұңының, қасіретінің көп жағдайда бір-біріне ұқсастығын. Сол, менің дін қандастарым менен бұрын дінді, тазалықты түсініп, иман іздеп сауап алғандар. Менің өзіммен өзім іштей екі бөлініп алып, қалай арпалысқанымды, ақырында құдайдың құдіреті жеңіп, имам келтірген оқиғаларды өзіңіз жақсы білесіз. Ал сізге Алланы тануға қандай себеп, құдірет себеп болды? Әлде тұқымыңызда «қожалық» бар ма?-деп әңгімені басқа жаққа бұрып қисықтау сұрақ қойдым.

-Адамның басы Алланың добы, басыңды қожа қыла ма, төре қыла ма, өзі білетін Алланың орнына үкім шығарып, серік қосып, құран аяттарына ортақ қосушылар негізінен «қасиеттілікті», жанға, нәпсіге, кітапқа иелікті қожадан болмаса араптан ғана таратушылардың яғни шайтанның салған ылаңы. Адам баласы, мейлі пайғамбар болып өмірге келгенімен, бекзат болып өмірге келмейді. Тек Адам атамен, Ғиса пайғамбар ғана рух негіздерінен жаратылған. Жалпы адамзатқа жақсылық пен жамандық нәпсіге жазылатындықтан, дін жолында күнәдан ақталу деген ұғым бар.

Ал тумасынан қожа болу деген ешқандай ақылға сыймайды. Әуелі жаратқанға құлшылық, қызмет жасау арқылы «құл» болып еліңе, жеріңе, отаныңа еңбек сіңіріп, еліңді, жеріңді, дініңді қорғау барысында және ұрпақ сабақтастығын қалыптастырып, балаларыңа қандай тәрбие беріп, өсіріп алған зейнетіңе қарай тіршілік намаздарыңмен ақталуың керек. Ал онан кейін ғана жаныңды өсіріп, баптау жолында намаздарыңды жетілдіре білсең қожалыққа лайықсың ба жоқ па?- ағарту тек Құдайдың ісі.

Егер жаратылыстан күнәсіз, қожа болып туылдым десең, жаратылыс ғылымын, нәпсіні жоққа шығарып, онда құдай саған соттаушы емес яғни құдайдың әділетсіз болғаны. Нағыз жан ғылымын, пайғамбар өсиетін теріске шығарып, дінге қарсылық білдірген шайтанның лаңы. Қазақ халқының бір қасіреті де талай сынақтарға түсіп аштықтарға, азаптарға ұшырап, қырылуға дейін апарған сынақтың негізі осы тәкаппарлық пайымдауларымызда, ала жіпті аттаған, бір-бірімізді кемсітіп, болмаса өзімізді асыра бағалап бөлшектенуімізден пайда болып тұрады. Оған шежіреден айқын дәлелдер бар емес пе?

Ысқақ пайғамбардан Рабиға анамыздан егіз ұл туып, Жақыпты Алла таңдап пайғамбар етті де, Есауға батаны қабылдамағасын пайғамбарлық берілмеді. «Оны мен ұнатпадым» деп ескерткен емес пе? Құранда да әкесі бұтқа табынғаннан туылған, жер бетінің қожалығына уәде берген Ыбырайым пайғамбарымызға да сенің кейбір ұрпақтарың азады, қожа бола алмайды деп ескерткен емес пе? Жаратқанның жоқтан бар жасауына күмән келтіру надандық әрі кәпірлік! Қожа дегеннің өзі жер бетінің қожалығына рухани қызметке тұрдым, дінде уахи алып жеткізуші, әмір иесі «әмби» деген мағынаны білдіреді.

— Ақсақал, қожаның ұрпағы емессіз, бірақ сол қожамын, төремін болмаса пірлікке жеттім деп ұстаз болып өзін-өзі ағартқандардан әлде қайта жоғары діннен хабарыңыз бар, сондай кезінде кеңес үкіметінің «дін-апиын» деген белсенділерінің бірі болдыңыз, сонда қандай мұқтаждық сізді осындай жағдайға әкелген. Бір себебі болу керек қой?-дедім.

-Сен де адамның жанды жерін қасығанды жақсы көресің ау?-деп күліп алды да, Кеңес үкіметінің қазаққа бергені де көп, ал кейбір өзіміздің азғындығымызды сол кеңес үкіметіне жаба салу, ол сылтаудың бірі. Егер кеңес үкіметінің саясаты қазаққа мүлде жат болса, қаншама ғұламалар, ғалымдар шығып, өндірістер дамып, біздер әлемдегі сауатты елдердің қатарында жүрмес едік. Маған да, ауылдағы қарапайым баласын оқытпақ түгіл күнін зорға көрген шаруаның от басынан шығып, үкіметтің есебінен оқып, ел қатарына қосылуға, талай жұрт қатарлы қызметтер атқарып, өнерлерді еркін меңгеруге мүмкіндік берді сол кеңестердің одағы.

Ал қазіргі заман талабымен, европадан алған еркіндіктердің үлгісімен, ондай дәрежеге жету мүмкін емес. Және сол замандарда әйелдеріміз дәл қазіргідей азып, ұрпақтарымыз мүгедектікке, жастарымыз мәңгүрттікке ұшырамаған еді. Көше, мекеме мәдениетіне қатаң талап қойылып, мейрамханаға, көпшілік орындарға, оқу орындарына жалаңаш-жалпы кірмек түгіл, қазіргі тырысып тұратын «джинси» шалбарымен де кіруге ерлерге де ұлықсат бермей, ал көшеде жастарға ойына келгенін істетпейтін еді. Мұғалімдеріміз оқушының алдында қәзіргідей жын-шайтан бейнесінде болмаған, ал әйел затына орамал тартуға ешқандай мекеме де, мектепте тиым салмаған.

Сондықтан да қазіргі уақыттағыдай бірі дінмен, бірі үкіметпен қудаланғандай әдет-ғұрып, салт-дәстүрімізді де толық жоғалта қойған жоқпыз. Кейіннен ғана жат жұртқа деген сағынышымыз басым болып, еліктеушілікке түскен өзіміздің қазақи «әйелдік» жіңішке мінезіміздің басымдылығынан көруіміз керек. Әйтпесе көрші өзбек елі мен түркімен елі қайта сол уақытта діндерін мықты ұстап отырды емес пе? Дінді тек намаз оқу деп түсінетін, кейінгі араптар жақтан келгендердің саясатынан барлық жақсы үлгілі ұлттық рухани болмысымыздың, адамгершілік әдеттердің арасына сына қағып, ақырында дұрыс дінді де, тілді де, сөзді де жоғалтып ала жаздап, құдайдың рахымымен енді ес жинап келеміз. 
Сол кеңес үкіметінде қызмет жасап, шаңырақ көтеріп, бала өсіргеннің бір менмін. Үкімет маған арақ іш, тіліңді өзгерт, жат жұрттың әдетін, даңғаза у-шуын меңгер деген жоқ. Орыс тілін меңгеру алда болғанмен қәзіргідей мәңгүрттенген жоқпыз. Әдебиетіміз қазіргі замандағыдай тоқырауға түскен жоқ. Қазақша қандай жазушының еңбегі бар, кітапханадан еркін алып оқыдық, бір-бірімізбен оқып жарыстық. Керісінше жалқау болма, ұрлық қылма, білімді тегін меңгер деп, денсаулығыңды тегін түзе деп, бар есікті ашып мүмкіндік жасап қойды.

Дұрыс меңгеріп, игере алмаған тағы өзіміздің қазаққа тән жалқаулығымыздан ғана. Қазақтың рухани байлығына қасірет орыстан емес, өзіміздің ішіміздегі ел басқарған, мәдениет саласындағы сатқын, жарамсақ ағайындарымыздан келді. Үкімет қана асырау керек деген пиғылдан жұмысқа барып кешке дейін ойын ойнап, әңгіме айтып айлығым жүрсе болды деп азғындыққа түскесін, Құдай осылай болсын, енді өздерің адам болыңдар деп еншісін ажыратты.

Сол кеңес үкіметі ыдырағаннан кейін әйелдеріміз базаршыл, еркегіміз қазаншыл болып кеттік емес пе? Мен де сол қиындық-қыспақтарға түсіп, білім де, тәжірибе де жайына қалып, кімде Алланың берген қасиеті бар, сол жақсы табыс тауып, жағдайын түзеп, ал қуларымыз көбірек қарпыған заман болды. Ол кезде жат жұрттың әдеті де дүниесін тасыған қалталармен бірге келіп, бұрын жалаңаш жүрмек түгіл, ер адамның алдында шалбарлануға қысылатын, ұялатын әйелдеріміз енді өздерінің әйел екенін де ұмытып қалған заманға тап болдық емес пе?

Қазанның қақпағы ашылғасын бәріміздің де ұятымыз кетіп, ақша деп жатып, ақша деп оянып, әйтеуір елден қалмай дүние жинайтын жарысты да көрдік. Қойшы әйтеуір бұл науқанда саябырсып, мешіттер салынып, халық әйтеуір рухани байлықты да ескере бастаған уақыттар болатын. Сонан шаңырағымыз мықталып, енді шалқып өмір сүруге кәсіптің де көзі ашылды, тек ерінбей жұмыс істесең болды деген жайбарақаттықпен бірге, бір көңілде мазасыздық пайда болды.
Үйге келсем бір нәрсе жетпейді де тұрады. Соған байланысты әйелдің көңілі секемшіл ғой, қанша жыл отасқан жарына не болды?- дегендей мазасыз сұрақтар болып, арты кесе-шәйнектің шылдырына да ұласып кеткен уақыттар да болды. Сонда не жетпейді? Жардың төсегі де суып бара жатқандай.

Сонан кейде жалпы халықпен, көпшілік көліктермен жүргеннің де көп пайдасы бар екен. Көпшілік арасында кездесетін орамалын тартып, етегін жапқан әйел затын көрсем, соған бір әзіл айтып, сұхбаттасқым келетінін іштей байқадым. Мән-жай оттың басы ошақтың қасында екенін іштей ұққаннан, енді үйдегі қамқоршымның етегін жабу қиын болмағанымен, орамал мәселесі ұзаққа созылып, әйтеуір дұрыс шешімін тапты.

Сонан кейін ғана жоғалған махаббатымның үйде жүргенін, шаңырақтың жылуы кіріп, көңілге бір жайлылық шуақ, әйелдің нәзіктігімен, сыртқы періштелік сипатымен пайда болатынын түсіндім. Бұл да маған құдайдың берген бір нығметі шығар, әйтпесе қазір жұмыста да, көшеде де, үйде де әйелдің түрлі әлсіз болғанымен, шайтан ұя салып, қара қуатпен көздің майын жейтін, сұқтандыратын көріністерден, қаралай еркектің қабілеті де, ұрығы да азып жатқанынан әйелдеріміздің өздері себепші болып, сонымен үрім-бұтақтарына балта шауып жатқанын білер ме?

Әйел затын Інжілде нанмен, балықпен астарлап суреттеген Ғиса пайғамбарымыз. Әйел періште еркектің несібе азығы. Ет тазалығын қалыптастырушы тұзы және ана сүтінің баламасы ақ уызбен, үмінімен қамтамасыз етіп отырушы анасы десе де болады. Ал әрбір жақсы, көркем нәрсенің шама-шегімен пайдаланбаса түбінде адам баласы әлсіз, жақсы өмірден де жалығатын қасиетіміз бар. Сондықтан есі дұрыс еркектің әйел мүшесінің көрінісінен қаралай жиіркенішін тудырып және оның білімін, жаман жақтарын да шайтан есіне салып тұрса, үйіндегі зайыбынан да безіп, некелі төсектеріне қырау тұрып, әйелдік қасиеттің аяқ асты болған заманда өмір сүріп жатырмыз.

Қырықтан асып ақылы толған еркекті әйтеуір бір рухани өлім күтіп тұруы сөзсіз. Сол өлімнен қайта тірілу де, немесе әрі қарай азып, құлдыққа құлау да әйел затына тәуелді. Сондықтан аталарымыз «Ауру астан, дау қарындастан» деген. Рухани өлімнен, ордан шығармау амалының, одан сорақысы білімді, ғалымдарымыздың жалпы дәрігер қауымының надандықтарында. Әйел затының басынан қанымен бірге еркектің ұрығының да иісі шығып, тамақ арқылы балалардың, күйеулерінің ішектеріне құрт түсіп жатқанын білмейді.

Қарапайым ғана «натрий мен хлордың» өнімі адамнан иіс болып шығып тұратынын тапса, әйел басынан адам ағзасына қауіпті иістің шығатынын білер еді. Сондықтан қазақта әйел бас киімін жаулық деп атайды. Әйелдің басы ашық болса адамзатқа басты жау сонан нәр алады. Ал шалбар киіп, еркек құсап өсірген қыздың да қылығы, ойлау жүйесі, нәзіктігі өзгергесін еркектік гормонның көбеюімен және балтырдағы сүт бездері тілініп, хлордың қалыптасуымен сүттері ашып, ол төске ісік болып байланып немесе құйрық майларға аюларда болатын қоңыр майлар пайда болып, адам аулаушы аюларға айналғаннан одан пайда болған ұрпақтар да, некелескен ерлер де өмірінің соңы бәрібір қайғы-қасіретпен аяқталары да даусыз.

Алғашқы белгілері басталып, ұшырап та жатыр. Құдайдың құдіретінің де негізгі қаруы нәзіктікпен, әсемдікпен, жұмсақтықпен әлемді түрлендіреді. Әйелдерден нәзіктік кетсе, қасиетінен жұрдай болып, тозақта шырқырап жатса, онда еркектердің қара басы жаннатқа кіріп, үміттенгеннен не пайда, не бітіреді? Жаннатымыз да сол әсем, періште әйелдердің қылығымен, жұбайларымызбен ғана көрікті. Ай жоғалса көп ұзамай күн де сөнетінін ұмытпағанымыз жөн. Кезінде аталарымыз тайпалық өмір сүрген заманында осындай белсіздік жұртына тап болып, еркек балалар әлсіз, болмаса мүлде туылмай төсектерінен безген заман болған.

Сонда жаратқанның ескертуі келіп, бүкіл бақсылар, емшілер жиналып, ала арқанды керіп қойып бір-бірімен қатыстырмай емдеу шараларын жүргізіп, халықты жаппай қырылудан аман алып қалған. Адамзаттың ақылдылығынан соншама бас киім, аяқ киім ойлап табылған жоқ, керісінше аспанның жерге жақындап «құс шөлдеген» деген жұт болған. Адамдар ыстыққа шыдай алмай тек киім арқылы ғана жан сақтаған екен. Сол заманнан қалған әдет Қазығұрттың төбесіне бұлт келсе әйелдер басын қымтап жаба бастайды екен. Осыдан барып қазақ әйелдерінің де, қыздарының да жалаң бас жүруі үлкен айып болып есептелген.

Құдайдың нығметімен адамзатқа берілген діні арқылы ғана білімнің пайда болатынын шайтан мүлде ұмыттырып, керісінше енді ғылымды табиғаттан адамдар өзі үйреніп алдыға келіп, тегіміз маймыл деп, мақтанға айналдырдық. Құранға жүгінсек, адамзатың жүрегі бұрын қойдың жүрегіне ұқсас болып, кейіннен ғана осындай жүрекке ие болғанымызды білген ғалымдарымыз, керісінше адамның қылығынан маймыл, доңыз, хайуан, т.б. басқалар пайда болатынын білер еді. Еркектің өмір жасы әйел жасының ұзақтығына, әйелдік қуатына тәуелді екенін біздердің оқыған білімімізде әлі зерттелмеген.

Енді осы жалаңаш жүру әдетіне тағы сынақ келді. Ол киелі кітаптар мен пайғамбарлар ескертулерінен «Шығыстан әлемді жалмайтын от шашқан айдаһар келеді» деген. Сол ыстық от сәулесі Жопон елінен басталып, жерге жұтылып, күнмен бүкіл әлемге тарайтынын, күннің жерден, теңіз бетінен нәр алатыны әлі ғылымда белгісіз.

Адамзатқа қасірет себетін терінің күйік ауруы күтіп тұр алда. Қазақтың еркіншіл, европашыл, орамал тартып, етегін жапқандарды жауындай көріп және «жұлдызбын» деп арсыздық, дінсіздікті дәріптеушілерге алдымен осы қасіреттің келетіні сөзсіз. Сонда ешқандай адамзат білімінің, жаратқанның құдіретінің алдында қауқарсыз екендігі дәлелденеді де құдайын іздеуге құранда ескерткендей; «Адамдар топ-топ болып ислам дініне кіруге жарысады» деп қайырды «момын» шалым. (2016 жыл

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт материалдарын пайдалану шарты:

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото,видео,аудио жазбаларды қоса) atazholy.kz сайтындағы мақала авторының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады. Үшінші тараптың жарияланымды пайдалану құқығы тек рұқсат етілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Байланысу үшін арнайы нысанды пайдаланыңыз.