АРУАҚ ЗАМАНЫ.

Ақ шуақ күннің нұры бір,

Бу менен судың түбі бір.

Ақылдан туар парасат,

Надандық жолы бұлыңғыр.

Әкесіз бала болмайды.

Өткеннің тарих бедері,

Бүгіннің шуақ желдері.

Өзендер теңіз құрайды,

Бастауы болып бұлақ та,

Өлгендер тілеу сұрайды,

Сенімін артып ұрпаққа.

Кешесіз бүгін, ертең жоқ,

Жүргеннен гөрі жатқан көп.

Өткенге айттық салауат,

Болашақ бізге аманат.

Заманнан заман көшеді,

Ғасырмен санап есебі,

Бұйрық салып тылсымнан,

Аруақ заман кезегі.

Бабалар жерде қала ма?

Жатқанда тыныш жата ма?

Кенелген ұрпақ бүгінде,

Аруақтан берген батаға.

Аруақ заман бастауға,

Ұран ғып ақ жол ұстауға.

Алланың нұры, үкімі,

Бағына қазақ ілінді.

Үн қатты баба тылсымнан,

Табылып ұрпақ қысынан.

Ұстатты кілтін бұлақтың,

Ұрпағына қазақтың.

Айша ана болып жол басы,

Арыстан баба патшасы.

Ясауи баба көсемі,

Ұрпаққа ақ жол төседі.

Аруақ біткен жиылды,

Тас түйін болып түйілді.

Бастауы қазақ даласы,

Ақ туы биік т ігілді.

Алла атымен ұран ғып,

Аруақ біткен тұр алда.

Әулие, батыр, анасы,

Ақын, дана, дарасы.

Түркістан болып кіндігі,

Шығысқа туы тігілді.

Батыстан бұлақ ашылып,

Кіндіке құлаш сермелді.

Қазақтың байтақ кең жері,

Аруақ заман кіргелі.

Болашақ ұрпақ бағы үшін,

Мылтықсыз майдан жүргені.

Жеңіске жетер күн жақын,

Жеңіспен баба қуанғын.

Тылсымда болар тойыңа,

Осы өлең болсын сый-шашу.

Ақ шуақ күнің нұры бір,

Бу менен судың түбі бір.

Екі дүние заңдылық,

Жаратқан иеміз Алла Бір.

(Қыдырәлі Тарыбаев)

(2-желтоқсан 2000 жыл)

Аруақтық ақ бастау.

Аруақ заман келді деп,

Ақ туын ұстап Алланың,

Шығыспен батыстың,

Оңтүстік пен солтүстік.

Шәкірттер ертіп артыңа

Батасымен аруақтың,

Тербеп қазақ даласын,

Оятың қазақ баласын.

Құраның да парасын,

Кітап, кісі үн болған

 Көрсетумен хақтығын.

Тозаққа түсіп қор болған,

Еңбегі еш сор болған,

Қосылуға сеп болдың

Әке мен бала арасын,

Даналар мен құран парасын.

Аналармен ардақты

Арасын тылсым жалғадың.

Сауап жасап,құлшылық

Салауат айтып өткенге

Атадан қалған аманат,

Жер кезумен жамағат.

Жер есігін саралап,

Ойпатарады аралап,

Әулиге құран, ат айту,

Қорсанға қой шалған

Көрсеттің салт-дәстүрді.

Қандырып құрышын құлақтың

Кенеліп халық батаға

Таза бұлақ, ақ бастау

Аштырдың көзін бұлақтың!

(Ақпан 2013 жыл)

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт материалдарын пайдалану шарты:

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото,видео,аудио жазбаларды қоса) atazholy.kz сайтындағы мақала авторының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады. Үшінші тараптың жарияланымды пайдалану құқығы тек рұқсат етілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Байланысу үшін арнайы нысанды пайдаланыңыз.