Адам баласының тәңірлік негіздері- Серік періштелері.

    «Біз жаратушы емес, жаратқан көлеңкесіне қарап білетұғын пендеміз. Сол махаббат пен әділетке қарап тартпақпыз (өлшейміз), ол Алланың хикметін біреуден біреу анығырақ сезбекпен артылады (көрінісін береді, танылады.) Инандым, сендім демек-иландырамын, сендіремін деген емес. Адамшылықтың алды махаббат, әділет, сезім. Бұлардың керек емес жері жоқ, кіріспейтін де жері жоқ. Ол-жаратқан тәңірінің ісі. Айғыр биеге ие болмақта махаббат пен сезім бар. Ал, әділет, махаббат, сезім кімде көбірек болса, ол кісі-ғалым, сол-ғақил (дана, тақуа). Біз жанымыздан ғылым шығара алмаймыз, жаралып, жасалып қойған нәрселерді сезбекпіз, көзбен көріп, ақылмен білмекпіз…» (45-сөз) Адамшылықтың негізі Абай атамызша осы 3 нәрседен ғана пайда болмақ. Аятта;«Алла (Т) сендерді бір кісіден жаратты. Сосын одан жұбайын жаратты. Тағы сендер үшін малдардан сегіз түр пайда қылды. Және сендерді аналарыңның ішіндегі 3 қараңғылықта бір жаратылыстан кейін бір жаратылыспен жаратты. Міне осы Раббыларың Алла (Т) Патшалық оған тән. Одан басқа еш тәңір жоқ. Қайтіп бұрылып барасыңдар?» (39-6) (45) Құранда 39-санды сүре адамгершіліктің, әрбір адам баласының дінінің жетілуі және жан сырының, періштелік тазалықтың, көкірек көзінің тазарып жүректің ашылуын, тақуалықтың, даналықтың қалыптасуын білдіреді. Алты саны адам баласының сыртқы өрісіндегі ақыл серіктерінің періштелер санын көрсетіп нәтижесі 45-санымен «Мизан» өлшемді көрсетіп тұр.

      Енді, адам баласының қуаттық, қарекеттік шамасы негізінен 8 түрлі рең, бояумен (түстермен) періштелік белгімен басталып, бұл түрлердің 3 қараңғылықпен, қанның жетіліп түрленуінен 3х8=24; 3+8=11; санды періштелік белгілердің пайда болуымен енді аяттың сырына үңілсек 6-саны әлем жаратылыс күндер санымен, 39-дін қуатын көрсетіп және 39+6=45 санымен Алладан келетін барлық шапағаттың да сандық белгісін көрсетіп тұр. Және Алла тағаладан басқарылатын Раббымыздың нұрының періштелік сипаттарға бейнеленуін яғни тәңірлік 5 және 8 санды қуаттардың басқарылу белгісін; 11; 24; 39; 6;45; және 45+11=56; 45+24=69 санды құлшылықтың тура жолды меңгерудің шындықтың бейнеленуінің негізгі сырлары яғни сүре мәндері пайда болады. Бұл аяттың сырын тәпсірлеуші ислам дін ғалымдары «Малдар» сөзін сандық мәндерге мән бермей, сегіз түрді тәпсірлегенде; «Түйе, сиыр, қой, ешкі» деген ұғыммен әлемнің жанды нәрселерінің жанды жаратылыстар негізінің қозғалыс түрі, «физикалық», «химиялық», «биологиялық» түрлену қарекеттік ғылымын яғни бояу, түс, рең, иіс сапаларын 4 сипатты малдық яғни жындық қозғалыс қуаттарымен ауыстырып алған. Бұл жердегі «Мал»-ақша, қуат, періштелердің бейнеленуі болып ескертіледі. Пайғамбарымыз құран аяттарын жаттағаннан «Қызыл түйе» «Мал»-дың пайда болатынын және оны үнемі күзетпесе қашып кеткенін астарлаған өсиетін теріске алған ислам түркілік ғаламдарымыз және дінші масһабшыларымыз жастарға құранды ойсыз, мал азығы бой ағашының жапырағының жетілуіне, діл бақшасының өнім беруіне қарамай өлшемсіз жаттатып, ашыққан  түйелерін азықтандыру үшін неке құрып жайылдырып, күзетуін білмегендер түйелерінен, малдарынан айырылып, ұрықтарының ашып, тән еттері сасып, милары кішірейіп кеуіп, аяқтары сасып, балтырлары ашылып, жандары азып мәңгүрттенуімен нәтижесінде жынды мастарға айналуына арнаулы медіреселер ашып, үкіметтен қаражат бөліп қойғаннан-ақ, ел басқарушыларының дін сауаттылығын, ал философ, психолог, теолог ғалымдарымыздың да сөз ұқпайтын мастық, жындылықтарын айқын көруге болады. Ал адамзат жан, рухының түрлену ерекшелігі болып табылатын, бұл қуаттардың құрандағы негізгі бірлену белгісі; 58-сүре болып, оның жұбы 85-ші сүремен баяндалып, ал құпия пары екілік жүйемен 13-ші сүре болады жән 4-ші сүремен түсіндіріледі. Себебі, 13 саны таңбамен тағы 4-ті көрсетеді яғни түп негізге дәрежелену белгісін береді. Бұл жағдайдан неге 13 санынан  батыс және америка елдерінің жаман ырым қылып алғанын білгіңіз келсе жалпы; 13-тің мәні барлық адамзатқа берілген 8 түр рух қуатымен 5 тәңірлік қуатты толық меңгерумен нәтижеленетін толық ес қуаты яғни бастапқы екі негізді қарекеттік «Ман»-ға айналу белгісі болып табылады. Және бұл шаманың көкте өз орны болып, Ғиса пайғамбарымыз; «Дүниелеріңді көкте жинаңдар» деп ескертсе, ал Мұхаммед пайғамбарымыз; «Мен мұсылмандарға өздерінен де жақындаумын. Момын дүние салып, егер мал-мүлкін қалдырса, олар мұрагер дүниесі болып қалады». (278; (17)-өсиет) осындай астарлы ұғыммен мұсылманның жинаған періштелік қуаттары өзінің ақиреттік несібесі мұрасы болып және оны «Мен» негізі яғни ой қуаты «Ман»-ның несібелік мұрасы деп ескерткен. Сондықтан қуаттың астарлы сырын баяндап тұрған оңнан солға қарай немесе керісінше болып,  екінші жұбы 31-санды «Лұқман» адамзаттың даналығы; «Құл» және «Ман» қуаты болып, Құранда баяндалуының өзінен құпия сырын әшкере етіп белгісін көрсетіп тұр. 31-13-тің айырмасы 18-санды оң қолдағы санды құлшылықтың және 18 ғаламмен бірігудің негізін көрсетіп тұруының өзі құл болу үшін оң қолдың ағарып 18 ғаламмен байланысқа түсумен яғни тағы да жоғарыдағы мысалмен 9-ды «Тәубаны» меңгеріп 10-ды тауып және 8 түр, түс көруге, уахи алуға тәуелді болады. Олай болса мұсылман яғни «Ман» деген ұғымның бір көрінісі осы 13 санымен ғылымын айқындап тұрғаны даусыз.

       Ал енді «Манның» пары 55-ші сүре барлық тәңірлік қуаттардың бірлену ғылымы 55-сүре «Рах- Ман» яғни «Ар»-мен «Ман»-ның бірлігі жаратушымыздың шапағаты болып көрінісін беріп тұр. Енді бұл «Ман» -ды адамзатқа үлестіруші болып «Ар-Рахим» жанаттардың киесі «Мұхаммед» яғни 47-ші сүремен астарлы түрде пайғамбарлықтың; «Ісра-Ар ісі», 17-71 «Нұх» пайғамбар «Аруағы» болып жалғанып тұр. Раббымыздың «Мұсылмандардың жандарын жаннатпен айырбастадым» деген үкімі осы белгілерді «Ман» қағидасын 13 санының барлық ақылды қозғалыстың өзегі екенін білдіреді. Ертеректе европаның бір «хим биолог» ғалымы егеу құйрыққа әр түрлі әрекеттерді үйретіп, сосын дереу оны жансыздандырып, өлтіріп тастап және осы әрекетті Австралияға ұшып барып, басқа егеу құйрықтарға бастапқы егеуқұйрыққа ұзақ уақыт үйреткен күрделі қимыл тәжірибесінің сынағын жасап тексергенде, көп ұзамай-ақ, еш қиындықсыз өзге елдегі егеуқұйрықтардың да осы әрекеттерді жаңылыспай қайталағанын көрген. Сонан кейін бұндай күрделі ақылға бағынатын қимыл қозғалысты естің сыртта кеңістікте, көкте («атмо»-да) өз орны, ақыл қуаты «Маны» бар деп шешіп, баспасөзге жариялағанымен, бір ғалымдар оны жынды атағанымен, екінші ғалымдар атақ дәрежесінен сескеніп үнсіз қалумен, бұл тәжірибе аяқсыз қалды. Ал осындай жоғары есті «ару-жан» (ару-ақ) ғылымын аталарымыз меңгеріп артында таусылмас өнегелер мен нақылдар қалдырған да, Ясауи бабамыз сәни дәптерін осы 13 негізгі сипатты, басқарушы екі жарыққа қосылудың «Ман»-ның ақ бастауын көрсетіп және құран ғылымын толық ашып көретіп, барлық нұсқаулармен, кітаптармен сандар тағлымымен бірлеп, намаздардың амалдарын да түркі салт-дәстүріне айналдырумен әлемдік діннің бірлігін қалыптастырып, құлшылық, сопылық  амалдарын да қарапайымдап және сауатсыз қарапайым халыққа да ортақ әдет-ғұрыпқа айналдарып жақындатумен, пайғамбар сүнеттерімен намаз қылып алудың тәсілдерін көрсетіп кеткен.

     Енді адамзатқа осы 13 ес-сан қуатын меңгеру барысында екі аралық жердің жер мен көк арасын жалғап, барлық 8 сипатты қарсылық түрленуді меңгерумен 7-ші белгі ағашқа жалғану  «Ақ»- заңының яғни жер жүзінің Алланың құдірет қолынан келетін үкімдерді орындаушы жаннат қуатының қолқабысы, басты себептің адамзат пен барлық қарама-қарсылық әрекеттердің арасын жалғап біріктіруші яғни екі аралық орындаушы періштелердің бірлігін «Аруақ» деп атаймыз. «Көк пен жер екі арасындағыларды ойыншық үшін жаратпадым, қажет болса өз қасымнан-ақ жасап алар едім» деп астарлы ескерткен Раббымыз бұл сипатты қуаттарды. Бұл сөздің ұғымы туралы аятта; «Олар сөзді зерттемей ме? Немесе оларға бұрынғы аталарына келмеген келді ме?» (23-68) «Мүмін» сүресінің насихаты бойынша, мүмін болудың негізгі шарты уәде тіл мен аманат сөз сырын меңгерумен яғни таза сөйлеу, сұхбат дарындылығын меңгерумен көрінісін береді. Ал бұл аяттың сандық мәні де (23+68=91) «Тоқсан ауыз сөздің тобықтан түйіні болар» деген аталарымыздың нақылын ескертумен бірге 19-сан тіл ғылымы және 91-санды жүрекпен, ана сүтімен, әйел затының тәніндегі «натрий» жолдарымен байланысты  және әрбір ұлттың үметтік, ділдік ерекшелігіне байланысты әдет-ғұрып, сал-дәстүрін яғни дін ерекшеліктерін меңгеруді ескертіп тұр. Абай атамыз бұл санды аяттардың сырын 91-санымен белгілеген бір ғана үгітінен қысқаша мысал келтірсек; «Қайғы шығар ілімнен, Ыза шығар білімнен. Қайғы мен ыза қысқан соң, Зар шығады тілімнен. Қайтіп қызық көремін Әуре-сарсаң күнімнен? Қайырылып қарап байқасам, Ат шаба алмас мінімнен (жүк, салмақ, темір өнімдері)…Сыйласа елің ұлықтап, Араласаң қызықтап, Қызық пенен тыныштыққа Қазақ тұрмас тұрықтап. Қаңқылдап біреу ән салса, Біріне-бірі жуықтап, Тебінісіп қамалар, Тоқтатып болмас сырықтап. Түзу бол деген кісіге Түзу келмес ырықтап. Сырдаң тартып, қашады, Ұстайсың қайтіп құрықтап?…Кейбірі пірге қол берген, Іші залым, сырты абыз. Кейбірі қажыға барып жүр, Болмаса да қаж парыз. Мұсылмандық ол ойлап, Өтеген қашан ол қарыз?..» (91-өлең. 135-бет) Бұл өсиеттен қазіргі таңдағы сөз астарын зерттеу түгіл, мәдениет пен дініміздегі мастық пен жындылықтың көрінісін және ел басқару ісінде де мұсылмандықтан кеткен елге айналатынымызды алдын ала болжап және құран аяттарының адамзаттың тағдыры болып жазылатынын, уақиғалардың тығыз байланыстылығын дәлелдеп көрсеткен. Мысалға «пірге қол беру» немесе қолтығынан өтумен адам баласы өз аруағын сол кісіге басқаруға тапсыру ырымын ескертеді. Ал біреудің аруағы түгіл өз кітабы, уахиы, мөрі жоқ «пірлер» қалай біреу үшін аян көріп нұсқау бере алады? Сондықтан біреуге пір болу үшін әуелі өзіңдегі тоқсанды 11 реттен түйіндеумен яғни «Тобықтай түйін», «Уақ»-тарға айналған, «Ман» қуатын, бірліктерді меңгеру керек. Бұндай істерді негізінде ізгілік, қасиеттерді меңгеру барысында Алла жолында соғысып, артық хайыр жасаумен, уахимен арнаулы жол-жобаңды яғни ақирет өмірінің қағидаларын сақтау арқылы орындау шараларын, құран насихатын жетік меңгеруден және  жаратылыс басынан бүкіл әлемге бөлек-бөлек кітаптармен елшілер, пайғамбарлар арқылы түсіріліп, ең соңында бұл сөздердің ұғымдарын бәрін бір тілдің 7 үндік ұғымына құранға жинап, бұндай күрделі сөздердің Мұхаммед пайғамбарымыз арқылы арап халқына жалпы үгіттік ұғымдарын, үгітін оңайластырып  түсіргенін көрсетеді.

     Енді «Аруақ» сөзі арап тілінде тек «йад»-қол деген мағынамен ғана белгілі болғандықтан, тек сандар мәнімен 5 тәңірлік сипатты белгілеп үгітnеледі. Ал негізінен «Аруақ» ұғымы жалпы қуаттық саны жеті бұтақты көкке жалғанатын ағаш болып қалыптасатын Алланың құдірет қолының от пен су арfсын біріктіруші, хикметтерін орындаушы себепшісі болып; 5+7=12 санды Ғиса пайғамбарымызға осындай белгімен көктен түскен дастархан несібені де көрсетіп тұр. «Немесе олар: «Құранды өзі жасады» дей ме? Мұхаммед оларға: «Егер айтқандарың шын болса, Алладан өзге көмекке шақыра алатындарыңды шақырыңдар да сол сияқты жасама 10 сүре келтіріңдер» де.» (11-13) (23) деген аятты негізге алсақ, 10-сүремен ғана ақылды, қанатты періштелердің қалыптасатынын және шақырғанда жәрдемге келуші «Құран»-Кітап-Кісі яғни Алланың өзі болып есептелетінін ескертеді. Он санын есепшілер барлық сандарды құраушы негізінде қарастырғанмен, ал Құран ғылым бойынша 5-тің ішіндегі 9 жандық белгіден «Қатыннан» пайда болатынын Шәкәрім атамыздың насихатынан көруге болады. Сондықтан да;  «Аруақ» деген сөздің қуаттық мәні 12 несібені, кітапты толық қамтитын, шақырғанда жауап беретін және құлшылық істерінің нәтижелерін аралық елшілік істерін көрсететін, адамзат тіршілігіне және жеке-жеке пенделерге де байланысты Құранның қозғалыс, қаракетке айналған аяттарының түрленген бейнесі, адам баласының ақыл серігі, Раббымыздың (нұр-таза ақыл) құдірет қолы болып шығады. Құран сөзі тәңірлік рухани негіз 5 қуатты бейнелеуімен қатар 100 және 14 сүре екі жетінің мәнін беріп тұрудың өзінде үлкен сыр жатыр. Олай болса және «Аруақ» сөзі адам баласының құранyан алған үлесі кітабы «Ман» болып саналады. Оған себеп «Аруақ» сөзінің ішінде құранның толық 7 үні яғни 7 күн кіші қуаттық сипаттары жасырылған да және осыған қарсы 5 қуаттың таңба арқылы бір ұғымды белгілеуімен көрініп, әшкере болып тұр. Сондықтан да осы үндерді құран аяттарының сандар сырына ғылымынан айналдыру үшін, пайғамбарымыз дүниеден өткеyнен кейін қайта жинақталып, сонан кейін санмен белгіленудің өзінде хикметті сырлар бар. Ақиреттен пайғамбарымыздың шапағаты арқылы таңдаулы сахабаларды пайғамбар аруағының еніп, бейнеленіп уахимен, аянмен жетелеп, құпия ғылым сырын көрсету арқылы қазіргі біздің оқып жүрген құранымыздың мүлтіксіз сандар жүйесімен жазылып берілуіне де негіз болған. Сол сияқты құранның әрбір заманның жетістігіне қарай, сөздердің дамуымен өзара алмасуына қарай, құранның басқа тілдерде аударылып түсіндірілу хикметі де тек Мұхаммед пайғамбар шапағатына, аруағына жолығып, көрсетуімен пайғамбар аруағының яғни кітабымен жетеленумен ғана қандай тілде болса  дұрыс дұрыс аударма болып есептеледі. Ал жоғарыдағы мысалмен Абай атамыздың ескерткен діннің сопылық ұстанымдарын және сөз құпияларын, уахиды меңгермей тек арап тілінен сауат ашып пір атанып, ешқандай мұғжиза, хикметке, Раббысының нығметіне жолықпай, тек шариғат көлеміндегі кітап жүзіндегі біліммен ғана бес парызбен әрекет етумен тура жол деп, өз ақыл серіктері ақирет аралық себепшісі «Аруағына»-Кітабына жалғанбағандар тек халықты адастырушылар ғана болып саналады.

     Енді «Аруақ» ұғымы негізінен екі түрлі періштелер тобының жинағынан; «Ар» және «Уақ» періштелері болып бөлінсе, ал ішкі сыры тағы; «Ару» (Жан періштесі), «Ру» (Ел), «Ақ» (рух, сөз қуатының бейнеленуі, аян-ақиқат)-сөз қолдауы болып үш топпен барлығы 5 түрлі періштелердің іштегі адам баласының тағдырының кітабы екі менге қосылып, 7 үнді белгілеп яғни Құранның жеті үнін оқушы қаламды белгілейді. «Ар» ұғымы құранда жоғарғы Алланың құдірет қолымен байланысты екенін белгілеген «Б-ақ-ар-а», «Ра(ар)-х-ман», «Ағ-ра(ар)-ф», «Қ-ар-и-ға», «Шу-ра(ар)», «Қам-ар», «Шұғ-ар-а», «Іс-ра(ар)» негізгі сана қуаты ар-ісі және 13-санды «Ра-ғыд» деген атаулардың ішінде жасырын әшкере тұрған «Ар-Ра» ес қуаттарының көрінісі осы «Ар-уақ» сөзінің ақиқатын белгілеп тұрғаны даусыз. «Ар» қуаты адамдардың дүние тіршілігіндегі есінің шамасын белгілесе, ал «Ра»-деп ақирет өміріне түрленген ақыл серік періштелерінің, адам көлеңкесінің ғылымын ескертеді. Сондықтан Құранның да, пайғамбарымыздың да бұрынғы сақтың бір нәсілдері болып, «Ад»-тан апаттан аман  қалғандардың кейіннен нәсілдерінің түрленуінен; «Ад»-тан «Ап»-деп әйелдік қуат атымен аталған жиендерге қосылған, Ыбырайым пайғамбарымыздың «АР» тайпасынан тараған және Ысмайыл пайғамбар арқылы «Ар-ап» елі болып, сондықтан да Мұхаммед пайғамбарымыздың құрандағы негізгі сандық мәні жеті болып; «Құранның жеті үнін меңгердім және жеті сүйекпен сәжде жасауға бұйырылдым» деп өсиет қалдырған сырының құпиясы осы толық аруақты яғни құранды жанына, рухына жазып алғанын көрсетеді. Сондықтан «Арап» деген сөздің өзі Адам атамыздан басталған негізгі Ар мен Ад қауымынан пайда болған 30 таңба нәсілдік белгінің негізін қалаушы және оның еркектерге арналған қуаттық шамаға түрлендіргенде «Пара»-«Ақ-ша» болып оқылуының өзінде Құранның 30 пара үн ғылымын меңгерудің құпиясы көрсетілген үлкен сыр бар.

      Енді «ақшаның» «мал»-ға түрленетінін ескерсеңіз құранды басынан аяғына дейін жаттап алудан жынды, асау қызыл түйелерді баққан бақташының жағдайына ұқсайды дегенді пайғамбарымыз да астарлап ескерткен. Енді біртұтас періштелер тобы;«Уақта» рухтың, судың 3/1 бөлшегі болады да осындай «Ақша», «Мал», «Пара» қуатты шеріктер тобына жатқызамыз. Бұл жағдайдың адам баласына «Ар» қуаты арқылы ғана зейнеттелуі ақылға тәуелді болып, адам баласының ондай шеріктер арқылы ар қуатымен бірленіп, тазарып, жетілген ақылды періштелерін «Серік»-иман жолдас деп аталса, ал бұндай табиғат әлеміне де адам рухына да байланысты заманның түрлі себептерін қалыптастыратын көкпен, жер ортасы және ақиретпен дүние тіршілігінің аралық қарекеттік періштелерді әскерлер, ләшкерлер немесе «Шеріктер» деп те атаймыз. Сондықтан уақты адам жанына таза ақылмен «Ра»-Раббымыздың нұрымен, Алланың достары әулие-әмбилердің кісі қуатымен араластырмай тікелей қосуға болмайды. Тек осындай ойға айналған, киелі жер ойпаттарда жүретін «Ман»-дар арқылы ғана 5-ке 10-мен дәрежелеп, сосын 3-ке және 7-ге толық аруаққа айналдыру арқылы  ғана жоғары дәрежелі Алланың ардақтағандарына «Бірге» қосамыз. Уақ әрбір жаратылыстың мезгілдік бір бөлшегі «ОМ» яғни аты жоқ періштелер болып, яғни жоғарыдағы көрсеткен 5 негізді адам жанына байланысты Раббымыздан тікелей үкімдерді алу арқылы басқарылатын қанатты  періштелер қауымының бірлестігі арқылы сана қуатымен басқарылады. Бұндай «Уақ», «Ру» және «Ақ» қуатты періштелер жаратылыстан белгілі бір ат алу үшін толық сөзге одан көркем сөз атауларға «Атман»-ға, (Брахмаға) яғни «Ар»-ға қосылу керек. Адам баласынына ат қойғанда осы арлылығын, сана қуатының белгісін, таңбасын береміз. Барлық жаратылыс адамзат үшін, «Ар»-ға, «Ман»-ға қызметке тұрып, тек осы адам баласының рухани қажетін өтеу барысында ғана бастапқы жағдайға бірақ өзіндік саналы тіршілік ету жағдайына «Адам» періштелік немесе кісілік қалпына келу керек. Қалыптасқан кісіліктің белгісі сүйектерде сана қуатының «Ар»-дың 4 түрлі сипатының бірлігінің 3 қуатпен яғни есту, көру, ойлау таным күштерімен дәрежеленіп 12 мүшені құрайды. Қазақта; «Сүйегі асыл» деген сөз бар. Яғни «Ақ»-ты сүйекке сіңіру арқылы және сүйген нәрселеріңді Алла жолында жұмсап, нәпсіңмен күресіп, малдық  «Пара-Ақша» қуаттарды орнына жұмсап жетілдірумен, көбейтумен, жан періштесін «Ару»-ды (4+7=11) ділімізді, ұлттық санамызды қалыптастырамыз. Бұл жағдайдың дүниелік көрініспен тек әйелдердің жалаңаш тәніне табынған арулық (нәпсінің дерті -ес іріткісі) емес сопылар жырлаған адамзатқа тән ортақ жан сұлулығы ішкі жан сыры «Ару» туралы екенін есіңізге тоқып алсаңыз, дана бабаларымыздың жырлаған ару қыздарының «Жар»- сырын түсінетін боласыз.  Адам баласында бұл жағдайларға байланысты құлшылық негіздерін және «Ақ»-пен, сөзбен дәрежелеп алатын жаратылыстағы барлық қуат белгілерін де сүйектер санымен көрсетіп қойған. Аруды-жарды «Сүй» және «Ек» (сүйек) тәңірлік сипат болғанымен оны іске жұмысқа жегу үшін басқалай түрлі себептер және буындар керек. Негізгі қызметші буындардың да адамзатта саны да 7 үннің аруақтың 10-мен дәрежелену сипаты; 77 болып жеті санының бірліктерінен тұрады. Яғни негізінен 77 түрлі «уақ»-нәсіл өткен жер бетінен тарихта. Сондықтан орыс халқы бұндай буындар негізін «Позвони» «Очник» яғни аян, уахи болып, түсіңе кіріп оятушы деп ат қойған. Және  адам баласының түсіне кіріп, ұйқыдан оятушылардың яғни ақиреттегі «Уақ»-тың 30-ы пара болып, негізгі құранның шежіресін көрсетіп тұрса, ал 30+17= 47; Мұхаммедтің үмметі болып бірлену керек. Бұл 47 санымен қалың мал төлеу салты қазақта болып 300-дің шежіре таңбасынан зерттеп тануға болады. Бұрынғы текті номадтық нәсілдегі аналарымызда осы ділдік белгіміз 147-санымен даналыққа, кемпірлікке жеткен аналарымыздың қанында болып, біздердің осындай жаратқанның нығметіне бөлеген шексіз байлық егесі болуымыздың да басты себебі де, бұрынғы ата-салт дәстүрімізді, аталар аманатын бұлжытпай орындаған, аруағын, ұлттық негіздегі құран-кітабын, дінін қорлату түгіл, қарсы сөз де айтқызбаған, намысты, арлы, текті қазақтың қара шалдарының таза дінінен, нәсілінен жаратылуымыздан ғана деп түсінгеніміз абзал. Бірақ уақыт өте әйелдеріміздің намысы яғни қандық ұяты азып мүлде жоғалумен ендігі нәсілдеріміз бүкіл әлемдік азғындықтарға құмар, бұрынғы жер бетінен жаратқанның лағынетіне ұшыраған елдерден келіп және жетіспегенін өзіміз ниеттеніп, біріміз европаға, көрші орысқа және арап елдерінен ерінбей барып, май орнына «У»-ын (суын) ішіп және «сынықтан басқанын бәрі жұғады» дегендей арты азапқа түсіп, тұқымымыздың тозатынына ғалымдарымыздың, ел басқарушыларының көзі әзір жете қоймас. Сондықтан Нәсілдер яғни «ру», «ел»-«уақ» біздердің қозғалыстық мінездеріміз, қылықтарымыз болып «Ару» періштелері су арқылы өсіп-өнетін жанымыздың негізін құрайды.  Ал «Ақ» -негізінен жеті үннен тұратын сөздің қуаты болып, діл білімі 11-санды ұлттық рухқа яғни қимасы (қосындысы) 18 санға байланысты, көркем сөздің киесі Інжілді белгілеп тұр. Ақтың 8 түрлі рең бояудың негізі (топыр-ақ) бастапқы жаратылыстағы қараға (ысқа) қарсы тұратын тегі болып, көркем сөзбен жетілген қуаттың шамасы деп те түсінуге болады. Енді діншілердің жалауына яғни ұранына айналған «Серік қосу», «Серік қату» деген сөздің ғылымын қалай түсінеміз? Бұл жағдайдыаятта; «Мұхаммед расында қарсы болғандарды, үгіттесең де үгіттемесең де бәрі бірдей. Олар иман келтірмейді, (6) Алла олардың жүректерін, құлақтарын бітеген, әрі көздерінде перде бар. Сондай-ақ олар үшін зор қинау бар». (2-7).

       Бұл аятпен 6 саны иман періштелерін, серіктерін қалыптастырмағандардың иман келтіруі мүмкін еместігін және бұл жағдайдың 6-мен 7-нің бірлігінен аруақтық белгінің, періштесінің қалыптасуымен жүрек тазалығына тәуелділігін ескерткен. Сондықтан бұл серік қосудың негізігі кітабы 106-шы сүре болып төртеуді түгелдеу қағидасымен құранда 106 жерде баяндалып «Нас-сан», «Кәфирұн-Фәк (пәк)-и (шар)-нұр» сүрелері осы кітаптың негізгі ғылымы болып саналады. Ал «Серік қосудың» барлық сүрелерде ғылымынан қарай 6-шы аятпен насихаттап және енді әр елдің нәсілдік белгісіне қарай бұл жағдайды меңгерудің білімін де, үгітін де баяндап көрсеткен. Және мұсылман елдеріне ортақ ашық кітап болып «Ғайып ерен қырық шілтен» болып пайғамбар шапағатын іздеп, Алла жолында мал жұмсап, тау-тасты кезу білімін ескертетін, жер, көк несібесіне жалғану сүресінен; «Мұхаммед: «Мен де сендер сияқты ғана адаммын. Маған Тәңірлерің бір-ақТәңір екендігі уахи етілуде. Сондықтан сол бағытқа жөнеліңдер әрі Одан жарылқау тілеңдер. Аллаға серік қосқандарға нендей өкініш» де.» (41-6) Бұл аятпен қазақтың бір тәңірге құлшылық ету діні арқылы  тау-тасты аралап, әулие орындарына түнеп, сол бағытқа, сол қолдарыңдағы аруақтық белгі; 81 түрлі елшілік істердің нұсқауына, уахиға жалғанбасаңдар, құр намаз оқумен тура жолды іздегендер, масһабшылардың, т.б. діни топтардың «Серік қосушылар» болып саналатынын ашық баяндайды. Сондықтан; Ата жолының бата алушыларын жын-шайтаннан деген масһаб ғалымдарының пәтуасына аятта; «Мейлі жыннан, мейлі адамдардан болсын, бүкіл азғырушылардың кесірінен Аллаға сиынамын» де.» (Нас; 114-6) (120) Қандай жағдайдағы табынушылық әрекеттері құран оқу арқылы атқарылса, онда жын-шайтанға, немесе басқалай серік қоу болып есептелмейтінін ашық баяндап, ескертіп тұрғаны даусыз. Және бұндай жағдайдың дін адамдарының арасында мұнафықтық сөздермен қарсылықты туындататын себептерін аяттарда осы 120 санымен ескертіп насихатын түсіндірген.

     Енді екінші жағдай аятта; «Сендердің діндерің өздеріңе менің дінім өзіме тән» де» (109-6) (115) Пайғамбар ұстанған тура жолдың негізін яғни табыну амалдарын белгілеп және 115 сандық мәні арқылы пайғамбарымыздың намаздарының негізін білуге болады. Мысалға бірінші жағдайдағы сиыну амалдарының ерекшеліктерін яғни біздің дін масһабшылары мен ата жолдықтар арасындағы жағдайды аятта; «…Сондай-ақ сендер кітаптың бәріне сенесіңдер. Қашан олар сендермен кездесе: (аруаққа-кітаптарға) «Иман келтірдік» деп, ал қашан оңашалана қалса, сендерге деген ызаларының салдарынан (садақамен байып жатыр деп) саусақтарын шайнар. Мұхаммед: «Ызаланған бойда өліп кетіңдер!» де. Шәксіз Алла көкіректегілерді толық біледі. (119) Егер сендерге бір игілік жетсе, (аруақтардың сөйлеуі, бата, уахи) оларға жаман көрінеді. Ал егер сендерге бір жамандық жетсе (сынақ болса, ақ ұлдың қазасы т.б.), оған олар хош болады. Егер сабыр етсеңдер, сақтық істесеңдер, олардың сығандықтары сендерге ешбір зиян қылмайды. Күдіксіз Алла (Т) Олардың не істегендерін толық біледі.» (3-120) Қазақтың дін және ел басқарушылары мен заң орындарының ата жолына істеген сығандық хикаяларының өзі болашақ ел басқаратын білімді ұрпақтардың енді адаспауы үшін бір ескерту үгіт болып қалатын шежірелік қисса болып, әлі алда ел басқарушылар, заң орындаушылары мен діншілердің халыққа, дініне ашықтай істеген зұлымдық әрекеттері де баяндалған  басылымдар шығары даусыз. Ал енді пайғамбарымыздың намаз орындауына, пайғамбарлық қасиетті меңгеру және табыну амалдарынан мысал берсек; «Адам баласына, әке-шешесіне жақсылық істеуді нұсқадық. Өйткені шешесі оны зорға көтеріп, әрең босанады. Сондай-ақ оған жүкті болу, сүттен айыру отыз ай (30 пара, діл білімі) Ақыр ол ер жетіп, қырық (40) жасқа ұласқан кезде: «Раббым! Өзіме әке-шешеме берген нығметтеріңе шүкірлік етуімді, өзің разы болған түзу ғамал істерімді маған нәсіп ете көр! Менің ұрпақтарымды да түзелт. Шын мәнінде тәубе қылдым. Әрине мен бой ұсынушыларданмын» деді» (46-15) Әрбір пенде анасының ақ сүтін ақтау үшін 40-тан асқанша дінін, бойын қалыптастырып, күш қайратын, ар-намысын қалыптастыру барысында еліне, халқына, отанына қызмет жасап, барлық түзу істерді меңгеріп, ақылын толтырып, естілігін, сана қуатын жетілдіру арқылы ғана аруақ қуаты періштелік «Алтауы» қалыптасып барып намазхан (сөзіне, ісіне патшалық-хан) болуға, жасаған құлшылығы да жаратқанға жалбарынған тілегі де қабыл болатынын және тура жолға қарай бағыт алатынын түсіндіреді.«Алла бір елді тура жолға салғаннан кейін олардың сақсынатын нәрселерін ашық білдірмейінше (өліктермен сөйлестірмейінше, жаппай жүрек ашу хикметі болмайынша), оларды адастырмайды. Расында Алла әр нәрсені толық білуші.» (9-115) Демек жоғарыдай салт-дәстүрлі діні бар елдің тура жолда болып және әрбір елдің өзінің жол-жобасын білдірген әулие-әмбилерімен уахимен жалғанып, жапай ескертілмейінше, ол елді адастыру бұрынғы салт-дәстүрін өзгертуге болмайды. Және бұл жолдың, пайғамбар намазын; «Мәдинеліктердің және маңайындағы бәдеуилердің Алланың Елшісінен кейін қалуларына сондай-ақ оның жанынан өз жандарын артық көрулеріне болмайды. Өйткені, олар, Алла жолында шөлге душар болса, шаршаса, ашықса, кәпірлерді ызаландыратын бір жерді (ойпаттар, зираттар, киелі орындар) және дұшпанды (шеріктерді және нәпсісін) жеңсе ғана оларға сол себепті жақсы ғамал жазылады. Алла игілік істеушілердің сауабын зая қылмайды.» (9-120) Алла жолында қару-жарақпен соғысу игілік емес екенін, ал игіліктің зиярат жорығы арқылы қалай орындалатынан алдағы басылымда мысалдармен ғылымын дәлелдей жатармыз, әзірге осымен ғана Алланың сөзі аяттан аян, немесе ақтан аят болып адам баласының жанына жалғанатын серік – ақыл болатынымен тоқтата тұрайық та, ал дінде қандай ақыл берушілердің серік қосушы немесе жерін, ділін, отанын, тілін, дәстүрін, ғұрпын өзге елдің ақылына ойланбай айырбастап ар-намысын сататын сығандардың яғни мұнафықтық пенделердің кімдер екенін осы сандар мәнімен және дана аталарымыздың еңбегімен салыстырып өзіңіз-ақ терең зерттеп оқып білуіңізге болады. (Ар мен Уақ және Ман қуаттары атты 6-кітаптан үзінді)

Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер;   http://btk.atazholy.kz/

        

          «Ман» -сөз қуаты «Нам-ыс»-Аруақ үні.

 

     Аруақ ұғымындағы енді сөздің сыртқы бейнелену құрылымын зерттеп көрсек, негізінен екі түрлі қарсылықтағы періштелерден тұратынын байқауға болады. «Ар» мен «Уақ» ұғымдары 2 және 3 сандық белгімен және екі түрлі қуаттардың көрінісімен бірақ бір бүтіндік сипатты көрсетіп тұр. Сол сияқты Әдет-Ғұрып деген сөздің өзі бір-біріне қарама-қайшы ұғым болғанымен тарих сынынан өткен дінді меңгеру барысындағы қалыптасқан тұтастықты белгілейді. Енді Салт-Дәстүр деген де негізінен бір-біріне үнемі қайшы келетін қозғалыстық, қарекеттік белгіні көрсетеді. Қазіргі салтымыз европалық, дін шариғатымыз қызылбастық болып, ал дәстүріміз қазақтың бұрынғы дін ұстану салтынан қалыптасқан болғандықтан, осындай рухани сөз қуаттарының қарама-қайшылық жағдайынан қазіргі таңда дінде де, мәдениетте де қым-қиғаш алауыздықтың пайда болуына себеп болуда. Осындай қарама-қарсылықтарды жеңу үшін аятта; «Әй адам баласы! Шүбәсіз сендерді бір ер, бір әйелден жараттық. Сондай-ақ, бір-бірлеріңді тануларың үшін сендерді ұлттар, рулар қылдық. Шынында Алланың қасында ен ардақтыларың тақуаларың. Шәксіз Алла толық білуші, әр нәрседен хабар алушы.» (49-13) (62) Бұл сандардың ғылымының өзі тақуалықты, парасатты меңгеру жолындағы адам баласының тәубелік істерін айқындап көрсетіп тұр. Тақуа болу, Алланың қасында ардақты болудың да негізі жыныстық, ұлттық, рулық ерекшеліктерді меңгерумен «Ар»-ісімен байланысты екенін ескертіп тұр. Енді жалпы Ар дегеніміздің негізгі толық өлшемі қандай? Бұған тағы сөз ұғымын зерттеп көрсек Ар-Намыс, Ар-ұят, Ар-ұждан  болып көп жағдайда сызықтық белгімен арасын ашып жазамыз да ал «Арман» деген бір сөзбен, ұғыммен белгіленіп түп негізін ойды, естілікті бас мүшелерімен, ақылмен дос болуды ескертіп тұр.

      Енді ұят пен намыс екеуі бір ұғыммен және ұят жоқ жерде намыс та болмайды да, ұят пен намыстың нәтижесінен ғана ұждандылық қуаты пайда болады. Сондықтан ардың негізгі көрінісі ұждан мен ұят арасын біріктіруші қуат намыс болып саналады. Сондықтан «Ар»- Намыссыз «ұят» құр жалтақтық,  ынжықтық болып есептеледі де, ал ұятсыз адамда ұлттық, елдік, жыныстық, кәсіптік қуатты толық намыстың адамгершілік бейнесі болуы да мүмкін емес. Ал енді ұждан дегеніміз көңіл қуаты болып, қан мен жүрек тазалығына байланысты ұғым болғандықтан ұятсыз, намыссыз пендеде ұжданы жетімсіз болып, ары да өнімсіз болып келеді. Олай болса «Ар» қуаты дегеніміз негізінен намысты бастапқы «Ман»-адамдық және «Ыс» ты яғни «Жын»-ды және шайтандық ішкі үн қуаттарын тәрбиелеп меңгеруден пайда болатын адам баласының еркін, рухының қайратын белгілейтін өлшемдік шама. Бұл қуаттардың бірлігін адам баласының қан тамырларының соғу жиілік, тербелісімен емшілік сырын меңгерген аталарымыз қол, шат және мойын тамырлыры арқылы тәннің де барлық ағзаларының дерттілігін, саулығын анықтайтын болған. Бұл соқпа, күре және бұл тамырларға азық, ақпарат беріп тұратын сыртқы майда қан тамырлары жүйке жүйесі, еріктілік белгілерінің ара  қатынасы арқылы анықтауға болатынын меңгерген. Осы үш түрлі ақпараттық белгілерінен адам баласының қан қызуы ыстық, суықтық және қанның ығал, құрғақ, жарықтық, қараңғылық т.б. екі негізден тұратын «Ар» қуатына байланысты адамның денсаулығы, жігер, қайраты, жыныстық өнімділігі сияқты ерекшеліктері қалыптасатынын ескерген. Қандайда болсын адам баласының сөз, тіл білімі құран насихаты бойынша бастапқы 3 түрлі жаратылыс негізінің онмен дәрежеленген 30 пара құранның барлық сүрелерінен яғни жер бетінің барлық нәсілдік белгілерімен байланыста құралғанын белгіліп, енді осы тұрақты санға байланысты аруақ қуатының шамасын 3-тің екі дәрежесі барлық басқарушы періштелер санына  «Мұсыл»-дық жаратылыс адамдық ерекшелігіне тәуелді; барлық адамдық қасиет қабілет белгілері, діні, қызметке тұрған періштелік толық бейнесі, құлшылығының қалыптасуы 39-шы сүре арқылы насихатталған.

     Енді жоғарыдағы аятта тақуалық дегеніміз ұлттық, рулық ерекшеліктерімен, әдет-ғұрыптарымен көркем мінез болып ардақты, яғни 49-13 санды ерекшеліктерімен 62-санды жұмасының қан қуатының қалыптасу ерекшелігін, ділдік білімін көрсетсе, сондай жағдайымен ғана арлы болып саналатын болса онда ардың ішкі періштелік, қуаттық өлшемін Абай атамыз 39 санмен белгілеп көрсетіпті. «Рас, бұрынғы біздің ата-бабамыздың бұл замандағылардан білімі, күтімі, сыпайылығы, тазалығы төмен болған.» Осындай 4 түрлі адамдық қасиет, ұяттылықтың негізі болып табылады деп ескертеді. «Бірақ бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен. Ендігі жұрт ата-бабаларымыздың мінді ісін бір-бірлеп тастап келеміз, әлгі екі ғана тәуір ісін біржолата жоғалтып алдық» Жоғарыдығы 4 түрлі адамдық қасиетті көркемдестіретін енді екі түрлі мінез-арлылықтың яғни ұлттық намыстың шамасын көрсету тиісті. «..Ол екі мінез қайсы десең, әуелі-ол заманда ел басы, топ басы деген кісілер болады екен. Көш-қоңды болса, дау –жанжалды болса, билік соларда болады екен. Өзге қара жұрт жақсы-жаман өздерінің шаруасымен жүре береді екен. Ол ел басы мен топ басылары қалай қаласа, қалай бітірсе, халықта оны сынамақ, бірден бірге жүргізбек болмайды екен. «Қой асығын қолыңа ал, қолайыңа жақса сақа қой», «Бас-басыңа би болсаң, манар тауға сыймассың, басалқаңыз бар болса, жанған отқа күймессің» деп мақал айтып, тілеу қылып, екі тізгін бір шылбырды бердік саған, берген соң, қайтып бұзылмақ түгіл, жетпегеніңді жетілтемін деп, жамандығын жасырып, жақсылығын асырамын деп тырысады екен.» Жаратылыстың қозғалыс негізі екі тізгін бір шылбырды ұстағандардың төрелікке тұрған ағайындарымыздың білімділігі, ұяттылығы, ұлттық намысын қорғаған арлылығымен бүкіл халықтың да көшінің түзелетінін ескертеді. «Оны зор тұтып, әулие тұтып, онан соң жақсылары да көп азбайды екен. Бәрі өз бауыры, бәрі өз малы болған соң, шынымен жетесінде жоқ болмаса, солардың қамын жемей қайтеді?» Қазіргі таңдағы тірі жүрген ел тұлғаларын, ғалымдарымызды зор тұтпақ түгіл, Алланың ардақтаған әулиелерін де «Шерікке» айналдырған, ата заңмен өз бауырын есікке тепкен және дініміздегі жаппай өзін арап танушы болғандықтан зор тұтқан арсыздық істері тұрғанда, бұндай ата-бабаларымыз меңгерген сабырлық, ұяттылықты қалыпты ұстап тұратын ұлттық ерекшелігіміз, халықтық, салт-дәстүрлік намысымыз; жандық қарекеттік, танымдық, ақыл-ой қуатымыз, діни жолымыз яғни арлылығымыз тек ертегідей көрінуі сөзсіз.

     «Екінші мінез-намысқорлық екен. Ат аталып аруақ шақырылған жерде ағайынға өкпе, арсыздыққа қарамайды екен, жанын салады екекн, «Өзіне ар тұтқанды жаттан зар тұтады.» деп «Аз араздықты қуған көп пайдасынан кетірер» деп, Ағайынның азары болса да, безері болмайды», «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» десіп, «Жол қуған қазынаға жолығар, дау қуған пәлеге жолығар» десіп, Кәнеки осы екі мінез қайда бар? Бұлар арлылық, намыстылық, табандылықтан келеді. Бұлардан айырылдық. Ендігілердің достығы-пейіл емес, алдау, дұшпандығы-кейіс емес, не күндестік, не тыныш отыра алмағандық.» деген өсиетпен, Арлылық дегеніміз намыстылық деп және табандылықтан яғни хаж істерінен пайда болатын ұлттық намыс қуатын ескертіпті. Бірінші мінезді басқарушы, үш түрлі жан қуатының, ішкі әсерлердің сана-сезім бірлігі «А»-таңбасымен белгілесек, екінші мінезді орындаушы, күш-жігер, қайраттылығымыз, сыртқы әсерлерге жауап беру қабілетіміз «Р»-таңбасымен белгілейміз. Бұл пайымдауға дәлелді «ДНК» заңдылығын зерттеуші ғалымдар тіршілік негізі азотты байланыстарға тәуелді түрде днк-ның негізі осы «А» таңбасымен белгілеу арқылы 4 түрлі таңбаның, осы «А» таңбасымен 2-рет қатынасынан тұратындығын тапқан. Ал «Р» таңбасын адам  мимен байланысты түрлі әсерлерге, сезімдерге жауап беретін қуат ретінде әйгілі болған. Сондықтан адам баласындағы ұяттың, намыстың яғни тектіліктің шама-шарқын және түрлі жанға зиян келтіретін арсыздық істерге жауап беру осы «Р»-таңбалы періштелік қуаттың шамасына, тәннің тазалығына байланысты қалыптасатынын қышқылға, терінің тазалығына да байланысты ескерген жөн. Енді «А» таңбасының көрінісі адам баласының жыныс қуатының тазалығынан және ақыл қуатының шамасына қарай пайда болатыны адам баласының тағдыр уақыт өлшемін белгілейтін, жүрек ісінің көрінісі отты белгілейді. Бұл оттың түсі қызыл болып адам баласы ұялып немесе намыстанғанда қызырып кетуін және әйел затының бетінде пайда болатын қызылдың белгісін, қанның жұпар иісті болып тазарған қалыпты жағдайы деп түсіну керек. Ал ашуланып, немесе намыстанып, болмаса ұялған сияқтанып, қанының қарайып түтігіп кетуінен бұл ардың керісінше теріс істермен, қуаттармен қалыптасуын, тәннің азып сасық иістеніп ділінің де азғандығын көрсетеді. Бұндай жағдайлар тәнін жалаңаш ұстап, зейнет орындарын жабу түгіл қарапайым адамгершілік, шариғат заңдарын да мойындамайтын ұятсыз пендеде осы қышқылдардың және жұпар иістердің болмауынан ұяттық сезімі, қуаты өспейді де және соған байланысты намыс қайраты, еріктілігі де  жетілмей иманды немесе мұсылман болып саналуы, яғни «Ман» қуаты таза болуы да мүмкін емес. Олай болса «Ман» қуаттының бастапқы періштелік бастауы да ұят пен намыстың қайшылығынан тұратын «Ар» өнімдерімен бірлікте адам баласының тағдырын қалыптастыратын періштелік ерекшелігін қалыптастыру керек.

    Енді бұндай арлық заңдылығын пайғамбарымыздың өз дінін-яғни «Ар және «Ман»  жетілдіру барысындағы құлшылығының дұрыс ойлап пайымдау, жыныстық, кәсіптік ерекшелігін біліп соған байланысты талап, мақсат, қиялын қалыптастыру, өз орнын қоғамда да әлеумет арасында да білу негізінде; Аллаға бой ұсыну амалының негізі 39-сүре «Зүмәр» деп аталып, әрбір адам баласының жеке діннің көрінісі арлылық, ұяттылық, намыстылық өлшемімен, діл білімімен көрінетінін аятта: «Мұхаммед: «Шәксіз мен дінді нағыз Аллаға арнап, құлшылық қылуға бұйырылдым» де» (39-11) (50) яғни 11-санды ішкі «Мен»-нің періштелік дәрежесінің қалыптасып нұрлануымен «Мұсылман» қуаттық санының жоғары дәрежесі 39 белгімен бірлігі 50 санымен бес қуаттың толық дәрежеленуін ескерткен. Ал аруақ заңдылығын аятта; «Егер қарсы келсеңдер (Раббыларыңның патшалығына аруақ заңдылығына), сонда Алла сендерден мұңсыз. Құлдарының қарсылығын ұнатпайды. Егер шүкірлік етсеңдер, сендерге разы болады. Ешбір күнәкәр, басқаның (аруағының) күнәсін көтермейді. Сосын қайтар жерлерің Раббыларың жақ (Ағраф жері). Сонда сендерге істеген істеріңді түсіндіреді. Өйткені, Алла көкіректегілерді толық біледі.» (39-7) Егер бұл аяттың 7 санды «Ақ»-ақиқат мәнін білгіңіз келсе онда 39+7=46 санымен аятта: «Ұжмақтағылар мен тозақтағылардың арасында далда бар. Және «Ағраф» делінген жоғары орында екі жақтағыларды да әлпеттерінен танитын біреулер бар. Бұлар: «Сендерге сәлем» деп жаннаттағыларға айқайлайды.(Сөйлеседі) Бұлар әлі жаннатқа кірмеген, үміт ететіндер.» (7-46) Екі жақтағыларды танып тілдестіретін адам жанының, рухының бейнелері, енді үшінші аралықта тұрған дүние тіршілігіндегі пенделерге хабар бермейді деп түсіну мүлде құранға да, ғылымға да қайшы. Себебі барлық тербеліс, қозғалыс, уақыт та тек үш түрлі қозғалыстық, жарықтық, жылулық жағдаймен нәтижеленіп 4; 6-шы мәндерде Аллаға қосылатынын ескерген жөн. Ал енді бұл ескертілген насихаттың пайғамбарымыздың құлшылығының ғылым сыры мен намаз орындауларының негізі болғанын аятта; «Мұхаммед: «Әй көктерді және жерді жаратушы, көрнеу, көместі білуші Алла! Қайшылыққа түскен нәрселерде құлдарыңның арасына Сен төрелік етесің» де» (39-46). Жоғарыдағы Ақ-тың заңдылығын, өлілер арқылы аян, уахи келіп, Әулиелер батасы арқылы Алланың жердегі сипаты «Сен»-нің яғни «Сен-ім»-Ақ денелі, ақ сақалды «Аллаға тән» қуатының, періштелерінің төрелігі болатынын және жағдайдың 46 санына періштелік көлеңкенің қалыптасуымен тәуелді екенін растап тұр. Бұл белгілер көптеген киелі кітаптар мен кейбір бейнеленген суреттер мен ақпараттарда кездесіп, бұлттан қарап тұратын, адам басы, «көздер» түрінде де кездеседі. Аталарымыз кезінде осындай «Ақ»-тан аят келіп, яғни түсіне кіріп аян берсе, дереу құрбан шалып немесе 7 шелпек таратып, аруақтың басы (көзге айналу) көтерілді деп құран бағыштап жатуымыз осы аяттарға байланысты қалыптасқан. Ал енді қарсылыққа түскендер жағдайын 7-39 аяттан толық мағлұмат алып оның алдыңғы және артқылары болып, адам көлеңкесі алтаумен немесе төртеумен байланыстылығын білуге болады. (Ар мен Уақ және Ман қуаттары атты 6-кітаптан үзінді)

Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер;   http://btk.atazholy.kz/