II. Ел басшысының; «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» жолдауына… (Жетеліктен хабары барларға ғана құлақағыс)

  «Қоғамдық сана жаңғырудың негізгі қағи­да­ларын қалыптастыруды ғана емес, сонымен бірге біздің заман сынағына лайықты төтеп беруімізге қажетті нақты жобаларды жүзеге асыруымызды да талап етеді. Осыған байланысты, мен алдағы жылдарда мықтап қолға алу қажет болатын бірнеше жобаны ұсынамын…»(Н.Н) Ел басымыздың елдің шаруашылығын қалыптастыруда өзінің жасаған жобаларын қайта бұзып салуда және қандайда бір қысылтаяң кезеңдерден топтасып қарсы болған әрекеттерден де ортасын тауып шыға білгенін де сөзсіз мойындау да керек.

Саясатта бұл тапқырлық болып, білімде қисынды болса ал рухани тұрғыда бағалағанда екі жүзділік саясат болып, оның ықпалы рухани өрістеуімізді сонша жылға шегеріп тастағаны да хақ. Мұны енді қазіргі болашаққа біліммен бағдар жасап жүрген ұлттың көшбасшылары аңғарудан қалғанымен, болашақ ұрпақтардың сынап айыптаулары да хақиқат. Сонымен ел басымыздың қандайда бір жобасы біліммен қарағанда өте қисынды, мұнан артық енді халыққа не керек деп түсінуге болады. Тарихыңды түзе, дәстүріңді меңгер, ұлттық құндылығыңды сақта, өзге елдерден білімнен қалыспа, барлық білімнің жетістігін меңгер, сол үшін де ұлттық сана кодын яғни ділдің білімін менің нұсқағанымдай бағыт-бағдармен біліммен қисынды жоспарлаңдар дейді.

Толық оқу…

VII-БҮГІНГІ ӘДЕТ, САЛТЫМЫЗ, ЕРТЕҢГІ ЖАЗЫЛАТЫН ТАРИХЫМЫЗ

      Діндар болса да құдайсыздар деп кімдерді атаймыз?

 

Дененің «шамы» көз. Көзің кіршіксіз таза болғанда өмірің нұрға кенеледі. Ал егер аш көз болсаң, өміріңді қараңғылық басады. Сондықтан өміріңде нұр орнына қараңғылық болмасын байқа! Егерде бүкіл өмірің нұрға кенеліп, қараңғы жерің қалмаса, онда ол шамның саған сәулесін төккені секілді түгелдей жарық болады.» (Ізгі хабар 11-тарау. 34-36) Ғиса пайғамбарымыздың ескертуі бойынша ақыл жарығының шамын (шырағын) өшіретін және діншінің ең бір осал жері аш көздік. Қазақ елінде болып жатқан дін аралық сынақтардың бір себебі осы жоғары лауазымдағы діни сауаттылардың және кейбір әкім қара, ояздардың ақылдарының саяздығы мен аш көздігінен, тіптен Алла жолында мал жұмсау түгіл өздігімен халықты тазартуға ниеттенген емші т.б. сауап іздеген пенденің бәрін қудалауда. Толық оқу…

Мәңгілік ел болудың философиялық бағыты

      Сонымен биылғы жылғы ел басының жолдауын қазақ елінің тұрғындары түгіл көптеген өзге елдің сарапшылары да жіті бақылап күтіп отырғаны да белгілі жағдай. Биылғы жылғы жолдаудың көптеген саясат өкілдеріне де соққы болғаны сөзсіз. Ел биліктен қателік, сылтау іздеп, дау-дамай туғызып өздерін халық алдында жақсылар қатарында көрсетуге де жолын кескен, халықтың да көптен күткен шешімдері де шығып ел еңсесін бір көтеріп тастағаны да сөзсіз. Ең басты ғылымға, ауыл шаруашылығына,  әлеуметтік даму барысындағы алда тұрған өзге елдердің қатарына қосылуға деген игі шаралардың да басталуы да көңілге қуыныш әкеледі. Толық оқу…

Фиқһ және «Тасаввуф» туралы.

     Жалпы қандай да діннің негізгі философиялық бағыты жаратылыс сырларын тану арқылы адам баласы өзінің кім екенін және қайдан келгенін, қалай, не мақсатта пайда болып, қайда бара жатқанын білу білімін меңгеруді дін ілімінің негізгі талабы деп түсінгеніміз абзал. Екіншіден осы білімді меңгеру арқылы дүние тіршілігінің адамзат алдына қойған түрлі қиындықтарынан, сынақтарынан өтіп, бұрынғы бастапқы қалпына қайта қосылу үшін белгілі діни шарттар мен жобаларын орындау арқылы рухани кемелдікті, парасаттылықты, адамгершілік құндылықтарды меңгеру керек. Толық оқу…

Жалған пайғамбарлық және дін философиясы.

Қазіргі таңда дін туралы насихат айтудың қажеті шамалы. Қандайда бір мектебтен білімі бар және арапша хат таныса болды, құранның мың жыл бұрынғы берілген тәпсірлерді, хадистерді меңгерген «намазхан» аталған жастар, қыздарымыз да сіздің үлкендігіңіз, біліміңіз қоғамдағы орныңызға да қарамай, ақылын айтып қателігіңізді бетіңізге басып айыптай салу, күнделікті қоғамыздығы қалыптасқан да етіміз үйренген жағдайға айналды. Толық оқу…

II-Сенім мен иман және дәстүр философиясы

Жалғасы, басы; «Жалған пайғамбарлық және дін философиясы» атты тақырыпта)

Абай атамыз иманның ғибадат-намазы, яғни бұрнығы өткен  пайғамбарлардан, даналардан өнеге ала отыра қалыптасатынын және екі шарттан тұрып үш түрлі сипаты болатын 5- түрлі құлшылықтық сипатын белгілеп кетіпті; «…әйтеуір жақсылыққа қылған ниеттің жамандығы жоқ қой дейміз. Бірақ ондай адамдар толымды ғибадатқа (намазға) ғылымы жетпесе де қылса екен дейміз..» (12-сөз) Имандылық ниеттен басталып, негізінен ғылыммен ғана имандылық намазы толымды болатынын ескертіпті. Толық оқу…