IV- Шындық пен шын және ел билігіндегі философияның маңызы

       Қандай да бір елдің өзіндік тарихымен бірге мәдениеті, яғни ақпараттық отаны болу шарт. Отан ұғымының көкпен және сол өмір сүрген мемлекет шегінің, ел шекарасының аясындағы барлық жаратылыс табиғат әлемінен ішкен азықпен рухани азықтың тікелей байланысты екенін де ұмытпаған жөн. «ОТ» мағынасы 14-санды Ыбырайым жолы және 41-санды ғайып ерен қырық шілтендік аруақтық ақирет өлілермен байланысты болса, «Тан»- ҰҒЫМЫН Шәкәрім атамыз; «Ғисадай соққан таңның желі» деген көктен келетін жұлдыздан түсетін рухани ақпаратпен, інжілмен тікелей қатысты деп түсіндірген. Толық оқу…

III- Шындық пен шын және тажалдықтың философиялық түсінігі

     Жалпы адамзаттың екі мақсұты бар. Бірі — тән мақсұты, екіншісі — жан мақсұты. Тән мақсұты мен жан мақсұтының да қызметшісі ақыл болып және ақылдың да пайда зияндылығын анықтайтын таразысы болу керек. Оны адамдық борыш деп атап хайуандықтан жалпы адамзаттың болмысын өзгерпей ұстап тұруға арналған қалып яғни «стандарт»-шамасы, адамдық болмыста тіршілік етуін қамтамасыз ететін мәдени, рухани әлемі  болып табылады. Осы шаманың да тілге, сөзге, үнге яғни ұлттық ерекшелікке байланысты шектері, ұстанымдары, ерекшелігі де болу шарт. Қазақ халқының ұлттық шамасы рухани өркениет мүмкіндігін, мәдениеттік рухани әлемін; әдет-ғұрып, салт-дәстүр деп атаған.

Сонымен бұл шамамыз біздің екі мақсұтымыздың да арды сақтап, қалыпты түрде заманға қарай бейімделуге жәрдем беруі тиіс. Егер біз шамамызды ұмытып, тән мақсұтымыздың жағдайын көбірек қамдасақ онда-өзімшілдік, мақтан, атақ, дәреже, дүние байлықтарымен тек пайдалану тұтынуға негізделген қоғамды құруға барлық  адамдық болмысымызды, құндылықтарымызды жұмсай бастаймыз. Ал жан мақсұтының талабына ден қойсақ, онда ар мен адал еңбек және ақыл өндіруге қызмет ете бастаймыз. Дін талабындағы Аллаға құлшылық деген осы жан мақсұтының талабын орындаумен ғана байланысты болмақ. Толық оқу…

II- Болжам, шындық және тажалдықтың философиялық түсінігі

        Алдыңғы тақырыпта баяндалғандай шындықты құран және барлық дін кітаптары мен философиялық еңбектерден де алуға болады. Бірақ оның қаншалықты шындық екенін қалай ажыратамыз. Міне осы тұрғыда діннің құлшылығының сәждесі яғни намаз оқу, тазару амалдарының қажеттілігі, тақуалықтың, сопылық ұстанымдардың маңызы пайда болады. Толық оқу…

1- Болжау, шындық және тажалдықтың философиялық түсінігі

     Шындық пен шынның айырмасын философ, жазушы ағайындарымыз мүлде ұмытқасын қазіргі таңда шындық пен шынды бір ұғым қылып алдық. Құранға жүгінсек Құран шындық түрінде түсірілді, оқылды деп ескертеді. Олай болса құран түгелдей шын да емес, жалған да емес. Толық оқу…