Бейнежазбалар (ВИДЕО)

Аманат кітаптары

XXXX-Аққу-сұңқарлар және ата жолы дін философиясы мен қазақ дін дәстүрінің түсініктері

 

«Қазақтың шын сөзге нанбай, құлақ та қоймай, тыңдауға қолы да тимей, пәлелі сөзге, өтірікке сүттей ұйып бар шаруасы судай ақса да, соны әбден естіп ұқпай тынбайтұғұны қалай?», «Тыныштық іздеп таба алмай жүрген жұрт тыныштық көрсе, сәтке тұрмай (қанағаттанып шүкірлік қылмай), тыныштықтан жалыға қалатұғұны қалай?», «Нәпсісін тиып, бойын тоқтатқан кісінің жаман атанып, нәпсісі билеп, мақтанға еріп, пәле шығарған кісі мықты атанатұғұны несі?» (40-сөз) Толық оқу…

XXXIX-Аққу-сұңқарлар және ата жолы дін философиясы мен қазақ дін дәстүрінің түсініктері

«Рас, бұрынығы ата-бабаларымыз бұл замандағылардан білімі, күтімі, сыпайылығы, тазалығы төмен болған. Бірақ бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен. Ендігі жұрт ата-бабаларымыздың мінді ісін бір-бірлеп тастап келеміз, әлгі екі ғана тәуір ісін біржолата жоғалтып алдық…сол аталарымыздың екі ғана тәуір мінезін жоғалтпай тұрсақ, біз де ел қатарына кірер едік…» (Абай 39-сөз). Қазіргі таңдағы қазақ ел билігінің қалайда мемлекетіміздің әлеуметін жақсартумен мәңгілік ел құрамыз деген саясатының орындалуына тек қана ұлттық, халықтың екі мінезін қайта қалыптастырумен ғана нәтижелі болатынын әулие даналарымыз болжап көрсетіп кетіпті. Толық оқу…

XXXVIII-Аққу-сұңқарлар және ата жолы дін философиясы мен қазақ дін дәстүрінің түсініктері

«Ей жүрегімнің қуаты перзентлерім (ұрпақтарым) Сіздерге адам ұғымының мінездері туралы біраз сөз жазып, ялкар (естелік, өсиет) қалдырайын. Ықыласпен оқып, ұғып алыңыздар, оның (ол) үшін махаббаттың төлеуі-махаббат. Әуелі адамның адамдығы ақыл, ғылым деген нәрселерменен. Мұның (ақыл, ғылымының) табылмақтығына себептен-әуелі хауас сәлім (іңкәр жүрек, құдаймен сауда) Һәм тән саулық..» (Абай 38-сөз) Адам атамызды жаратушымыз ең әуеліде махаббатпен жаратқан. Сондықтан адамшылық деген ұғымының өзі махаббат болмақ. Алламен арадағы құлшылық байланыста махаббат деген бір қуатты меңгерумен атқарылады, сондықтан жаннатыма жүректің тазалығымен махаббатпен ғана кіресіңдер деген үкім бар. «Маған құлшылық қылыңдар» деген ұғымының махаббатың, адамдықтың жаратылыс егелеріне ақыл, ғылымына табынып қызмет қылу болады.
Толық оқу…

XXXVII-Аққу-сұңқарлар және ата жолы дін философиясы мен қазақ дін дәстүрінің түсініктері

«Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамдықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, алланың сүйген құлы боласың» (Абай 37-сөз) «Жындар мен адам баласын құлшылық үшін жараттым» деген жаратушы иеміздің үкімін адамзаттың екі түрлі құлшылық жағдайда өмір сүруімен байланысты деп түсінген жөн. Адамзаттың өмір сүру үшін, тірі болып қалуы, көбейіп өсіп-өну үшін, өзінің жақсы тұрмыс кешуі үшін де еңбек етуі де құлшылық әрекеті болып, малдық қуатын өсіріп көбейтіп өндірумен байланысты болғандықтан жындылық деп атайды. Толық оқу…

XXXVI-Аққу-сұңқарлар және ата жолы дін философиясы мен қазақ дін дәстүрінің түсініктері

«…Ұят кімде болса иман сонда,-деген. Енді бұл сөзден білінді; ұят өзі иманның бір мүшесі екен. Ондай болса білмек керек, ұят өзі қандай нәрсе? Бір ұят бар-надандықтың ұяты…Не шариғатқа теріс, не ақылға теріс жазығы жоқ болса да, надандықтан бойын керістендіріп, шешілмегендік қылып, ұялмас нәрседен ұялған мұндай ұят шын ұялу емес-ақымақтық, жамандық…» (Абай 36-сөз) Адамзаттың меңгеруге тиісті үш түрлі ғылымның сипаты болатынын баяндадық. Ал енді; Ұят дегеніміз; барлық жарықтық қуаттардың ішіндегі ең ұзын толқынды қызыл түсті ғылымның, шындықтың бейнесінен болмақ. Күн қызарып әлемнен ұялып шығады да, қызарып барып ұясына батады. Қызыл түсті шындықтан күннің жарығы қызуы жер әлемге тарайды да, қайта қара түнектің ішіне сіңеді. Демек ұяттың да негізінде жарықпен және қараңғылықтың ішінен, өткен күннің тағдырынан жол көрсететін екі сипаты, екі түсті күні (қызыл, сары) болуы шарт.
Толық оқу…

XXXV-Аққу-сұңқарлар және ата жолы дін философиясы мен қазақ дін дәстүрінің түсініктері

Ата жолын қудалап, соттағанда да негізгі айыптаудың дінші масһабшылар тарапынан құран аяттарымен келтірген дәлелдерге де сүйенгені хақ. Сондай аяттардың негізі; «Тірілер мен өлілер тең емес. Рас Алла тағала әлде кімді қаласа естіртеді. Мұхаммед сен, қабырдағыларға естірте алмайсың. (22) Сен бір ескертуші ғанасың.» (35-23) Толық оқу…

Сайт материалдарын пайдалану шарты:

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото,видео,аудио жазбаларды қоса) atazholy.kz сайтындағы мақала авторының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады. Үшінші тараптың жарияланымды пайдалану құқығы тек рұқсат етілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Байланысу үшін арнайы нысанды пайдаланыңыз.