Бейнежазбалар (ВИДЕО)

Аманат кітаптары

V-Аққу- сұңқарлар және ата жолы.

(жалғасы, басы 1-4 тарауларда)

   Қазақ халқының руханиятындағы қарама-қайшылық жағдайдың туындауына ең бастысы ел билікке бұрынғы кеңес үкіметінің кезінде маркістік философиямен; «ақша-тауар-ақша» деген адамзаттың даму сатысын, хал-жағдайын, тұрмысын жақсарту арқылы ғана рухани құндылықтарды меңгеруге болады деген ұстаныммен тәрбиеленген қауымның келуімен және көптеген жылдар жоқшылық, таршылық дәуірлік уақиғаны бастан кешіріп жақсыны тек дүние жетістігімен, ақшаман бағалаудан барлық ғылым, білім, билік орындарының, атақ дәрежелердің ақшамен бағалануынан қоғамда басты байлық дүниенің шайтандық ілімнің орнауынан пайда болды. Осы тұрғыда да дінді бағалау көрінісінен енді қыза-қыза ел биліктің құдайдың жолына түскен халықтан да салық алу тәртібі де қалыптасып үлгірді. Толық оқу…

IV-Аққу- сұңқарлар және ата жолы.

          (жалғасы, басы 1;3 тарауларда)

  Қазіргі таңдағы қазақ елінде болып жатқан рухани жағдайға құдайдан түсіп жатқан қаншама ескерту апат, азап, аурулар мен кенеттен болып жатқан ажалдарға  бұл бізге жаратқанның ескертіп жатқаны болар және де біздің адамгершілік тұрғысынан теріс кеткен қылықтарға жауап болар деп ойланатын мен өз басым діншілерді былай қойғанда естіліктің үлгісі болған бірде-бір философ ғалымды, ел билеушілерін көре алмадым. Ондайлар мүлде жоқ деуден аулақпыз, бірақ ойланғанмен амалға айналдыруға ерік жігер, арлылығы жетпейтіні де хақ. Ал мұндай рухани жағдайға баға беріп, ел биліктің де дұрыс шешім қабылдауына, әділетті заңдар шығаруына жәрдем беруші дін істері мен муфтият және мыңдаған осындай зерттеу, сараптау жасаған, дін білімін, құран ілімін меңгерген пәтуа берушілер не бітіріп отыр?- деген сауалдың да еріксіз туындауы да сөзсіз. Толық оқу…

III-Аққу- сұңқарлар және ата жолы.

          (жалғасы, басы 1;2 тарауларда)

Ата жолының негізгі ұстанымы ата дәстүріміз болып; «Батаменен ер көгерер, жаңбырменен жер көгерер», «Өлі риза болмай, тірі байымас», «Төртеу түгел болса төбеден келеді, алтау араз болса ауыздағы кетеді» деген негізгі үш қағидамен басталып, ал құлшылық негіздері; «Бірінші байлық- денсаулық, екінші байлық ақ жаулық, үшінші байлық-он саулық» деген бабалар аманаттарына негізделген.  Толық оқу…

II-Аққу- сұңқарлар және ата жолы.

II-Аққу-сұңқарлар және ата жолы.

Сонымен енді ата жолының рухани болмысын тағы да шегініс жасап шолып көрейік. Әрбір қоғамдағы қандайда бір болған қозғалыстың себептерін, пайда-зиянын толық ажырата білмей, ол туралы баға берудің өзі ақымақтық. Және қазақ елінде екі ғана қозғалыстық партияның ғана болып, бірі ел билікке келсе, келесісі «оппозицияға» айналып осы екі аралықта бітімге шақыратын халықтың екі жаққа да ықпалды күшті қалыптастыра алмағандықтан әлемдегі бар бүліктің негізі де осындай жағдайдан туындап жатқаны да хақ. Сондықтан тек ислам дін тұрғысынан ғана қарамай жалпы барлық дін тұрғысынан қазақ елі халықтарының ортақ рухани мүддесі тұрғысынан қарап көрсек. Толық оқу…

I-Аққу- сұңқарлар және ата жолы.

Ата жолының негізгі мақсаты және білімі мен құранның үкімдері, құпия сырлары да толық болмаса да халыққа танымал болып, бұған көзі қарақты оқырмандардың да беріп жатқан пікірлері және еліміздегі рухани ахуалдың да қазақтың дәстүрі, яғни атасының, анасының әдет-ғұрпын, салтын меңгеруге деген ықыластары да басталды. Демек рухани тұрғыда қазақ халқы құдайдың еркін қабылдауға дайындалып ояна бастады деп түсінуге де болады. Сонымен көп ұзамай қазақ елі де, өзге ұлт өкілдері де топ-тобымен ата жолына келе бастауы да сөзсіз. Бірақ сол халыққа жол көрсетіп ақ пен қараны ажыратуға ата жолындағы аққу, сұңқарлардың жағдайын, қандай амалдары дұрыс, қандай істерінің зиян екенін қандай білімді адам баласы бірден анықтап адаспай немесе адастырушылардың еркіне көнбей аман қалуы да мүмкін емес. Себебі қандайда бір ғылым, білім, дін өркениеті бір орында тұрмайды. Бұрынғы замандарда керемет болып, тек бақсылар ерекше қасиетті әулие-әмбилер атқарған істерді қазір қарапайым ғылым, біліммен-ақ кез-келген адам баласы меңгере алатын құбылысқа айналды. Сол сияқты ата жолында алғашқы кезде керемет қасиетімен ерекшеленген аққу, сұңқарлар, емшілер бүгінгі күн талабымен орта топқа түсіп қалғаны және оны мойындауға еркі жібермей дарынды жастарға, арттағы келе жатқан топтарға жол байлау кедергі ғана болып, ата жолының даму өркениетін тежеуші қарсы күштерге айналғанын білмейді де.

Толық оқу…

Сайт материалдарын пайдалану шарты:

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото,видео,аудио жазбаларды қоса) atazholy.kz сайтындағы мақала авторының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады. Үшінші тараптың жарияланымды пайдалану құқығы тек рұқсат етілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Байланысу үшін арнайы нысанды пайдаланыңыз.