Бейнежазбалар (ВИДЕО)

Аманат кітаптары

Қияметтің таразысы Астана қаласынан басталды

Қазақ еліне келген қияметтің сағатына байланысты Раббымыздан түсіріліп жатқан ескерту белгілері мен онан шығу жолдарын ата жолы жазбаларында он жылдан астам уақыттан бері баяндап келеміз. Және әрбір алты ай сайын алдына-ала қазақ еліндегі болатын апаттар мен азаптарды да аруақтардың ескертуімен жариялап, соңғы кезеңдерде бұл белгілердің шындықтан шынға айналып жатқанына ақыл есі бүтін ел тұрғындарының көзі жетіп келеді десек жалғандық емес. Толық оқу…

Қияметтік сын сағатының белгілері

Раббымыздың ескертуімен қазақ елінің жарты жылдық сын сағатының жағдайын алдын ала хабарлап отырғанымыз көптеген оқырманға да таныс болар. Өткен қыркүйек айы жалпы қоңыр салқын шаруаға да жайлы болып, бірақ халықтың жер мәселесінде қарсылық білдіруі болады деп ескерткенді. Бұл жағдайдың уақытша шектеу қойылуымен, бірақ әлі халықтың, дінннің жағдайына қарай шешілмегені де белгілі. Олай болса ел билігі Раббымыздың ескертуіне қарсылығын жалғастырумен сынақтардың да артуына себеп болып жатқаны сөзсіз. Енді осы айға тоқталсақ; Толық оқу…

Қиямет мезгілі пайғамбарлық, елшілік қасиеттердің бейнеленуі

«Мен бір сөзге көптеген сөздердің ұғымдарын сыйғызу үшін жіберілдім» деген Мұхаммед пайғамбарымыз. Құран аяттарының сөз ұғымдары мен арап елінің діл білімінің айырмашылығы да көп. Сондықтан арапттардың өзі құранды толық түсініп кітабына, таза ақыл ойнына жалғанулары да мүмкін емес. Себебі құран әлемнің барлық сөз атауларының жинағы және әлемдік ділдің ақ бұлағы болып табылады. Әрбір ұлттың өз тілдеріне аударылуы арқылы ғана құраннан алатын кітабы ой қуаттары болуымен маңызды. Толық оқу…

Қиямет мезгілінің белгісі-Адамдық қасиеттің көрінісі

Адам атамызды рұқтан жаратып, бірақ қай нәрсені де жұп парымен жараттым деген уәдесі бойынша талай заман өтіп, Адамдықтың өлшемін жоғалтқанда үлгі болсын деп Ғиса пайғамбарымызды керісінше Мәрийем анамыздан жаратқанды. Және Адамдықтың үлгісі көмескіленгенде, Ғиса пайғамбар көктен түсіп, адамзаттың ішінен өтіп, кім мұны қабылдай білсе, сол адамдық қасиетті меңгереді, яғни Ғиса қиямет мезгілінің белгісі деген. Сонымен адамдықтың шынайы үлгісі, қасиетті, рұқты меңгерумізді: «..Шын мәнінде сендерге Раббыларыңнан мұғжизамен келдім. Сендерге құстың мүсіні сияқты жасап, оны үрлеймін. Сонда Алланың бұйрығы бойынша құс болады. ( ҚҰС ТІЛІН МЕҢГЕРУ) Және Алланың бұйрығынша, анадан тума соқырды, аламесті жазып, өлікті тірілтемін (ЕМШІЛІК, ЕЛШІЛІК, АҚ БАҚСЫЛЫҚ ҚАСИЕТТІ МЕҢГЕРУ) әрі үйлеріңде не жеп нені қойғандарыңды хабар беремін. (КӨРІПКЕЛДІК ҚАСИЕТТІ МЕҢГЕРУ) Расында бұл жағдайда сендер үшін әрине үгіт бар. Егер иман келтірген болсаңдар» (3-49).

Ал енді бұл жағдайды, қасиеттерді меңгеру АДАМДЫҚ емес дегендер имансыз екені де хақиқат. Енді қазақта мұндай толық иманды АДАМДАРДЫ дайындайтын тарихатты меңгеріп топ басшылары пірлер болу керек дейді. Ал онда олардың өздерінің Адамдық-иман жағдайлары, көрсететін кереметі, мұғжизалары қандай екен? Раббымыздан сұрап алған деректер бойынша;

Толық оқу…

V-Қиямет мезгілі және жер-ел-тіл дауы; дін дауының салдарына құдайдан жауап белгілері

Әдеттегідей жарты жыл бұрын Раббымыздың ескертуін жариялап; Шілде айында; Жауын-шашын көп болады. Таулы жерлерде су тасқындары болып, халық шығынға ұшырайды. Берекеті кетеді. Жол апаттары орын алады. Шығындар көп болып, ел қазынасынан көп қаржы шығын болады. Егінге де өсіп жетілуіне зиян келеді деген сынақтың толық көрінісін байқадық. Астана қаласын қайта-қайта топан су қаптап және ол негізгі ел билігінің ордасы маңында болғанымен, бұған мән беріп шара қолдануға ұмтылған ел басшы, дін басшыларымыз болған жоқ. Толық оқу…

IV-Қиямет мезгілі және жер-ел-тіл дауы; дін дауының себептерін шешу жолдары

Қазіргі таңда жер сату керек пе, жоқ па деген биліктің ұстанған саясатына халықтың ақшаға, дүниеге қызықпай жер сатылуға, меншікке де берілуге қарсылық наразылығының туындатып жатқаны да сөзсіз. Бұл мәселенің ел биліктің дүние, мал табу мен дін ұстанымдары тұрғысындағы саясатымен, ел басымыздың қандайда бір жолдауы мен орындалмай жатқан шешімдеріне қарамай, дүниемен ғана бақытты, мәңгілік ел болатынына сенім білдіріп және арсыздыққа негізделген заңдарына да бас шұлғып келісе беретін қазақ халқының ендігі кенеттен аяқ астынан дүрлігетіндей не себеп? Толық оқу…

Сайт материалдарын пайдалану шарты:

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото,видео,аудио жазбаларды қоса) atazholy.kz сайтындағы мақала авторының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады. Үшінші тараптың жарияланымды пайдалану құқығы тек рұқсат етілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Байланысу үшін арнайы нысанды пайдаланыңыз.