Бейнежазбалар (ВИДЕО)

Аманат кітаптары

Адам періштесінің пайда болуы туралы.

 

     Әуелі Алла тағала адамзаттың бастапқы және соңғы нұрын жаратты. Бұл нұр сүттей ақ, судай таза, сансыз майда бөлшектерден (атомдардан) сөз буынан тұрғандықтан топыр-ақ деп аталды. Бұл нұрдан бастапқыда Адам атамыз жаратылып, барлық адамзат сондықтан сол нұрдан үлес алып «Адам» деп аталды. Бірақ сол нұрдың бейнелену нәтижесі; толық Құдай тағалаға ұқсас болып, барлық сипатын меңгеретін соңғы пайғамбар еді. Сондықтан оны Мұхаммед пайғамбарымыздың нұры деп атаймыз. Бастапқыда Адам атамыз жаратылмай тұрып, мың жыл бұл нұрға Алла тағала өз рахмет назарын салып, сонан кейін ол нұрда дария пайда болды. Толық оқу…

Иман жолдас, серік періштелері туралы.

 

      Жалпы періштелік қозғалыс егелерін жаралыс басы екі (екі бірлік) сипатқа бөліп, сосын 4-ке, үшке, сонан 5-ке, 7-ге, 9-ға бөліп қарастыруға болады да, ал нәтижеленуі де бастапқы екі бірлік 11 санымен және екінші қозғалыс басы 3-тің бірлігі 13; 31 сандарымен көрінеді. Негізінен жан қызметшілерін танымдық (арлық), қарекеттік (уақтық) сипатқа бөліп ал рух қызметшілерін ақыл-ой қуаттық (Мандық) адам баласының парасат, еркін қалыптастыратын періштелер деп бөлуге болады. Толық оқу…

XXXVI-Ойға түрткі, ақылға дем Құдайшыл болу мен адамдық ұждан, ар текті меңгеру

«Алланы алғаш тану оның болмысына қатысты ажырамас ұғым. Оның қалауынсыз ағаштың бірде-бір жапырағы жерге ұшып түспейді.» (Әл-Фараби). Алла ұғымы барлық әлемдік жаратылыстың мейлі жанды, жансыз нәрселердің біртұтастық тәңірлік сипаты, яғни барлық қуаттың негізі деп түсіну керек. Енді әлемнің ішкі көзге көрінетін, көрінбейтін барлық қозғалыстағы жанды нәрселердің рухани, метафизикалық тұрғыда барлық жаратылысты баураушы, бейне беруші кеңістіктегі орны болып, оның бізге ғылымы, кереметі арқылы танылуға мәлім болатын әлемнің ішіндегі болмысын Раббы-Құдай деп атап; «Құдайсыз, яғни Раббымызсыз қурай да сынбайды» деп түсіну керек. Негізінде адамзаттың тіршілігіне, өсіп-өнуіне, жер бетінің барлық әрекеттерінің басқарушы, халифалық дәрежесін меңгеруіне байланысты Алланы Раббымыз, Құдайлық сипаты, яғни Алланың өзі арқылы рухани тұрғыда танып, байланыста болумен растығы, барлығы, хақиқаты әшкере жарияланбақ.

Әлемдегі барлық тіршілік, қозғалыс иесін сөзден жаратты десек, ал сөздің баста құдайдың нұры, буы, сандық сипатта болумен енді жаратылыстың барлық тіршілік иесінің жандық қуаттық, періштелік негізін Алла тағала деп атаған жөн. Раббымыз оттың негізі сары нұры болса, ал Алла тағала сипаты судың, ақтың негізін бейнелейді. Раббылық, құдайлық және Алла тағалалық сипаттар Алланың өзі болып, ал Алланың өзі тәңір деп ұғыну керек. Себебі Раббылық, құдайлық сипатында да, Алла тағалалық сипатында да тәңірлік сипаты бір болады және ешқандай қарсылығы жоқ. Сондықтан да; Алладан басқа тәңір жоқ дейміз. Ал енді адамзаттың сипатында Алланың өзіндік сипаты «Мен» болып және менге қарсылықтан текті өсіріп көбейтуді құлшылық деп атайды. Құлшылықтың өзі жария және құпия болып, екі түрлі қуаттық жүйенің арасынан ақыл-ойдың бақшасын өсірумен ғана құдайшылық сипатта болмақ. Толық оқу…

XXXV-Ойға түрткі, ақылға дем Құдайшыл болу мен адамдық ұждан, ар текті меңгеру

«Шыннан өзге құдай жоқ, Анық құдай-шын құдай. Ұқпай қалма алаң боп, Шын болмаса, кім құдай? Бұрын шын бар, бүгін шын Ертең шын бар-үш бөлек. Керегі жоқ бұлардың, Бұзылмайтын шын керек!..» Шәкәрім атамыз бұзылмайтын құдайлық шынның әулиелік қасиетпенен байланысты, таза ақылдан туындайтынын ескертіпті. Ал әулиелік қасиеттілікті жындылықтың әрекетінен тазарумен ғана меңгеруге болатынын баяндадық. Әр ұлттың алған жол-жобасы салт-дәстүрінен, ата жолының құдайлық шынның бейнесі болып қалыптасуымен ата-бабаларымыздың аруақтық кітабы болған шындықтың қазынасына, тарихи естілік жадымызға, яғни әулие-әмбилеріміздің жаннаттық, жұлдыздық орындармен жалғанып тұратынын да естен шығармаңыз.

Бір естілік, есті болу деген ұғым тарихпен, өткен өмірмен байланысты ғана қалыптасатын бір ақылдық жүйе болып табылады. Естілік біздің өміріміздегі тәжірибелеріміздің шындықпен, ғылыммен жүйеленген қуат болып және ата-бабаларымыздың да тарихи жады шындығымен жалғанып, екі дүние өмірінің барлық саласын қамтуымен, көріпкелдік, болжампаздыққа да қуат болып саналады. Естіліктің жанмен және рұқтың сипаттарымен байланысты да түрлері болады. Яғни иманмен және сеніммен байланысты екі сөздік белгісі болып бір естілікті қалыптастыруға құдайшылдықтың құлшылығын меңгеру міндетті болмақ. Естіліктің 7; 9 санды белгілері болып оң білек, оң жақ көлеңкемен, құлақ, иық, шынтақ, алақанмен жалғанып тұратын қуаттық жүйені құрайды. Оң жағымыз жасыл түспен және нағашы жұрт аруағымен байланысты болуында да мән бар. «Ұлдың жақсы болуы нағашыдан» деп естілік тектің қалыптасуын ескерткен.

Толық оқу…

XXXIV-Ойға түрткі, ақылға дем. Жындылық пен ынсаптылық және  адамдық  ұждан, ар текті  меңгеру

«Шын асықтың әрбірі Өліп топырақ болды да. Жаралыстың тағдыры Жаратты мені орнына. Бәрінің нұры қосылған Мол керемет менде бар. Жалғыз жарға шоқынған Қайда мендей пенде бар? Менің жарым қыз емес Хақиқаттың шын нұры. Оны сезер сіз емес, Көзге таса бұл сыры…»  (Шәкәрім әулие). Қазіргі таңдағы «зайырлы мемлекетпіз, зайырлы дін ұстанамыз» деген дінші, ел билеушілердің пәтуаларының қазақтың нанымына, сөз өнеріне, атау сөздердің ұғымына ашық қарсылық болып; «хақиқаттың нұрын жүрегіне алған, еліміз түгел әулиеге айналған, құдай патшалығындағы  елміз» деген ұғымды меңзейді. Атау сөз ұғымдарының ойына жүгінсек; Сауаттылық – тектілік, ұғымдылық болып адамзатқа тән қасиет болады.

Зайырлық – ішкі жаратылыстық құпия сыры, тегі болып барлық жаратылыста кездесетін қуатқа жатады. Шәкәрім атамыз; «…Бәрінің нұры қосылған Мол керемет менде бар.» зайыр ұғымының адамзаттың болмысында кездесетін Алланың нұрынан, жанның ғылымдық сырын хақиқаттың шын нұры, құдайлық белгі-жар деп түсіндіреді. Олай болса, мұндай атау сөз ұғымдарын терістеп, халықтың ақылын қазыққа байлаушылар ібілістің ұрпағы деген ұғымға да лайық болады.

Толық оқу…

XXXIII-Ойға түрткі, ақылға дем. Жындылық пен ынсаптылық және адамдық ұждан, ар текті меңгеру

«Ақ жолында өледі бірталай жан. Ыразы қылам дейтұғұн құдайы жоқ, Өлген соң тірілмеймін деп ойлаған. Осыны терең ойлап, тексерейік, Сорлыны ер ынсабы қайда айдаған?…» (Шәкәрім әулие). Қазіргі таңдағы адалдықтың ақ жолын ұстануға, әділетті заңдар жазып, елдің тұрмысын, денсаулығын түзеп, дүние байлығын арттыруға түрлі ойлар жазып, оны орындау үшін ел билеуге таққа таласып, партия құрып күресіп жүргендер де аз емес елімізде. Ал енді; «..Ел түзелсе, өлген соң, не пайда оған? Не дін емес, не тыныш өмір емес, Артқы үшін арпалысты неге осыған?» деген әулие бабамыздың сауалына ел басшымыздың өзі жауап бере алмайтыны да хақ. Толық оқу…

Сайт материалдарын пайдалану шарты:

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото,видео,аудио жазбаларды қоса) atazholy.kz сайтындағы мақала авторының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады. Үшінші тараптың жарияланымды пайдалану құқығы тек рұқсат етілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Байланысу үшін арнайы нысанды пайдаланыңыз.