Бейнежазбалар (ВИДЕО)

Аманат кітаптары

II-Ат аттаттырып сүйек сындырмайық ағайын!

«Ілім мен білін ортасын ұстанбасаң бүлін!» деп аталарымыз «Басқа бәле тілден» деп бірінші байлық денсаулықтың ақылмен, сөз өнерін меңгерумен ділді сақтаумен байланысты екенін ескерткенін де естен шығармаңыз. Қазіргі таңдағы барлық бүліншіліктің негізі ақылдың тоқтауына ұшырауынан, білімге негізделуінен ал білімнің қарсылығы ілімнің қуатын меңгеріп ортасы ғылымын таба алмаудан пайда болып жатқан әлемдік тұрғыдағы қасіретке қазақ елі де толық жалғанып болғанымыз да сөзсіз. Бүгінгі рухани жағдайымызды ақылмен бағамдау үшін өткенгі кезеңдердегі шығармашылықтағы, сөз сөйлеу өнеріміздігі қателіктерді анықтай білумен ғана ақылдың негізделуінен өзімізді құтқара аламыз. Болмаса, заманға қарай бейімделіп, екі жүзділіктің әрекетімен өмір сүруге қалыптасып кетеміз. Толық оқу…

XV-БҮГІНГІ ӘДЕТ, САЛТЫМЫЗ, ЕРТЕҢГІ ЖАЗЫЛАТЫН ТАРИХЫМЫЗ

Қазақ ұлтының немесе әлемдегі барлық елдердің бүгінгі таңдағы ұлттық тұрғыдағы әдет-ғұрып, салт-дәстүр атты адамгершілік қағидаларының негіздері біздерге дейінгі өмір сүрген ата-бабаларымыздың дін ұстанымының, шығармашылығының жаратылысты түсіну шамасы мен құдаймен арадағы қарым-қатынастың нәтижесінен туындағаны да хақ. Әрбір заманның ұрпақтары бұрынғы дәуірдегі өмір сүрген ата-аналардың рұқының, жанның және тағдыр жазуларының бөлшегі жалғасы екенін де естен шығармаған жөн. Толық оқу…

XIV- БҮГІНГІ ӘДЕТ, САЛТЫМЫЗ, ЕРТЕҢГІ ЖАЗЫЛАТЫН ТАРИХЫМЫЗ (жалғасы 2-ші бөлім)

 

«…Сақ болыңдар, билік Оған тән. Әрі Ол есепшілердің ең жүйрігі.» (6-62) Ол Алламызды тану үшін есеп атты ғылымды меңгеру шарт. Сондықтан да; «Көктерде әрі жердегі Ол Алла, көрнеуіңді де, көместеріңді де біледі.» (6-3) Масһабшы, діншілер түсіндіргендей Ол сипатты Алламыз көкте жерде көрнеу, көмес болып біздің барлық жаратылысымызда өзімізде болады екен. «Құдайсыз қурай сынбайды» деген қазақта. Олай болса Алла тағала әлемнің ақылы, білімі, періштелігі, ақ түсті сүті, жаны болса оның ішінде Ол Аллалық сипаты, Раббы, әр нәрсенің киесі, құдайы хақтығы болуын Құран арқылы түсінуге болады. Маған құлшылық жасау деген ұғымның осыдан пайда болуын да білген жөн. Енді масһаб, араптық таныммен қазақ Алла танымын салыстырып, өткен шаққа үңіліп көрсек… Толық оқу…

XIV — БҮГІНГІ ӘДЕТ, САЛТЫМЫЗ, ЕРТЕҢГІ ЖАЗЫЛАТЫН ТАРИХЫМЫЗ. Дін және Ел.

     (1-ші бөлімі)

Қандай да болсын кеселдің, қоғамды артқа тартушы кедергінің себеп салдарын, неден пайда болғанын анықтап, тамырын кессе қайта шықпайды, зияны да аз болар. Төрт түрлі Рух-тың; Адам ата, Хау ана, Жер ана, Су ананың басын біріктіріп Алланың құлы Мұхамметтің үмметі қазақ деген шағын топқа ұрығын Рұх-ты өсірмекке, жемісін әлемге көрсетіп тарату үшін нұрдан тамшы тамызып жатса, сол тамшының сәуле болып, қазақ жерінде дәрежесі 5 еседен де артып, ғылымдылар өлшеп түсіндіруге шамасы келмей жатса, сол дәлелді Құраннан тауып, белгісін халықтар арасына көрсетіп, үгітін беруге тиісті мешіттен ризығын беріп қойған Алланың ақ үйінің өкілдері керуенді торып, жолды кесіп, ғылымға да салтқа, дәстүрлік дінге де қарсы шығып Құран аяттарын әлсіретіп жатыр. Толық оқу…

Қырғыз республикасының призеденті Алмазбек Атамбаев және жоғарғы кеңес депутаттарына Кенесары хан зияратына байланысты жолдау.

 

Құрметті президент мырза және жоғары кеңес депутаттары. Сіздердің ел бірлігін сақтау жолында, еліңіздің және ағайынды біздермен қарағанда дәстүрлі дін ұстанымын қолдайтындарыңызға біз қазақ ел3нің бұхара халқы тарапынан ризашылық білдіреміз. Және қандай да бір тарихи оқиғалардың Құдайдан жіберілген сынақ болып, оны айыптау, қудалау да түркі дәстүріне жат, өлгендердің құқығына қол сұқпауды сіздердің де берік ұстанатындарыңызға да сенімдіміз.

Тарихта талай оқиғалар болып, орыс империясының арандатуымен Кенесары хан көтерлісі жалпы түркі абыройын қорғау мақсатында болып, ол атамыздың басын кесіп, орыстарға сатқан деген таңбаның осы кезге дейін қалып, есті кісінің арына да тиюі сөзсіз. Біз осы таңбаның жалғандығын, сіздердің аталарыңыздың аруақ, ар білімін аттамай Кенесары хан атамыздың басын да шаппай, өз мұрағаттарында сақтап, 11 уәзірмен қоса арулап, жаназасын шығарып жерленгені туралы нақты дерек бар. Ол зираттың да орнын тауып көрсете аламыз.

Бірақ, біздің мемлекетіміздің ата заңымыз бойынша ел басымыздан бастап және дін масһабымыздың барлық ғұламалары болып мұндай аруақтық уахиға, көріпкелдік істерге тиым салып, сенбейтін әдетті қалыптастырғандықтан, қарапайым қазақ бұқара халқы атынан сіздің мемлекетіңіз тарапынан бұл іске қолдау сұраймыз.

Сіздердің Кененсарыхан атамыздың және уәзірлерінің біздің көрсетуіміз бойынша зиратын қазуға, басына қоса жерленген мұрағаттарды алуға, үкімет тарапынан күзетпен қамтамасыз етуді және де басқалай да жәрдем беруін сұраймыз. Бұл жағдай қырғыз халқының аталарының құдайдың үкімінен аттап кетпей, тектілігін сақтап, «орысқа беріліп,сатқындық жасады» деген таңбадан құтақаруға екі ағайынды ел арасындағы дауға нүкте қойып, туысқандық бірліктің нығаюына да себеп болары хақ.

Бірақ сауатсыз (тексіз, имансыз), фанат жастардың, кейбір халық өкілдерінің негізсіз қарсылық жасауынан, алдын ала ақпараттық түрде насихат жүргізіліп, сосын барып бұл құпияны жариялмақ ниетіміз де бар екенін, ескерсеңіздер екен.
Тыңдап қабылдағандарыңызға бұқара халық атынан рахметімізде шексіз, деп біліңіздер! (Шілде айы 2013 жыл)

XIII -БҮГІНГІ ӘДЕТ, САЛТЫМЫЗ, ЕРТЕҢГІ ЖАЗЫЛАТЫН ТАРИХЫМЫЗ

Пайғамбарымыз; «Не нәрсенің де, құлшылықтың да ортасын ұстаныңдар» деген өсиет қалдырыпты. Діннің ортасы арап еліне келген исламның бес парызға, бесінші сүреге негізделген исламның шарттары болып табылғанмен құлшылықтың ортасы шүкірлік яғни жаратушымыздың нығметіне, шапағатшы киелерін, көркем есімдерін меңгерген достарын ұлықтап рахмет айту болып табылады. Абай атамыз; «Ол Аллаға махаббат, адамзатқа махаббат қылу және хақ жолын әділетін сүю керек» деп ескертіпті. Толық оқу…

Сайт материалдарын пайдалану шарты:

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото,видео,аудио жазбаларды қоса) atazholy.kz сайтындағы мақала авторының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады. Үшінші тараптың жарияланымды пайдалану құқығы тек рұқсат етілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Байланысу үшін арнайы нысанды пайдаланыңыз.