Бейнежазбалар (ВИДЕО)

Аманат кітаптары

XIII-Иман және махаббат

                    (Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым  туралы Абай ата көзқарасы мен философиялық ойшылдығы)

Абай атамыздың философиялық ойшылдығын жүйелі түрде меңгеру үшін бұл жазбадағы талқыланған тақырыптарды, сөздерді қайтадан ой елегінен өткізіп, ақылдық қуатымызға айналдырып, көңілімізге тоқып отырғанымыз да жөн болар.  Сонымен адамзаттың иманды тауып, махаббатпен құлшылық қылуға ниетілігінің Алласын танудың сырын 38-ші қара сөзімен баяндап өтіп, осы ниеттіліктің негізінен 4 ақылды түгелдеумен байланысты болатынын және ақылдың да өсіп жетілуі жандық қуаттармен тікелей қатыстылығын  алдыңғы тарауларда баян қылдық. Толық оқу…

XII-Иман және махаббат

(Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым  туралы Абай ата көзқарасы мен философиялық ойшылдығы)

Алдыңғы бөлімде адам жанының екі сипатты жағдаймен жетілетіні, бірі жаратылыстан туа бітті қасиеттермен, сезімдік қуаттармен байланысты өсіп-өнуге, адам болып қалыптасуға ықпал етсе, екінші сипатын жандағы бізге берілген қабілет талап бойынша өсіріп өндіріп көбейте аламыз екен. Және жанның негізгі үш қуатпен байланысты сезімдік, қаракеттік ақылдың қуаттарын жетілдірумен біз осы дүниенің барлық тіршілігін меңгеріп, өсіп-өніп көбейе алғанмен, талаптылықты меңгермесек жануарлық, хайуандық болмыстан аса да алмаймыз. Біздің адамдық, адамгершілік құндылығымызды жетілдіру үшін де талапты болуды, яғни 44-ші пайғамбарлық қасиеттілікті меңгеруді жер бетін кезіп жаратылыстың барлық себеп пен себепшілеріне жалғанумен байланысты Абай атамыздың ойшылдығына жүгінсек; Сапарлы болу дейді; Толық оқу…

   XI-Иман және махаббат

          

(Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым  туралы Абай ата көзқарасы мен философиялық ойшылдығы)

Алдыңғы тарауда пайғамбарлық қасиеттің ақылдылықты меңгеріп халықты жақсылыққа иманға шақыруға байланысты молдалықтың сипаты «уағызшы-ілімділікті»  талдау жасап, енді мұның нәтижесі 44-ші пайғамбарлық қасиет болған «Сапарлас болу» яғни адамзат арқылы жер ана рухына, жаратылысқа жалғану болу керек. Бірақ біздерге ол үшін де кімді, неге жалғану ішкі дүниеміздегі ақылдық қуатымыздан, жанымыздың сипатынан да, қандай нәрсенің ақпараттардың пайда, зиянынан да хабардар болу керек екен. Сонымен әуелі 43-ші пайғамбарлық қасиеттің белгісі болған «40-өнердің иесі» болудың сырын Абай атамыздың насихатынан баяндап көрейік. Толық оқу…

X-Иман және махаббат

                   (Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым  туралы Абай ата көзқарасы мен философиялық ойшылдығы)

Сонымен пайғамбарлық қасиеттің бірі «Аян алу» яғни құдайдың хикметті белгілері, аяттарына жалғанудың Алла тағаланың «Бір» және растығының дәлелі болып, Бұл нұрды Алланың құлына берген сыйы және ол барлық жаралыстың да себебімен жалғанып тұрғанын да білген жөн. Сондықтан ақылдылық, жоғарғы дәрежедегі зеректік, сезімталдық, аңғарымпаздықты осы парасаттылық қуаттарынан нәр алып біз ақылымызды жетілдіре аламыз. Толық оқу…

  IX-Иман және махаббат

  (Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым  туралы Абай ата көзқарасы мен философиялық ойшылдығы)

    Қазіргі таңда қазақ философиялық мектебінің рухани жетілмеуінен әлемдік дәрежедегі барлық киелі  кітаптардың бұлжымас заңдылығы сандық ғылым туралы сөз қозғаудың өзі артық. Менің өз басым масһаб дін зерттеушілерінен қазақ даналығының нақылдарының да құпия сыры, ішкі ой қуаты сандық ғылыммен негізделіп құран аяттары және пайғамбар сүннеттері мен Ясауи бабамыздың сани-ақыл дәптерінен бастау алатынынан насихат айтамын деп, олардың мазақтауымен надандық пәтуаларына ғана куә болғанмын. Пайғамбарымыз;  «Ізгі адамның жақсы түсі пайғамбарлықтың қырық алтыдан бір бөлігі» (2081-өсиет) деген астарлы өсиетімен ақыл-парасаттылықтың өлшемін және сандық ғылымның да бір сырын көрсетіп кеткен екен. Толық оқу…

VIII-Иман және махаббат

                  

  (Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым  туралы Абай ата көзқарасы мен философиялық ойшылдығы)

«…Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті…» деген Абай атамыздың ойшылдығымен Ол Алланың бізге көрсеткен махаббатын ақылмен  танымақтың өзі ақылсыз, білімсіз қиын екені даусыз. Сондықтан  махаббатың мәнісінен, жан ғылымынан айырылған әлемде діннің бүлікшілдікке, азғындыққа соқтыруына себеп болып, әлем халқының махаббатын іздеп таба алмай жатқаны да сөзсіз. Қазақ елі де масһаб білімінің соңына түсумен өз дін дәстүрінен, шежіре даналығынан айырылып мұндай зұлымдықтан шет қалған да жоқпыз. Ал енді жаратушы иеміздің бізге берген махаббатын білу үшін;  «Пенделерде болатын қуат; Құдірет, Ғылым ақылдан бөлек тұрады. Ал Алла тағаладан болатын Құдірет-Ғылым және рахметі болмақ. …» Толық оқу…

Сайт материалдарын пайдалану шарты:

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото,видео,аудио жазбаларды қоса) atazholy.kz сайтындағы мақала авторының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады. Үшінші тараптың жарияланымды пайдалану құқығы тек рұқсат етілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Байланысу үшін арнайы нысанды пайдаланыңыз.