Бейнежазбалар (ВИДЕО)

Аманат кітаптары

VII-Иман және махаббат

  (Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым  туралы Абай ата көзқарасы, философиялық ойшылдығы)

…..Әрбір амалды қылсаңыз ізгілік үшін жасаңыз. Сондықтан ізгілік болсын деп мақсат қойып ниет етесіз. Ниет амалдың парызына есеп болмақ. Пайғамбарымыздың өсиеті бойынша амалдың нәтижесі ниетке байланысты деген. Сонымен ниет етіңіз; дәрет алмаққа, намаз оқымаққа, ораза тұтпаққа, бұл намаздарды ниетіңізді дәлелдеу үшін қылып, бірақ жүрекпен қабылданбайтын болса ғибадатыңыз дұрыс бола ма? Сіздің ішкі дүниеңіздің таза болуы әуелі иман болып, бұл сыртқа біліну үшін (бой жарығына айналу үшін) сыртыңызды тазалауға жасаған ғибадатыңыз иманды болған соң ғана парыз болған. (Егер сіздің ішкі тазалығыңыз дұрыс болмай иман жарығыңыз сыртқа шықпаған болса, онда бұл ғибадаттың түкке де пайдасы болмас еді) Сіздің ниеттеніп жасаған ғибадат намазыңыз ішкі дүниеңіздің иманның көлеңкесі, бейнесі болып және сол иманды нұрландырып, көрік беру үшін жасалады деп бұйырған, парыз қылған. (Олай болса құр тілмен иман келтірдім деп иманды ізгілік, игілікті  амалмен жинамай ішіңізді жарық қылмай мұндай ғибадатпен тура жолда жүрміз дегеннің өзі надандық болып табылады.) Сол үшін де ғұламалар иман екеу емес біреу, бірақ (иманды келтіру үшін жанды) ізгілікті тағат, құлшылықпен нұрландырады. Мұндай құлшылық болмаса иман күңгірттенеді. Бәлки иманның сөну де қаупі бар деген. Егер надандар мұндай ғибадаттың ізгілікті құлшылықтарын, ішкі сырын (иман жинау, үш сүюді) ескермей қылса,  құлшылығын қылып жүріп (өзінің ғана қажеті үшін намазын оқып, ораза тұтып жүріп-ақ) иманы сөнер деген. Толық оқу…

VI-Иман және махаббат

 

  (Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым  туралы Абай ата көзқарасы, философиялық ойшылдығы)

    Адамға  халінше адамгершіл болмақ-қарыз іс. Бірақ өзгелердің адамгершілігіне сүйеніп алу (пайда іздеу) дұрыс емес. Молдалар тұра тұрсын, әсіресе бұл заманың ишандарына (қожаларға) бек сақ болыңдар. Олар-бүлікшіл ғалым. Бұлардан зияннан басқа ешнәрсе шықпайды. Өздері үкім, шариғатты таза білмейді, көбі надан болады. Оған қарамай өзін-өзі дін жолын жетік білуші деп және біреулерді де түземек болып әрекет қылады. Бұл олардың сыбағасы емес, бұлардың жеткізбек болған үлгілері адам аздырушылық, дінге де зиян келтірушілер болмақ. Бұлардың сүйгені-надандар, сөйлегені-жалған, дәлелдері тасбиғы мен шалмалары, онан басқа ешнәрсе жоқ. Толық оқу…

  V-Иман және махаббат

(Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым  туралы Абай ата көзқарасы, философиялық ойшылдығы)

Сонымен шынайы ғылым әр ұлттың өзіне тән нақылдары мен онан туындайтын ғұрыппен, дәстүрмен және осы дәстүрлі дінін дәлелдеген даналарының философиялық ойшылдығынан белгілі болмақ екен. Олай болса әлемдік дәрежеде мұндай ғылымның негізі де философия іліммімен сөз тазалығын қалыптастырушы  ойшылдықпен өлшену керек. Құранның өзі философияның адамзат ойшылдығының жоғарғы межесі және логикалық білімнің де тұғыры, себебі ашық аяттар мен сыры жабық аяттардан тұрады. Енді Абай атамызды әрі қарай тыңдасақ; Дүниеде шынайы ғылым бар, олар айтылған, жазылған нақылдар деп түсіндіріледі. Бұндай нақылға жүйріктер ғалым аталады. Құдай тағала еш нәрсені себепсіз жаратпаған мұны зерделеп, зерттеп ұлы жаратушы туралы түсініктерге негізделген хадистерге, жақсы істерге құштар болып ғибраттанушыларды тыюға болмайды. Бәлкім игілік ісінің себебін білмекке құмарлықтан жақсы іске, жақсылық жасауға ғашықтықтық шығады. Құдай тағаланың затына пендесінің ақылы жетпесе де дәл сондай ғашықпын демектің өзі орынсыз. Толық оқу…

 IV-Иман және махаббат

                

(Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым  туралы Абай ата көзқарасы, философиялық ойшылдығы)

    Сонымен жоғарыдағы насихат бойынша құдай тағала; Ғылымды; Рахымды, Әділетті, Құдіретті еді. Ал адам баласы; Ғылым, Рахым, Әділетпен 3 сипатпен игілікті меңгеріп, ізгілікті іс қылуға талап қылсаң, онда  мұсылман болдың. Және толық адамгершілік, адамдық болмысыңның да бар болғаны. Енді осындай игіліктің 3 сипаттарымен бірге жүретін; Шындық, шыншылдық; Ақ пейілділік, жомарттық; Ақылдылық деген үш қасиетпен шын әділет болып жомарттықтың шапағаты пайда болар. Ал ақыл, ақылдылық бұл ғылымның бар екеніне дәлел дүр. (Олай болса; әділеттіліктің де сипаты 3 қасиеттен туындап сонда ғана жүректің жомарттығы деген сырдың пайда болатын, ал ақылдың өзі 6 сандық белгімен ғылымның да қағба кірпіші болып алты қабырғасы болуы да сөзсіз). Бұлар әр адамның бойында Алла тағаладан тағдырынан шамасына қарай бар қылып жаратылған. Бірақ оны таратып, гүлдендіріп өсірмек, әр адам баласы өз әлінше кәмелетке жеткізбек мақсаты, талап та болу керек. (Періштелерден де жоғары тұрған Адамдық болмыстың адамзаттың бойындағы құдайлық сипаттың белгісі де, жеке діні де осыдан пайда болмақ.)  Бұлар адам баласы таза ниетті іздегенде  берілетін нәрселер, болмаса жоқ. Толық оқу…

III-Иман және махаббат

            Алла тағаланың ұлық сипаттарын біз қасиет қылып меңгеріп жалғану арқылы шектеулі де шектеусізге қарай жылдан жылға,  ғасырдан ғасырға қарай үнемі даму үстінде адамдық тұрғыда жетіліп келеміз. Абай атамызды әрі қарай тыңдасақ«… Осыған қарай біз әлемді қандай хикметпен жаратып, қандай құдіретпен сипаттарын бір-бірінен артық, кем, нашар өлшемді қылмай жаратқанына ақылымыз жете алмайды..» Олай болса біздерге белгілі болған 99 көркем есімдерінде және сегіз сипатында біз жеке-жеке өлшем бере алмаймыз. Сондықтан да қандай жағдайда кеңістікте, заттық жағдайда да Алла тағаланың құдіретті сипаттары «Бір» жене «Бар» деп ұғыну керек; «Енді біздердің ақылымыз — үкім беруші, ал қайрат, қуатымыз-қызмет қылушы болмақ. Толық оқу…

II-Иман және махаббат

Абай атамыздың 38-ші қара сөзі біздер үшін теориялық философия тұрғысында баяндалғандықтан, мұның логикалық білім және ақыл тұрғысында пайымдаулары жалпы ислам әлеміндегі сопылардың, әулиелердің еңбегінде кездескенмен, бүгінгі масһаб және діншілер қауымымен, дін ғалымдарымен ақыл, білім тұрғысында құпталмайды. Себебі бұл ұғымдар құранда жоқ және арап тілінде сөз байлығында да кездеспейді деп түсіндіреді. Бұл логикалық сезімдік, қаракеттік ақыл тұрғысында тез қабылданып, құдықта отырған құрбақа әлемді қалай тар екенін құдықтың шеңберімен анықтаса, біздің білімді қауымдардың да осындай исламдық ұжымдық ақылға негізделіп, ел билеушілері де осындай топтың өкілдері болғандықтан кез келген қазақ баласы бұл философиялық құндылықтарды ақылмен, жүрегімен қабылдай алмайды.   Толық оқу…

Сайт материалдарын пайдалану шарты:

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото,видео,аудио жазбаларды қоса) atazholy.kz сайтындағы мақала авторының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады. Үшінші тараптың жарияланымды пайдалану құқығы тек рұқсат етілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Байланысу үшін арнайы нысанды пайдаланыңыз.