Бейнежазбалар (ВИДЕО)

Аманат кітаптары

XII-Перілік жүйемен оның белгілері туралы

Қазіргі таңда ата жолында жазбаларын зерттеп, тақуалық үлгі амалдарын орындаумен рухани тұрғыда жетістікке жетіп жатқандар, жанын жарыққа шығарып жеті ата-баба тағдырына жалғанудың да үлгісі қалыптаса бастады. Бірақ құран үніне жалғанумен байланысты Ақ ұлдың кезіндегі хикметті жағдаймен тылсымнан ақ батаның елге шындықпен оқылуы ғана әлі дұрыс жолға қойылған жоқ. Оған себеп, сол кездегі мұндай Алланың мұғжиза, хикметі, ғылымы мен кереметінің бірге жүру ерекшелігіне қарсылықтың да сол дәрежеде жетіліп, ғылымсыз жындармен байланысты кереметтерге жалғануға негізделген жалған мөр ашу, жалған батамен және жындар тобына жалғанып көріпкелдік кереметтердің де пайда болуымен байланысты екені сөзсіз. Толық оқу…

II. Ел басшысының; «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» жолдауына… (Жетеліктен хабары барларға ғана құлақағыс)

  «Қоғамдық сана жаңғырудың негізгі қағи­да­ларын қалыптастыруды ғана емес, сонымен бірге біздің заман сынағына лайықты төтеп беруімізге қажетті нақты жобаларды жүзеге асыруымызды да талап етеді. Осыған байланысты, мен алдағы жылдарда мықтап қолға алу қажет болатын бірнеше жобаны ұсынамын…»(Н.Н) Ел басымыздың елдің шаруашылығын қалыптастыруда өзінің жасаған жобаларын қайта бұзып салуда және қандайда бір қысылтаяң кезеңдерден топтасып қарсы болған әрекеттерден де ортасын тауып шыға білгенін де сөзсіз мойындау да керек.

Саясатта бұл тапқырлық болып, білімде қисынды болса ал рухани тұрғыда бағалағанда екі жүзділік саясат болып, оның ықпалы рухани өрістеуімізді сонша жылға шегеріп тастағаны да хақ. Мұны енді қазіргі болашаққа біліммен бағдар жасап жүрген ұлттың көшбасшылары аңғарудан қалғанымен, болашақ ұрпақтардың сынап айыптаулары да хақиқат. Сонымен ел басымыздың қандайда бір жобасы біліммен қарағанда өте қисынды, мұнан артық енді халыққа не керек деп түсінуге болады. Тарихыңды түзе, дәстүріңді меңгер, ұлттық құндылығыңды сақта, өзге елдерден білімнен қалыспа, барлық білімнің жетістігін меңгер, сол үшін де ұлттық сана кодын яғни ділдің білімін менің нұсқағанымдай бағыт-бағдармен біліммен қисынды жоспарлаңдар дейді.

Толық оқу…

Сайт материалдарын пайдалану шарты:

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото,видео,аудио жазбаларды қоса) atazholy.kz сайтындағы мақала авторының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады. Үшінші тараптың жарияланымды пайдалану құқығы тек рұқсат етілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Байланысу үшін арнайы нысанды пайдаланыңыз.