Бейнежазбалар (ВИДЕО)

Аманат кітаптары

VII-БҮГІНГІ ӘДЕТ, САЛТЫМЫЗ, ЕРТЕҢГІ ЖАЗЫЛАТЫН ТАРИХЫМЫЗ

      Діндар болса да құдайсыздар деп кімдерді атаймыз?

 

Дененің «шамы» көз. Көзің кіршіксіз таза болғанда өмірің нұрға кенеледі. Ал егер аш көз болсаң, өміріңді қараңғылық басады. Сондықтан өміріңде нұр орнына қараңғылық болмасын байқа! Егерде бүкіл өмірің нұрға кенеліп, қараңғы жерің қалмаса, онда ол шамның саған сәулесін төккені секілді түгелдей жарық болады.» (Ізгі хабар 11-тарау. 34-36) Ғиса пайғамбарымыздың ескертуі бойынша ақыл жарығының шамын (шырағын) өшіретін және діншінің ең бір осал жері аш көздік. Қазақ елінде болып жатқан дін аралық сынақтардың бір себебі осы жоғары лауазымдағы діни сауаттылардың және кейбір әкім қара, ояздардың ақылдарының саяздығы мен аш көздігінен, тіптен Алла жолында мал жұмсау түгіл өздігімен халықты тазартуға ниеттенген емші т.б. сауап іздеген пенденің бәрін қудалауда. Толық оқу…

I-Жалған пайғамбарлық және дін философиясы.

Қазіргі таңда дін туралы насихат айтудың қажеті шамалы. Қандайда бір мектептен білімі бар және арапша хат таныса болды, құранның мың жыл бұрынғы берілген тәпсірлерді, хадистерді меңгерген «намазхан» аталған жастар, қыздарымыз да сіздің үлкендігіңіз, біліміңіз, қоғамдағы орныңызға да қарамай ақылын айтып, қателігіңізді бетіңізге басып айыптай салу күнделікті қоғамымыздығы қалыптасқан да етіміз үйренген жағдайға айналды.

Сондықтан қандай да бір философ, жазушы, билік өкілі де, бұхара халықтың да бұл салада жастармен, дін имамдарымен дауға, сұхбатқа кіруге зауқы да, мүмкіндігі де жоқ. Себебі өзіңнің балаңнан кіші ұл мен қыздан; « діни білімсіз, дінсіз, серік қосушысың»,- деген айыптауларды кімнің естігі бар. Енді негізгі бұл салада да мұндай айыптауға соқтыратын қандай да бір түс көру арқылы адам баласының ақылы толған естілігіне, қоғамда алатын орнына, рухани жетілуіне, тағдырмен жазылған қабілет, қасиеттілігіне қарай берілетін Құдай ісі болып табылатын көріпкелдік, болжампаздық аяндарды яғни тылсымнан бейнелерге, уақиғаға айналған тағдыр ісін көрдім десеңіз басыңыз бәлеге қалып; «Жалған пайғамбар, өзін пайғамбар атаушы» болып шыға келесіз және бұл қазақта ғана емес жалпы ақпараттық қоғамда да қабылданбайды.

Толық оқу…

II-Сенім мен иман және дәстүр философиясы

Абай атамыз иманның ғибадат-намазы, яғни бұрынғы өткен пайғамбарлардан, даналардан өнеге ала отыра қалыптасатынын және екі шарттан тұрып үш түрлі сипаты болатын 5 түрлі құлшылықтық сипатын белгілеп кетіпті; «…әйтеуір жақсылыққа қылған ниеттің жамандығы жоқ қой дейміз. Бірақ ондай адамдар толымды ғибадатқа (намазға) ғылымы жетпесе де қылса екен дейміз..» (12-сөз) Имандылық ниеттен басталып, негізінен ғылыммен ғана имандылық намазы толымды болатынын ескертіпті. «..Бірақ оның екі шарты бар, соны білсе екен. Әуелі-иманның сенімін (сенім қуатын, күшін) бекітіп орнықтыру керек. Екінші; үйреніп жеткенше осы да болады ғой демей, үйрене беру керек. Кімде-кім үйреніп жетпей жатып, үйренгенін қойса, оны құдай ұрды, ғибадаты (орындаған намазы) ғибадат болмайды. Ал, кімде-кім иманның неше нәрседен бірленіп толығатынын білмей, қанша жерден бұзылатынын білмей, басына шалма орап, пірәдәр атын көтеріп, оразашыл, намазшыл болып жүргені-көңілге қалың бермей тұрып, жыртысын салғанға ұқсайды. Күзетшісіз, ескерусіз иман тұрмайды, ықыласымен өзін-өзі аңдып, шын діни шыншылдап жаны ашып тұрмаса, салғырттықтың иманы бар деуге болмайды.» (12-ші сөз) Абай атамыз бүгінгі дін масһабшыларының, ғалымдардың иман мен сенімді бір атап, сенім қуатын қалыптастыратын бес парызбен иман келтірдім деген пәтуаларын жалғанға шығарады.

Толық оқу…

III- Сенім мен иман және наным дәстүр философиясы

Иман қуатының жартысы діл біліміне ал қалған жартысы тіл біліміне тікелей қатыстылығын пайғамбарымыз; «Білім екі түрлі болады, біріншісі адамның ділінде (қанында) болып келеді де, ол адамға пайдалы болып есептеледі. Екінші білім ол адамның тілінде болады. Ол Алла тағаланың адам баласына жіберген куәлігі болып есептеледі.» (568-өсиет) деп ескерткен екен. Сонымен иман екі түрлі білімге тәуелді болып жоғарыдағы тақырыпта тағдырмен байланысты иман- ана қанымен келетін, нағашы тегіне байланған иман қуатына байланысты болмақ. Ал иман қуатының екінші сапасы; сана қуаты болып, ал сана қуаты некемен, жұбайлық өмірде әйел қанынан, бой өрісінен, яғни екі аяқ пен жер арасы, жыныс ағзасымен жалғанып тұратын әйелдік киіз қазыққа да тәуелді жетіледі. Сондықтан аталарымыз; «Жақсы әйел жаман еркектің басын төрге шығарады, жаман әйел жақсы еркектің басын есікке сүйрейді» деген астарлы сөз қалдырған. Әйелдері арлы, қыздары ұятты, тәрбиелі елдің тағдырлық иманы да қалыпты болып, халық аза қоймайтыны да осындай діл білімінің әсерінен болмақ. Еврей халқының текті әйелдерімен байланыстыратыны да осындай тәураттық білімнен қалған белгі еді.

Толық оқу…

IV-Наным дәстүрі және ар білімінің философиясы.

Қандайда бір діннің және мемлекеттің ел басқару саясаты болсын, халықтың соңына ерткен топтардың өздерінің бағытын қолдау үшін қалайда өздеріне деген нанымын қалыптастыру шарт. Егер соңдарына ерген халықтың нанымы болмаса, онда дінінің де қандайда бір саясаттың да өз мақсаттарына және жеңіске жетуі де мүмкін емес. Сонымен жоғарыдағы тақырыпта; Наным; Ақ;- Ой; Асылық; болып естілікпен, адамгершілік парасатпен, жан негізімен, таза ақылмен, естілікпен бейнесін берсе; Қара-Сезім; Асықтық; Сенімсіздік; Тілсіздік; Үнсіздік болып екі аралық қара күштерге және жынға, шайтандық қылықтарға айналған сипаттармен аралас ақыл болып бейнеленеді. Бірінші түрі пайғамбарлық, елшілік қасиеттерді меңгеруші даналарға, әулие-әмибилерге және бұл топқа табынып, тақуалықтарын жетілдіруші зиялы қауым, шығармашылық өкілдеріне тән болып табылады. Ал нанымның екінші сипатымен әулиелікті, абыздықты, парасаттылықты меңгерген аз ғана топтардан басқа, бүкіл әлем халқы түгелдей ауырады десе де болады. Сезім негізінен әйел халқына, қазіргі жұлдыз аталған шығармашылық өкілдеріне, ақындарға да, суретшілерге, жазушыларға да тән. Ал, асықтықты көбіне ер мен әйел арасындағы жалпы адамзат ғашықтықпен бейнеленгенмен, қазіргі таңда бұл асықтықтың дүние қызығына, ләззаттануға байланысты шайтандық қылықтардың түрлі сипаттары пайда болып, әлем халқы бұндай дертпен түгел ауырады десек жалған емес. Енді еркек пен еркек, әйел мен әйел арасындағы азғындық асықтық та қазақ еліне де келіп жеткені де сөзсіз. Аталарымыздың; «Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар» деген нақылы осы жағдайды, халықтың нанымының азғындауын ескерткен. Ал тілсіздік пен үнсіздік нанымы енді діншілердің ұстанымына айналып; «Құдай адам баласымен тілдеспейді, белгісін де көрсетпейді» деген нанымды тықпалап, Раббысымен кездесу хикметін мүлде жалғанға алып, керісінше оның орнына өздерінің түрлі шайтандық амалдарын тықпалап, осындай жағдайда түрлі діни секталардың да, азғындық білімді қолдаушы масһабтардың халықты қырғынға, азап, апаттарға апарып жатқанына ақылы толық адам баласына дәлелдер келтірудің де қажеті шамалы. Міне осы нанымды белгілі бір жобаға, ұлттық наным ерекшелігін сақтап әр үммет өз ара нанымдарын жетілдіру барсында Раббына кездесуге жарысу үшін; «Сендерді ұлттарға, руларға бөліп, араларыңнан елшілер түсіріп, жол-жоба көрсеттім, сонымен өзара жақсылыққа жарысыңдар» деп аятымен ескерткен. Және негізгі төрт кітап түсіріп, осы кітаптар білімімен 3 түрлі сенім негізін, жаратылыс, қозғалыс себептермен байланысының білімдерін көрсетіп, 4-ші кітап құран арқылы осы үш кітаптың бірлігінің құлшылық сәжде амалы арқылы жетілдіру тәсілін Мұхаммед пайғамбарымыздың үлгілерімен толықтаған. Сондықтан ислам діні барлық 3 түрлі себептік Раббысымен байланысты меңгерудің, тілсіздік, үнсіздіктен сезімді тазартудың, рухани ақталудың, яғни ақты меңгерудің, нанымның асылыққа жету, көркем мінездің сипатын меңгеру намаздарын толық көрсеткен.

Толық оқу…

Сайт материалдарын пайдалану шарты:

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото,видео,аудио жазбаларды қоса) atazholy.kz сайтындағы мақала авторының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады. Үшінші тараптың жарияланымды пайдалану құқығы тек рұқсат етілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Байланысу үшін арнайы нысанды пайдаланыңыз.