Бейнежазбалар (ВИДЕО)

Аманат кітаптары

V-Жын мен жындылық, шайтандық және ар білімінің сипаттары мен философиясы

Әрбір баяндауға, насихаттауға тиісті жаратылыс себебінің негізгі жаратылу сипатын білмейтін болсақ, онда қандай да бір философиялық сөз даналығында ойдың тазалығы да болмай, адасушылықты және теріс пайымдауды туындатады. Адамзат әлеміндегі дінге бөліну ғылым мен адамзат өмірін діннен бөлек деп танудан бастап, барлық зұлымдықтар мен адамзат тарихындағы тарихи оқиғалар, бүліншіліктер мен апаттардың негізгі себебі де жаратылыс туралы, өзіміздің рухани болмысымызды, жан сырын, философиялық ойымыздың, тылсым құпиясын жете меңгере алмаудан, яғни адамзаттың шығу, пайда болу тегінің білімін меңгере алмаудан ғана туындайды. Жаратушымыздың Адам атамызды жердің негізі, су ішіндегі топыр-көп үн, жанның негізі сансыз ақтан яғни жаннаттық жағдайдағы көмес биологиялық, физикалық өрістік сипаттағы материалдық емес топырақтан жаратып, оған рухын яғни таза ақылды бергені мәлім жағдай. Сонымен бірге жаратылыс нәрселерінің қасиетінің белгісі болған сөз атауларын яғни ілімді үйретіп және оның барлық ішкі сырына жаратылыс қозғалыстық қабілетіне қарай ат беріп, жаратылыс нәрселерінің қасиетін, білімін алғашқы меңгерген де Адам атамыз болды. Сонымен Адам болу дегеніміз бүтіндікке айналу үшін таза ақылды, естілікті және білімді меңгеріп, періштелік тегімізді тауып, ілімді, әрі білімді жан — Адам болу керек.

Толық оқу…

VI-Жын мен жындылық, шайтандық және ар білімінің сипаттары мен философиясы

«Бізше, адам өмірін түзеуге, барлық адамдар тату тұруға негізгісі — адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақыл болуға керек. Дүниеде бұл үшеуі үстем болмай, адам баласына тыныштық өмір сүруге мүмкіндік жоқ.» (Шәкәрім әулие)

Адал еңбек ете білу үшін ақ жүрек болу керек. Ал ақ жүрек болу үшін қан тазалығын, тектілікті сақтайтын тарихи сынақтардан өткен ғасырлар бойы жинаған ұлтымыздың рухани қазынасын, біздерге қалдырған мұраны, аталар аманатын, арлы ақылды меңгеру үшін де білім керек екен. Сонымен біздің біліміміз қандай, өзіміздің рухани болмысымызды тани алдық па? Келіңіз бірге әлде де өзіміздің жаратылыс сырымызға терең үңіліп көрейік.

Толық оқу…

VII- Жындылық, шайтандық және адамдық болмыстың сипаттары мен философиясы

Сонымен, алдыңғы тақырыпта ескертілгендей әйелдік гормон мен еркектік гормондардың негізгі жиынтығы 57 санымен белгілі болып, аталарымыз; «Қызға қырық үйден тиым» деген нақыл қалдырғаны белгілі. Әйелдер тәнінде, ағзасында осы гормондардың 40 көздік орны болып және 9 түрлі бездердің яғни құлақтардың бар екенін де білгеніңіз жөн. Бұл бездердің де жалпы саны 57-ге тең болады. 57-40= 17 санды гормондық үнді 7-еуін жерден, 10-санды белгіні ерден, некемен алуға тиісті.

Енді осы тоғыз түрлі ошақтарға енетін 9 түрлі қуаттар тіршілік ету барысында түрлі таза қуаттық азықтармен тәрбиелей білсек онда: 40+9=49 санды ақ жаулықтық қуат, діл білімі, иман қуаты пайда болу керек. «Екінші байлық ақ жаулық» дегеніміз де әйел затының діл біліміне байланысты қалыптасатыны да сөзсіз. Қыз баланың бой жетіп толысып кемелденуі де осы 49 санды имандық қуатпен, 40 үйінің тазалығы мен 9 түрлі көз, бездердің тазалығына байланысты әрі қарай отау құрып, шайтандық қуатын, қанын тазартып, жалпы ер азаматтарға тән 72 санды жын қуатын толық меңгеріп «КЕМ+ПІР» болу үшін де жұбайлық өмір парыздарын өтеумен 23 санды мүміндік қасиетті меңгеру шарт. Бұл үшін әйел заты мен ер азаматтарымен кәсіптік айырмашылығы болып, өмірге ұрпақ әкелу, еріне адал жар болу арқылы қалыптасатыны да сөзсіз. Негізінен екі жарты бір бүтіндік яғни 57+57=114 санды құран сүресінің барлық негізі ер мен әйелдің жұбайлық өмірінде кітап болып қалыптасады. Енді ер мен әйелге ортақ 200 санды орынды толтыру үшін де 86 мәнді сыртқы жаратылыстан болатын әсерлерді меңгеру керек.

Толық оқу…

VIII- Жын қуаттары мен адам болмысының рухани дәрежесінің философиялық түсініктері

Жоғарыдағы алғашқы бөлімдерде баяндалғандай Хау анамызға алғашқы болып үндік қатынасқа түскен жылан негізінен ібіліс періштесінің Адам атамыз бен Хау ана денесіне рухани қызмет, сәжде жасауға қарсы болғаннан кейін қуылған аласталған кезде өрістік түрде бейнеленген жыланға айналған еді. Ал ібілістің жаратылысы оттың негізі – жын болса, оттың жалынынан ағашқа айналып, яғни шырша тектес қарағай ағашы болып, жақсылық пен жамандықтың арасын ажыратып тұрушы, сол сияқты от пен судың арасын да бөліп өзара қатынасын қалыптастырушы негізгі тек болып саналады. Сондықтан да аятта; «Сендерге жаннаттағы қарғалған ағашты сынақ қылдым, онымен Алла сендерді баураған.» деген аятпен адамзаттың ар сауыты тазарған, жарыққа айналған оттың өнімі, жалыны, яғни барлық қуаттардың жинақтаушысы, ақпараттарды тасымалдаушысы жын қуатынан тұратынын ескертеді.

Толық оқу…

IX- Жын қуаттары мен адам болмысының рухани дәрежесінің, жындылықтарының философиялық түсініктері

Сонымен адамзаттың көместік жағдайдағы бейнесі екі жиіліктегі жаннан және рухтан тұрып, бұл рухани болмыстың заттық сипатында тән, ал рухани сипатын «дене»,- деп атаған дұрыс. Жан ақпен – жарықпен байланысты болса, ал рухани өріс жер бетіндегі барлық жаратылыс нәрселерімен байланысты болмақ. Ал адамзаттың негізгі болмысы «АДАМДЫҚ» болса, кеңістіктегі тұрақты орынмен және адамдық, денелік сипаты ағаштың жарыққа айналған зейнетінен және оны қоршап тұрған өрістік сипаттағы жеті түрлі бақшадан, ақыл сөз өнімінен құралып, шайтан да, жын да және екі түрлі еркектік, әйелдік адамдық бүкіл періштелік болмыс та осы орыннан, бақшадан өз орындарын алып, біртұтас бүкіл жаратылыс періштелерінің қасиеттік сипаты адам денесімен және көңілге байланған армен бейнеленбек.

Ал енді 4-ші негіз; адамзаттың құдайдан берілген нұр сипаты – жандық болмысы да топырақтан, яғни ақтың негізінен басталып, қанмен сия болып жазылып және қалам ағашы да осы дененің ішкі рухани ағзасы «Мен» болып бейнеленеді. Адам атамыз бен Хау анамыз бастапқы жаратылғанда материалдық емес жұмсақтық жағдайда, ақ негізді шаңнан, тозаңнан рухани көмес ерекше нұр жаратылыс егесі болып, мұндай күрделі періштелік адамдық болмыстық денені сыртқы әсерлерден қорғап, шектеп тұру үшін ақтан, ақылдан, сөздің буынан перде ерекше киімі болғаны да мәлім жағдай.

Толық оқу…

X- Жын-шайтан қуаттары мен адам болмысының рухани дәрежесінің тек және мандарының философиялық түсініктері

Алдыңғы 8-,9-шы тарауларда адамзаттың тегі жын және шайтан қуаттарының адам болмысынан біртұтас қуатқа – мінезге, қылыққа және өнер-білімді меңгеруге қызметке тұратынын да ескерттік. Жалпы ислам және басқа діндер философтары мен теолог ғалымдары; «жындарды адамнан бұрын жаратты, олар жер бетінде хайуандар, түрлі жаратылыс егелері болып өмір сүрді» деп түсіндіреді. Ал шындығында барлық періштелер адамзаттың қанына айналу арқылы ғана біртұтас қанатты періштелік сапаға айналуы тиісті болғаны алдын—ала белгілі болып, сондықтан періштелердің: «Бізді қан қылып төгетін топырақтан адам жаратасың ба?» деп қарсы болғаны құранда баяндалады. Сонымен жаннатта бүкіл жаратылыс періштелері Адам және Хау анамыздың қанына да, рухани болмысына да қосылып араласып үлгірді. Тек жын және шайтан, яғни ібілістік от негізінен жаратылған сипаттары ғана адамдық болмыстан тыс жаратылыс сипатында болған еді.

Онда да жын ағаш түрінде болса, ал шайтан адамдық ағзадан қуылған, аласталған шайтан-жылан кейпінде болғаны да хақ. Олай болса жыланның, яғни шайтанның негізі де жын ағашынан пайда болғанын, сондықтан да Мұса пайғамбарымыздың аса таяғының жыланға айналып сиқыршылардың түрлі заттарын жалмап жұту хикметі де осы жағдайды растап тұр. Және медицина, дәрігерлік ғылымдағы таңба тостағанға оралған жылан да осы жаратылыс негізін, теологиясын анықтап тұр.

Толық оқу…

Сайт материалдарын пайдалану шарты:

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото,видео,аудио жазбаларды қоса) atazholy.kz сайтындағы мақала авторының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады. Үшінші тараптың жарияланымды пайдалану құқығы тек рұқсат етілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Байланысу үшін арнайы нысанды пайдаланыңыз.