Қиямет мезгілі және лағнетке қалушылар!

Қазіргі таңдағы 2018 жыл қияметтік сағаттың 7-жылы болып, ең шешуші жылға аяқ басқан болмақ. Осы жылға дейін қаралық күштердің үстемдігі болып, біздер арқылы әулие-әмбилердің көрсетіп, оқылуымен берілген, түсірілген Құдайдың (Раббымыздың) барлық белгілерін ел билеуші, дінші, білімді қауымдықтар мазаққа алып келгені жасырын емес. Толық оқу…

II-Қиямет мезгілі, ел билік, халықтың дінсіздігіне жауаптар

Қияметтік мезгілдің хақиқаттың көрінісін шілде айында қар жауып, Алла тағаланың ірі белгісі түскенімен,  білім тұрғысында бұл бір табиғаттың тосын мінезі деп бей-жай қарай салдық. Сонымен бірге ел басымыздың қазақтың ар үнін қалайда жоғалтумен байланысты, рухани жолдаудың қателіктерін түзетуге ұсыныс беруге қарсы шығатын бірде-бір зиялы қауым өкілі болмады. Керісінше, қалайда латын таңбасына ауысып алу керек, немесе кеңселік тұрғыда, құдайдың қалауынсыз, рухани жаңғырмақ саналы болмаққа деген құлшыныстар арта түскені байқалады. Толық оқу…

Қадыр түнімен Алла дан келген үкім!

Қадір ата батасында қазақ еліне 3 түрлі сынақтың түсетінін ескертті. Демек Ел басымыздың рухани жаңғыру жолдауының Құдайға қарсылықтарымен байланысты жауаптың түсуіне жол ашқаны да хақ. Және қазақ дәстүрін халықтың өзін-өзі басқарып меңгерулеріне, арсыздықтың барлық түріне тыйым салып, екі күнін қайтарып бергенше қияметтің азабы арта бермек.

Толық оқу…

Қиямет мезгілі, ел билік, халықтың дінсіздігіне жауабтар

Осы уақытқа дейін ата жолы атынан Раббымыздың аруақтар арқылы біздерге беріп жатқан деректерін, елге келетін рухани сынақтарды хабарлау әдетімізге айналды. Бұл сынақтардың қазіргі таңда 70-пайыздан бастап шынға шығып жатқаны да хақ. Қандайда Құдайдан келген хабарлардан қорқып тәубеге келіп, жалбарыну арқыл бұл сынақтардан айналып өтуге де болады. Толық оқу…

Қиямет мезгілі, ел билік, халықтың дінсіздігіне жауабтар

Құдайдан беріліп жатқан қандайда бір хабарларды ақыл елегінен өткізіп халыққа таныстырып отыру дін тақуалығының негізгі шарты болмақ. Сонымен ел билеушілердің ата жолын, ата дәстүріне жақындамақ түгіл керісінше халықтың арасына күдік, қорқыныш сенімсіздікпен тек қана ел биліктің шығарған заңдарына мойынсұнуды күштеп тықпалаумен ғана айналысып, әлемдік түнек күштерін айдан айға арттырып жатқандары да хақ. Қаңтар айында дін бүлікшілермен күресу мақсатында бүкіл мемлекет тұрғындарының қозғалысын бақылап, рәсімдеп отыруға заң күшіне енді. Толық оқу…

Қияметтің сыны ел биліктің алжасуы

Әлемдегі болып жатқан барлық рухани сынақтардың қазақ елінен де ашық бейнеленуі және онымен күресу жолдары мен заңдарының ұқсастығынан қазақ елінің де әлемдік барлық оқиғалардан шет қалмауына да белгі болады. Бірақ әлемдік дағдарыстың кілтін табуды жаратушы иеміз қазақтың еліне беріп, ібілістің де ең жоғарғы көмекшілері, яғни ібіліске айналған білімді, ілімді ел басқарушылары да қазақ елінен көрініс беруі де қияметтік сынның заңдылығы. Толық оқу…

Қияметтің таразысы Астана қаласынан басталды

Қазақ еліне келген қияметтің сағатына байланысты Раббымыздан түсіріліп жатқан ескерту белгілері мен онан шығу жолдарын ата жолы жазбаларында он жылдан астам уақыттан бері баяндап келеміз. Және әрбір алты ай сайын алдына-ала қазақ еліндегі болатын апаттар мен азаптарды да аруақтардың ескертуімен жариялап, соңғы кезеңдерде бұл белгілердің шындықтан шынға айналып жатқанына ақыл есі бүтін ел тұрғындарының көзі жетіп келеді десек жалғандық емес. Толық оқу…

Қиямет мезгілі пайғамбарлық, елшілік қасиеттердің бейнеленуі

«Мен бір сөзге көптеген сөздердің ұғымдарын сыйғызу үшін жіберілдім» деген Мұхаммед пайғамбарымыз. Құран аяттарының сөз ұғымдары мен арап елінің діл білімінің айырмашылығы да көп. Сондықтан арапттардың өзі құранды толық түсініп кітабына, таза ақыл ойнына жалғанулары да мүмкін емес. Себебі құран әлемнің барлық сөз атауларының жинағы және әлемдік ділдің ақ бұлағы болып табылады. Әрбір ұлттың өз тілдеріне аударылуы арқылы ғана құраннан алатын кітабы ой қуаттары болуымен маңызды. Толық оқу…